Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет31/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   143
Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы.Мектепке дейінгі тәрбиенің маңызы. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбие жүйесі әр елде алуан түрлі даму деңгейінде болып отыр. Оның басты себептері: мектепке дейінгі тәрбиеге мемлекет пен қоғамның қатынасына, қоғамдағы әлеуметтік экономикалық жағдайларға, әр елдің салт-дәстүрі мен мәдениетіне, аймақтық ерекшеліктеріне де байланысты болмақ. Педагогика көп жағдайда сол елдегі қолданыстағы заңнамаға немесе жетекші идеологияға тәуелді дамиды. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің алғашқы сатысы болғандықтан, отбасымен ынтымақтаса отырып, балаларға тәрбие беру ісін жүзеге асырады. Отбасының балаларды тәрбиелеудегі ықпалы балаларға қоғамдықтәрбие берумен барған сайын тығыз тығыз ұштастырылатын болуы тиіс, - деп айтылып, отбасы мен қоғамдық тәрбие бірлігінің бүгінгі таңда, практикалық міндетке айналып отырғанын көрсетеді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға қоғамдық тәрбие беру ісінің өзіндік тарихы бар. Қоғамдық тәрбие жайлы идеяны алғаш көтеріп жетілген адамзат қоғамын құрудың жолын ізденушілер утопит-социалистер: Томас Мор, Томмазо Кампонелла, А. Сен-Симон, Шарль Фурье, Роберт Оуэн еді. Роберт Оуэн адам бойындағы теріс қылықтар мен жаман мінез-құлықтар әлеуметтік құрылыстың кемшіліктерінен туады, оны туғызатын жеке меншікке негізделген қоғамдық құрылыс екенін дәлелдеген.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу жүйесі баланың туғаннан бастап оның дамуы мен тәрбие теориясын терең зерттеп қарастыруды қажет етеді. Сәбилік кезеңнен балалардың дамуы мен тәрбиесін зерттеуге үлкен үлес қосқан ғалымдар: Н.М. Щелованова, Н.М. Аксарина, балабақшада оқытудың мәселелерін, А.П. Усова, Е.А. Флерина, Е.И. Радина, А.Г. Нечаева, Р.И. Жуковская, Н.П. Сакулина, Н.А. Ветлугина, т.б. жүргізген зерттеулердің орны ерекше болды. Психологиялық түрғыдан зерттеген: Б.Г.Ананьев, Л.И. Божович, П.Я. Гольперин, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, Д.Б. Эльконин сияқты ірі психолог-ғалымдар сүбелі еңбек етті. Мектепке дейінгі педагогика әр түрлі реакциялық идеялардың әсерін жеңе отырып, шетел педагогикасының озық ойларын, орыс, қазақ педагогикасының, педагогтарының, ойшылдарының аса бағалы пікірлерін пайдалана отырып жетілді. Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі бастамасы ХҮІІ ғасырда қалыптасты. Бұл кезде славян педагогы Я.А. Коменский (1592-1670ж.ж.) мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Француз жазушысы, педагог, философ, аса көрнекті ағартушылардың бірі Ж.Ж. Руссо (1712-1778ж.ж.)тәрбиенің өзіндік тәрбиесын жасады. Швейцарияның ұлы демократ-педагогі И.Г. Песталоцции (1746-1827ж.ж.)адамды адам ететін тәрбие деген пікірге сенген, баланың табиғи дамуына ерекше мән берген. Ағылшын қоғам қайраткері, социал-утопист Роберт Оуэн (1771-1858ж.ж.)қоғамдық тәрбиені дәлелдеп, алғаш іс-жүзіне асырған, мектепке дейінгі мекеме құрған. Неміс педагогы Фридрих Фребель (1782-1852ж.ж.) мектепке дейінгі педагогиканың жеке ғылым саласы ретінде бөлініп шығуына үлес қосқан. 1837ж. мектепке дейінгі мекеме ашып, оны алғаш “балабақша”, тәрбиешіні “бағбан” деп атаған.Итальян педагогы, психиатр дәрігер Марьям Монтессори (1870-1952ж.ж.) жүйесі кең өріс алды. Оның ең бағалы жағы – дидактикалық материалдардың мәні мен сезім мүшелерінің дамуына ерекше ұқыптылықпен қарауға басым көңіл бөлген. Орыстың ұлы педагогі К.Д. Ушинский (1824-1870ж.ж.), В.Ф. Одоевский (1804-1869ж.ж.), П.Ф. Лесгафт (1837-1909ж.ж.), Л.Н. Шлегер (1863-1942ж.ж.), В.И. Тихеева (1867-1943ж.ж.), Н.К. Крупская ( 1869-1939ж.ж.), А.С. Макаренко ( 1888-1939ж.ж.),т.б.

Ресейдегі алғашқы балабақшалардың ашылуы мен тәрбие жүйесінің ерекшелігіне, педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар: А.С. Симонович, Е.Н. Водовозова, Л.Н. Шлегер, Е.А. Аркин, Е.А. Флерина, А.П. Усова, М.А. Маркова, Г.И. Лескова, т.б.

Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика ғылымының дамуы туралы айтқанда бір атап өтерлігі, 1924 жылы Орынборда тұңғыш рет ғылыми-педагогикалық жинақ «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жөніндегі нұсқау» жарыққа шықты. Мектепке дейінгі тәрбие мәселелеріне байланысты журналист Нәзипа Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» атты еңбектері мектепке дейінгі педагогиканың алтын қорына қосылды. Ағартушы-ғалымдар: А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтардың мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жөніндегі педагогикалық ой-пікірлері басшылыққа алынды. 1945 жылы мектепке дейінгі мекемелер алдындағы теориялық және тәжірибелік міндеттер анықталды. 1947 жылы республикалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, ғалымдар, балалар жазушылары, балабақша меңгерушілері, тәрбиешілер мен әдіскерлері қатысты. 1950 ж.Қазақ КСР Оқу министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты құрылып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде зор үлес қосты. Бүгінгі таңда педагог ғалымдар: А.В. Андросова, А.К. Меңжанова, Б.Б. Баймұратова, Г.Ж. Меңлібекова, Т. Иманбеков, Ф.Н. Жұмабекова, С.Н. Жиенбаева, т.б. мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі салалары бойынша зерттеу жүргізіп, тәлім-тәрбиенің мазмұнын, әдістерін талдаған. Аталған ғалымдар еңбектерін оқып зерделеу арқылы мектепке дейінгі тәрбиенің даму, қалыптасу бағыт-бағдарын айқындауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет