Қазақша нұсқасының мәтінін қалыпқа келтірген Нұрсұлтан Серғазы Алматы — 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата15.09.2022
өлшемі0,71 Mb.
#39215
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Мақсатыма жетемін

XI ТАРАУ 
 
Болашақты көру арқылы мақсатыма жеттім деп 
Ойлаңыз 
Сіздің ойыңыздағы көріністерді іске асыру үшін адамның сана-сезімінде 
сіздің өміріңізді үйлестіріп отыратын бір қабілет бар. Егер сіз санаңызда 
нақты өзіңіз болғыңыз келген, өзіңіз айналысқыңыз келген, өзіңіз иеленгіңіз 
келген бір жаңа бейнені өсіріп шығарсаңыз, сіздің ақыл-ойыңыз соның бәрін 
осы өмірде іске асыру үшін жұмыс істей бастайды. 


Сіздің санаңыз тәулігіне 24 сағат бойына жұмыс істеу үшін осы бейнені 
сана-сезімде өткізеді. Біздің жаңалығымыздың қорытындысы мынада — 
сізде қол жеткізгіңіз келген мақсатқа байланысты және айқындылық 
неғұрлым көп болса, соғұрлым оған тез жетесіз, сіз мақсатыңызға қарай 
неғұрлым тез қозғала бастаған сайын соғұрлым сіздің мақсатыңыз да сізге 
қарай қозғала бастайды. Екінші жағынан, сіздің мақсатыңыздың көрінісі 
неғұрлым бұлдыр және шатасқан болса, әрекет те соғұрлым ұзағырақ 
болады. Кейде ол бүкіл өміріңді алуы мүмкін. Егер сіз мақсатыңызды 
көргіңіз келсе көзіңізді жұмыңыз, терең дем алыңыз, сосын мақсатыңызға 
жеткен күнде оның қандай болатынын елестетіп көріңіз. 
Мысалы, сіз өзіңіздің дене бітіміңіздің әдемі болғанын қаласаңыз, бірнеше 
сурет басылған журналдарды қарап шығыңыз және бір спортшының не өзіңіз 
ұқсағыңыз келген бір үлгіні таңдап алыңыз. Суретті ұқыптап қиып алып, ол 
адамның бетінің орнына өзіңіздің бетіңіздің суретін жапсырыңыз. Өзіңіздің 
жаңа суретіңізді әрдайым көріп тұру үшін тоңазытқышқа не ваннадағы 
айнаға іліп қойыңыз. Сіздің де дене бітіміңіз келіскен сол суреттегідей 
болатынына өзіңізді сендіріңіз. Әрі қарай сіздің сана-сезіміңіз сіздің 
тәбетіңізді, әдетіңізді, күн тәртібіңізді, жаттығуларыңызды ыңғайлай 
бастайды. Сана-сезім сізді іштей басқара отырып, суретті шындыққа 
айналдыру үшін ол сізді тәртіпке келтіреді. Егер сіз әдемі автокөлігіңіздің 
болғанын қаласаңыз, ең алдымен, қолға алатыныңыз — дүкенге барып оған 
мініп көру. Бір-екі рет отырып, айналып көріңіз, газды, тежегішті басыңыз — 
көлікті сезініңіз, иісін иіскеңіз. Осы көліктің суреттері басылған буклет сұрап 
алып, оны үйіңізге іліп тастаңыз. Өзіңізді жәй ғана осы көліктің егесімін деп 
есептеңіз. 
Менің BMW-нің соңғы үлгісін армандаған досым бар еді. Өзі жұмыссыз, 
көлігі болса ескі. Досым апта сайын соңғы үлгідегі әлгі көлікті айдап көру 
үшін BMW-нің автосалонына баруды әдетке айналдырды. Шындығын 
айтқанда, сатушылар оның келуінен әбден шаршады, ол бірақ, сенбі сайын 
сол жерге баруын жалғастыра берді. 
Бір жылдың ішінде ол жұмыс тауып алды, жаңа шеберліктерді меңгерді. 
Екінші, үшінші жұмыс тапты. Желтоқсан айының ортасында ол автосалонға 
барып BMW-нің жаңа үлгісін сатып алды. Қараңыздар, мақсатты көру, сезіну 
қосымша қорларды тартуға көмектесті. Бұл таңқаларлық жағдай. 


Біз әйеліміз екеуміз үйіміз болуы керек деп шешкенде, ол армандаған 
үйімізді көргіміз келген барлық сапалардың тізімін жаздық. Осыдан кейін біз 
қаланың ең әдемі аудандарында ұсынылған 
ең жақсы деген үйлерді көруге бардық. 
Әр жексенбі күні келіп біз әдемі үйлерді қарайтынбыз. Балконын, 
кіреберісін қараймыз, бұл үйлердің айналасындағы табиғи көрініске назар 
саламыз. Қонақ қабылдайтын, ұйықтайтын бөлме, ванна, бассейндерін аралап 
көреміз. Осының бәріне қашан біздің санамызда армандаған үйіміздің дәл, 
айқын көрінісі қалыптасқанға дейін қарайтынбыз. Ақыры бір күні, осыдан 19 
жыл бұрын бір кезекті үйді аралап көруге келдік. Айналамызға назар салдық 
та түсіндік — бұл сол үйдің нақ өзі. Бұл сол біз елестеткен және бір-бірімізге 
суреттеген үй болатын. Бұл сол әр түрлі журналдардан қиып алып 
құрастырған үй еді. Біздің қазіргі тұрып жатқан үйіміз осы үй. 
Кейбір адамдар «О, ал егер бұл болмай қалса ше?» дегенді алға тартады. 
Тағы да қайталап айтамын, бұлай сұрақ қоюға болмайды. Дұрысы: «Ал, егер 
дәл осылай болып шықса қайтесің?». Жәй ғана отырып, өміріңіздің әр 
саласында нені қалайтыныңыздың егжей- тегжейін тізіп жазыңыз — 
ойдағыдай денсаулық, ойдағыдай өмір салты, ойдағыдай тұрмыс-тіршілік, 
ойдағыдай бірге істейтін серіктестер, ойыңдағыдай кәсіп, ойыңдағыдай үй. 
Осыдан кейін оларды көз алдыңызға келтіріп елестетіп көріңіз. Ұйқыға жатар 
алдында не нәрсеге қол жеткізгіңіз келсе, өз санаңызда сол нәрсенің анық 
көрінісін жасаңыз. Одан да зоры, мақсатыңды көру — жақын мақсаттарыңа 
жетумен қатар, алыс мақсаттарыңа да жетуге көмектеседі. Егер сіздің 
кездесуіңіз, ашылу салтанатыңыз, жұмысқа қабылдау үшін әңгімелесулеріңіз 
болса, егер ертеңге маңызды бір шаруаны жоспарлаған болсаңыз осының 
бәрін тіпті, кешке ұйқыға жатар алдындағы сөйлеулеріңізді де өзіңізге 
барлық жағынан қателіксіз және жаңылыспай өткіздім деп ойлаңыз. Осыдан 
кейін ертеңіне бәрі де ойдағыдай болғанына таң қаласыз. Сіз алыстағы 
болашағыңызды мысалы, болашақтағы тау бөктерінде не теңіз жағасында 
орналасқан үйіңізді немесе Еуропаға саяхатыңызды оймен көру арқылы 
елестетуіңізге болады. 
Үнемі жатар алдында өзіңіздің санаңызды болашақ жайлы жақсы 
бейнелермен, суреттермен толтырып отыру қажет. Сіздің елестеріңізде 
мақсаттарыңыздың өмірде шындыққа айналғаны жөнінде әдемі суреттер 
кездесетін болсын. Бұл сіздің мақсатыңызды іске асыру үшін, ақыл-
ойыңыздың, 
сана-сезіміңіздің 
күштерінің 
белсенділігін 
арттырады. 


Мақсаттарын ой көзімен көретін, елестететін адамдар шын мәнінде өздерінің 
елестеткен нәрселеріне соншалықты тез арада 
жеткендеріне аң-таң болады. 
Ой көзімен қарау — сезімтал болу және әсершіл ойларға берілумен тығыз 
байланысты. Суреттерден бөлек сіз өзіңіздің санаңызда сол мақсаттарға 
жеткен уақытта болатын сезімдерді де жасап көресіз. Мысалы, сыйлық 
алғанда сіз өзіңізді көтеріңкі көңіл және бақытты сезінесіз, сізге күлімсіреп 
қол соғып тұрған адамдарды көресіз. Егер жұмыс істеп, қомақты ақша 
тапсаңыз, өзіңізді табысты жеңімпаз адамдай сезінесіз. Егер сіз байқаудан 
жеңіп шықсаңыз, өзіңіз армандаған үй не машина сатып алсаңыз, 
ойыңыздағыдай мінсіз өмірлік серік тапсаңыз, қандай бақытты боларыңызды 
елестетіп көріңізші. Осының әрқайсысын өз алдына сезініп көріңіз. Сіздің 
санаңызда осы көріністермен бірге болатын әсерлерді сезініңіз. 
Армандарыңыздың сезіммен біріккен суреті сіздің сана-сезіміңізге тереңірек 
еніп, сіздің мақсатыңызды шындыққа айналдыру үшін, сіздің барлық ақыл-ой 
күштеріңіздің тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуіне әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет