Дәріс
1.
Тұрмыс-салт
жырлары,
мақал-мәтелдер,
жұмбақтар,
жаңылтпаштар.
Жоспар:
Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік. Тұрмыс-салт жырлары түрлері,
ерекшеліктері және олардың халық ауыз әдебиетіне жататындығы. Жан-
жануарға, наурызға байланысты жырлар және бесік жыры, тұсау кесу жырының
бала дамуындағы тәрбиелік танымдық рөлі.
1. Қай халықты алсақ та, оның көркем әдебиеті ауыз әдебиетінен басталады.
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі - халықтың
ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-
тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші,
дүниетанудағы көзқарасы т. б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме,
мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде
тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем
шығармасы, даналық сөзі, яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бірақ ерте кезде, жазу
өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары сақталмаған.
Халық олардың шығармаларын ғана есіне сақтап және ауызша айтып, ұрпақтан
ұрпаққа жеткізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің еңбегіне,
яғни халықтың ауызша шығарған әдебиетіне айналып кеткен. Халықтың тұрмыс-
салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған шығармалар, мақал-мәтелдер, аңыз,
ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, айтыс өлеңдері т. б. қазақ ауыз
әдебиетінің негізгі түрі болып табылады. Әрине, ауыз әдебиетінің барлық түрі бір
мезгілде тумаған және олардың тууына себеп болған жағдайлар да біркелкі емес.
Мысалы, ауыз әдебиеті халық өмірімен тығыз байланыса отырып, оны жан-
жақты суреттейді, әртүрлі бейнелеу арқылы елестетеді. Оның кейбір үлгілері ескі
дәуірде, рушылдық қоғамда туған; бертін келе – қоғамдық, экономикалық
жағдайлардың, адам баласының дүние танудағы ой-өрісінің ұлғайып өсуіне қарай
ауыз әдебиеті де дамып отырған. Сондықтан ауыз әдебиеті өзінің даму жолында
талай тарихи дәуірлерді басынан кешірген, талай таптық, қоғамдық тілектер мен
көзқарастардың елегінен өткен.
Халық ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар. Соның ішінде бастылары: халық
арасында әр алуан тақырыпты қамтыған тұрмыс салт жырлары, мақал-мәтелдер,
ертегілер, аңыз-әңгімелер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, айтыс өлеңдері
т. б.
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмасы туралы В.Г. Белинскийдің
пікірін келтіруге болады:
«…Ауыз әдебиетін алатын болсақ, оның жұртқа аты белгілі авторы болмайды,
өйткені қашан да болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады. Халықтың немесе
бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын
көрсететін қарапайым, үстіртін аңғал өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны
ешкім білмейді… Ал әдебиетті алсақ ол мүлде басқаша болады: оның
шығарушысы халық емес, оның авторлары - халық рухының әр алуан жақтарын
өзінің ақыл-ойы арқылы білдіретін жеке адамдар». Демек, жазба әдебиеттің
қандай туындысын алсақ та оның авторы белгілі болады. Соған қоса оның
өмірбаяны, шығармаларының қашан, қандай тақырыпқа арналғандығы, қай кезде
баспа жүзіне жарияланғаны т. б. көпшілікке мәлім болып отырады. Ал ауыз
әдебиетінің авторлары белгісіз болады. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетінде автор
болмайды деген ұғым тумай-ды. Онда автор болған. Мәселен, «Ер Төстік», «Күн
астындағы Күнікей қыз», «Алдаркөсе», «Қобыланды батыр» т. б. сияқты ертегі,
әңгіме, жырлардың қайсысын болса да әуел баста жеке авторлар шығарған. Бірақ
ол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан ауыздан-ауызға тарап отырған.
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен тағы бір айырмашылығы – ауыз әдебиеті
шығармаларында түр-нұсқалардың көп болуында. Мысалы: «Қобыланды батыр»
жырының қазіргі таңда 28 түр-нұсқасы бар.
2. Қай халықты алсақ та оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күн-көрісі, әдет-
ғұрпы, салты болатындығын білеміз. Мұның бәрі сол халықпен бірге жасасып,
оның тарихына өзінше ілесе жүретіндігін байқаймыз. Қоғамдық өмірдің,
экономикалық жағдайлардың ілгерілеп дамуына байланысты, халықтың тұрмыс-
тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, сана-сезімі, дүниеге көзқарасы т. б. өзгеріп
отырады. Бір заманда туып, бертін келе, көп уақыт бойына қалыптасқан, белгілі
жүйеге түскен дағдыға айналған тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып, салт-сана, алғашқы
мазмұнын біртіндеп жоғалта да бастайды. Бұлардың орнына қоғамдық-таптық
тілек жағдайларына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады. Демек, қоғамдық және
экономикалық жағдайлар, олардың дамуы ертеден келе жатқан, қалыптасып
қалған тұрмыс-тіршілікке, әдет-ғұрып, салтқа өз әсерін тигізеді, жаңа мазмұнда
өзгеруіне, бұрынғы қалпын біртіндеп жоғалтуына ықпал жасайды. Бұл
айтылғандарды қазақ халқының тарихынан да кездестіруге болады. Қазақтың
ауыз әдебиетінде халықтың өткендегі тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрып, салтын
елестететін шығармалар өте көп. Бірақ олардың көпшілігі ерте заманда ауызша
туып, көпшілікке ауызша тарағандықтан, өзінің айтылу үрдісінде әртүрлі
өзгерістерге ұшырады, алғашқы түп нұсқасын таза өз күйінде сақтай алмай,
жоғалтып та алды. Сондықтан біз халықтың тұрмыс-салтына байланысты туған
шығармалардың қайсысы ерте, қайсысы кеш шыққандығын белгілей алмаймыз.
Қазақтың Қазан төңкерісіне дейінгң ауыз әдебиетінде халықтың тұрмыс-
салтына байланысты туған шығармаларының бірнеше түрлері бар. Соның ішінде
бастылары мыналар:
1.Төрт түлік мал, еңбек-кәсіп жайындағы;
2.Үйлену салтына байланысты;
3. Діни ұғымға байланысты;
4. Көңіл күйге байланысты шығармалар.
Төрт түлік мал жайындағы шығармалар. Шартты түрде болса да, осындай төрт
салаға байланысты бөлінген шығармалардан қазақ халқының ертедегі тұрмы-
салты, әдет-ғұрпы, діни ұғымдарының қандай екендігін білуімізге болады.
Өзінің тұрмыс-тіршілігінде ерекше орын алған, пайдасы тиіп, қызметі сіңген
төрт түлік мал жайында қазақ халқы ерте замандардан ақ неше түрлі әңгіме, жыр,
өлеңдер шығарған. Бұлардан мал шаруашылығымен айналысқанадамдардың төрт
түлік жайындағы көзқарасы, тілек-мүддесі көрініп отырады. Ауыз әдебиетінде
төрт түлік мал жайындағы шығармалардың кейбір үлгілері өте ерте заманда,
адамдардың жаратылыс сырын түсіне алмаған кезінің өзінде ақ туа бастаған.
Төрт түлік мал жайындағы шығармалардың алғашқы үлгілері алғашқы
осындай наным-сенімдерге байланысты туған. Онда әрбір түліктің жаратушы
құдайы бар деп сенген. Қазақта жылқының пірі – Қамбар ата, Түйенің пірі –
Ойсыл қара, Сиырдың пірі – Зеңгі баба, қойдың пірі – Шопан ата, Ешкінің пірі –
Сексек ата деп әрқайсысына жеке ат қойған. Ш.Уәлихановтың айтуанша: «Қазақ
арасына ислам діні ХІV ғасырда ене бастады» – дейді. Ал төрт түлік мал жайында
шығарылған өлең, жырлардың алғашқы нұсқалары ерте заманда, қазақ арасында
ислам діні енбей тұрып туғандығы байқалады.
Төрт түлік мал жайындағы әңгіме, жыр, өлеңдердің алғашқы үлгілері ерте
заманда туып, біртіндеп дами берді. Тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға
байланысты болғандықтан шаруа адамы мал басын қадірлеп, ардақтай түседі.
Сондықтан олар төрт түлік пірлеріне тіл қатады, арнайы тілек тілейді. «Малға
ауру, індет жіберме,одан сақтай гөр, малымызды өсімтал ет», - деп, төрт түліктің
иелеріне тіл қатады, әрқайсысына арнайы тілек етеді.
Төрт түлік мал туралы шығармаларды оқығанда, олардың жекелік
қасиеттеріне тоқталмай кету мүмкін емес. Өмірі мал бағып өскен, мал сырын
жақсы біліп өскен адам төрт түліктің қасиетін, мінез-құлқын айырған. Шаруа
адамына сиыр малы неліктен қадірлі, жылқының қызметі немесе түйенің пайдасы
қандай? Міне бұларды жоғары аталған өлеңдер айқындап береді.
Күн көрісі малға байланысты болғандықтан тәжірибесі мол қариялар айтты
қылып, жастарға мал өсіру жайын, өлең-жыр арқылы бейнелеп көрсеткен. Мал
бағу жайлы ғасырлар бойынна жинаған тәжірибесін халық «Мал баққанға бітеді»
деген даналық мақалмен қорытындылайды.
Әрине мал бағу, күту, өсіру оңай емес. Ол ерінбеген еңбекті керек етеді. Бұл
ретте ауыз әдебеиті «Төрт түліктің кеңесі», «Иесі мен сиырдың айтысы», «Ешкі
мен қойдың айтысы» секілді өлеңдер шығарған. Осы өлеңдер арқылы мал күтімін
жақсарту үшін адамдардың еңбек етуі, малға керекті азық, қора-қопсы
дайындаудың қажеттілігін ескертеді.
Наурыз туралы жырлар. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілік өмірінде, әдет
салтында елеулі орын алған және ерте кезде мерекеленіп өткізіліп келген
мерекелредің бірі – Наурыз мерекесі. Наурызды қазақтар «Ұлыстың ұлы күні» деп
атаған. Олай атау себебеі – ертеде «Ұлыс күні» жаңа жылдың бірінші күні болып
есептелген. Бұл күнді адамдар ерекше қуанышпен қарсы алған. «Ұлыстың ұлы
күні» әр үйде бас саылып, қазан көтерілген, құрт көже жасалынған. Бұл күндері
жұрт жұмыс істемей, үй қыдырып «құтты болсын» айтысқан.
Бұл күндерді қазақ зор құрметпен қарсы алу себебі, халық қыс айларында
қатты қиыншылыққа ұшыраған. Әрі қора-қопсысы, даярлаған шөбі жоқ адамдарға
сақылдаған сары аяздарда мал асырау оңай іс емес еді. Қыс бойы қысымшылық
көрген адамдар күн шығып, көктем лебін жадыраған жайлылықпен қарсы алады,
жаңа жыл басталды деп қуанысады. Бұл қуанышын күн мен түннің теңеліп, күн
ұзара бастаған мерзімде өткізеді. Содан былай бұл күн қазақтардың тұрмыс-
тіршілігінде зор мәні бар мерекеге айналып кеткен.
Ұлыс күнін қуанышпен мерекеге айналдырған халық үлкен ойын-сауық, той
жасайды. Осы тұста әркім өзінің көңіліндегі арман-мүддесін білдіреді. Бұларды
олар бір-бірімен көріскенде айтатын болады, бір-біріне жақсы тілек тілейді.
Жастар жағы бұл күндері халықтың ой-сезімін, шаттық қуанышын білдіре өлең
айтқан, ән шырқаған.Олар өздерінің ән-жырларындажаңа жылға деген тілектерін
айтумнн қатар, көңіл-күйлерін, жастық шақтың сыр-сезімін қозғаған.
Бесік жыры. Қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты ту,ан жырлардың
бірі – бесік жыры. Жас баланы бесікке салуды қазақтар қуаныш етіп тойлап
өткізген. Мұны да ойын-сауыққа айналдырған. Ондай айтылған өлеңдерден жас
баланың дені сау, ер азамат болып өсуін халықтың тілейтіндігі де көрініп тұрады.
Кейінірек бесіктегі жас баласын тербете отырып, аяулы ана көңіліндегі ой-
арманын, жақсы тілегін білдіреді. Мұны халық «бесік жыры» деп атайды.
Бесік жырында ананың балаға деген мейірімі, махаббаты беріледі.
Мәселен:
Айналайын, шырағым,
Көлге біткен құрағым,
Маңдайдағы құндызым,
Аспандағы жұдызым.
Әлди, балам, ақ балам,
Айналайын балам-ай,
Айналсын сенен анаң ай...
Бесік жырында айтылатын тілек, ақыл-өсиеттерден халықтың нені аңсап, нені
көксегендігі көрінеді. Бесік жыры «Әлди, әлди, ақ бөпем» деп басталады да,
халық жас баланың болашақта кім болып өсуін, қандай қызмет атқаруын
қалайтындығын ана сезімімен баяндайды.
... Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?... -деп, бала тәрбиелеудегі ой-
арманын көрсетеді. Халықтың ойынша жас бала өсе келе, ер жеткен соң еліне
қызмет етуі тиіс. Мал бақ, кәсіп ет, ел-жұртыңды жаудан қорға деген ойын бесікте
жатқан баласына ақыл, тілек етіп білдіреді. Осы тұрғыдан алып қарағанда «бесік
жырларының» мәні зор деп айтуға болады.
Тұсау кесу жырлары.
Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне өте ерекше мән берген. Оның айқын
дәлелі – сәби шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап есейгенге дейін орындалатын
салт-жоралғылар. Соның бірі – тұсаукесер. Тұсаукесер – табаны жерге тиіп, қаз-
қаз басқан сәбидің үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамы, тойдың басы. Сәбидің
жүргеніне қуанған ағайын мал сойып, той жасап, алғашқы қадамына жақсылық
тілейді. Тіпті тұсауы кесілмеген бала сүріншек, өмірі кедергілер мен
қиындықтарға толы болады деп сенген.
Тұсаукесер – сәбидің өмір сапарының алды. Сәби еңбектенуден өтіп, тәй-
тәй басып, алғашқы қадамдарын жасай бастаған кезде әр ата-ана "балам, тез жүріп
кетсін" деген ниетпен келешегіне ақ жол тілеп, тұсауын кеседі.
Қазақ сәбидің тұсауын "көбейіп, көгере берсін" деп көк шөптен де есіп жасаса,
"бай болсын, тоқ болсын" деген тілекпен малдың тоқ ішегінен де өрген. Бірақ
көбіне "біреудің ала жібін аттамасын, өзгенің мал-мүлкіне, дүниесіне көз тікпесін,
қол сұқпасын" деген тілекпен ақ пен қара жіпті айқастыра отырып, ала жіп
дайындаған.
Мақал мәтелдер. Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақалдың өзіне
тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар.
Ең алдымен, әдебиеттік жағынан
алғанда, мақал үлкен толғау образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы
болып келеді. Ол адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық оқиғада
кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні оларға берілген даналық баға,
тұжырымды түйін есебінде қолданылады.
Мақал – тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып, жамандықтан
аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Мақал балаға үлгі-өнеге береді, өмірге
көзқарасын, қарым-қатынасын орнықтырады, айтатын ойын қысқа да нұсқа түрде
жеткізуге үйретеді.
Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен оқиға, мәнді әңгіме себеп
болған. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Халық аз сөзге көп мағына сыйдыра
отырып, өзінің өмірінде көргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған
тәжірибелерін мақал арқылы айтып береді. Бұл жағынан алғанда, көптеген
мақалдар ақыл-өсиет, нақыл сөз есебінде қызмет атқарады.
Мақалдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, еңбегі мен
тәжірибесіне байланысты туғандықтан, оның тақырыбы да орасан көп. Бұл ретте
мақалға қосылмаған нәрсе жоқ деуге болады. Халықтың тұрмыс- тіршілігі, әдет-
ғұрпы мен салты, дүниетанудағы көзқарасы, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы
мен қайғысы, айтатын ақыл-өсиеті, үйрету мен үкімі, қысқасы халық өмірінің
барлық жақтары – мақалдардың басты тақырыбы болып отырады.
Халық мақалдарының тақырыбы өте көп. Солардың ішінде ең күрделі бір
саласы адам баласының арналған. Бұл тектес мақалдардан халықтың еңбек
жайындағы көзқарасы байқалады. Еңбек адамды мақсат-мұратқа жеткізуші,
абырой әперетін іс екендігін халық мақалдары арқылы дәлелдеп көрсетеді.
Еңбек тақырыбына арналған мақалдардың қайсысы болмасын, ақыл-өсиет түрінде
айтылады. Еңбек ету оғай еместігін, қиыншылығы мен бейнетінің көптігін,
ауыртпалығы барлығын ескертеді. Мұны «Бейнет түбі – зейнет», «Бейнетсіз
рақат жоқ» деген мақалдармен көрсеткен.
Халық аз сөзге көп мағына сиғыза отырып, өзінің өмірінде көргендерін,
бастан кешірген кезеңдерін, алған тәжірибелерін мақал арқылы айтып береді. Бұл
жағынан алғанда, көптеген мақалдар ақыл-өсиет, нақыл сөз ретінде нақты қызмет
атқарады.
Мәтелдер, негізінен, тұжырымы тұспалдау, елеңде сыңар тармақты, қара
сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады («Өлең – сөздің патшасы»), «Қызым саған
айтам, келінім сен тыңда»), т. б.
Мәтелдер де тура мағынада («Қадіріңді білгенге жұмса») және ауыспалы
мағынада («Тікен гүлін қорғайды») айтылады.
Аз сөзбен үлкен ой туғызатын, дүниетанымын кеңейтіп, байқағыштығын
арттыратын, баланың ойын ұштар құрал – жұмбақ. Академик М.Әуезов: «Жұмбақ
– халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрінің бірі.
Жұмбақ – өткір, ұшқыр ой түйінін топшылаған, поэтикалық қасиеті күшті,
тәрбиенің тамаша құралы. Ол бүгінгі біздің дәуірімізде де өзінің керектілік
қасиетін жойған жоқ», – деген болатын. Әдебиет ғылымдарының негізін салушы
А.Байтұрсынұлының пікірінше, жұмбақ деген аттың өзі жұмудан шыққан: яғни
қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, оны тап дегеннен шыққан.
Жұмбақта нәрсені қолға жұмып тұрып таптырмайды. Ойда бүгіп айтпай қойып,
сол нәрсеге ұқсас нәселерді сипаттап айтып, ұқсастығы бойынша таптырады.
Жұмбақ зейінді ұстартуға пайдасы бар нәрсе.
Жұмбақ – оқушы балалар мен жастарға білім берерлік, тәрбиелік мәні бар
құралдың бірі. Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі,
табиғат
жайы,
еңбек-кәсіп
құралдары,
хайуанаттар
мен
өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т.б. жұмбақтардың басты
тақырыбы болумен қатар, мазмұны да болады. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ
көлемінеенгнде,
әрқайсысы
жалпылама
түрде
алынбай,
белшектене, жекелене алынады.
Аталған тақырыптағы жұмбақтардың қайсысы қай кезде туғандығын көрсету,
толық хронологиясын беру қиын нәрсе. Дегенмен кейбір тақырыптағы
жұмбақтардың қашан туғандығын белгілеуге болады. Мәселен, өнер-білім,
техника жайында шығарылған жұмбақтар бергі кезде, XIX ғасырдың ішінде туа
бастағанын байқаймыз.
Жұмбақтың негізгі тәріздеу, яғни нәрсенің сипатын тәріздеп айту. Мәселен,
арбаны жұмбақ қылғанда, адамға ұқсатып былай сипаттайды:
Ізі бар қадамы жоқ аяғының,
Тимейді ұшы жерге таяғының,
Қолдарын хайуандарға арта тастап,
Салады әуезіне баяғының.
Жұмбақ өзінің сөз қылған затын әралуан түрінде суреттейді. Кейде нәрсені
көзге көрінген көрінісіне қарап сипаттаса, кейде сол нәрсенің құлаққа естілетін
дыбысына қарай бейнеленеді.
Ал:
′′Әуен түбі түсті,
Көбінің түбі түсті′′- дегені – күннің күркілдеуін дыбыс белгісімен
сипаттаған.
Жұмбақтың көп кездесетін тағы бір ерекшелігі – заты шағын нәрселерді
қосарлап, парлап айту. Қол мен аяқ, қыс пен жаз, күн мен түн, күн мен ай деген
сияқты.
′′Біреудің бір ұлы бар және қызы,
Біледі ол екеуін дүние жүзі
Ұйқтайды ұлы түнде, қызы күндіз
Жүргенде білінбейді басқан ізі′′.
Достарыңызбен бөлісу: |