Қазақша нұсқасының мәтінін қалыпқа келтірген Нұрсұлтан Серғазы Алматы — 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата15.09.2022
өлшемі0,71 Mb.
#39215
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
 
 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Мақсаттарыңыз қандай болса да, оған тұрақтылықпен ден қою арқылы 
жету керек. Қандай жағдай болса да мақсатқа қарай талпынуды тоқтатпауға 
алдын ала шешім қабылдаңыз. Талай мәрте мақсатыңызды қайта қарап 
шығуға, жаңадан жоспар құруға тура келуі мүмкін. Мүмкін сізге 10-шы ретте 
дұрыс шығу үшін бір нәрсені 9 рет байқап көру керек болар. Негізгісі — 
қандай жағдай болса да әрекетті тоқтатпаймын деп, өзіңізге алдын ала шешім 
қабылдаңыз, сөз беріңіз. 


Сіз Energezer батарейкаларының жарнамасындағы қояндар сияқты 
қозғалуыңызды жалғастырасыз. Сіз алға қарай жылжи бересіз, жылжи 
бересіз. Егер сіздің жоспарыңыз толығымен іске аспай қалса, өзіңізге 
қайтадан сұрақ қоясыз, басынан аяғына дейін қайта ойластырып, 
жоспарларыңызды қайта жазып, бәрін қайтадан бастайсыз. 
Әр күні өзіңіздің негізгі мақсатыңызға септігі тиетін бірдеңе жасайсыз. 
Әрдайым өзіңізді дұрыс бағытқа келтіріп отырып, өзіңізге: «Мен 
жеңілмеймін. Мен мұны істей аламын. Мен ойыма келгеннің бәрін іске асыра 
аламын» дегенді айтасыз. Есіңізде болсын, ұлы мақсаттарға қатысты болмай 
қалды деген түсінік жоқ. Тек қана қарсы жауап беру бар. Қарсы нәтиже — ол 
да нәтиже. Кез келген табысты адам мақсатқа жету жолында қайта-қайта 
қателеседі. Ол өмірден сабақ алады, егер үнемі әрекетте болмаса ол оған 
жолықпас еді. Ештеңе істемейтін адам ғана өмірде қателеспейді. 
Жеткен нәтижелеріңіз кейде бастапқыда ойлағаныңыздан әлдеқайда 
басқаша болып шығуы мүмкін. Ерте ме, кеш пе, адамдар тұрақты ештеңе жоқ 
екенін, жағдай кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін түсінеді. Ал, енді 
оның қалай өзгеретіні сізге байланысты. Бұл кітапта берілген ойлар олар 
әмбебап, оларды қайта-қайта тәжірибеден өткізу қажет. Және ең алдымен
істейтініңіз — өзіңіздің өмірдегі ең маңызды үш мақсатыңызды жазу. Сосын 
блокнотыңызды алып, әр күні ең маңызды 10 мақсатыңызды жазып 
отырасыз. Ал, одан кейін поштамен не e-mail-мен маған хат жазасыз. Мен 
дүние жүзінен «Осы 10 мақсат әдісі менің өмірімді толығымен өзгертті» 
деген 
мыңдаған хаттар аламын. Мен сізден де осыған ұқсас хат аламын деп 
сенемін. 
МАЗМҰНЫ 
Құрастырушы сөзі 
КІРІСПЕ 
Табыс — бұл мақсатқа қол жеткізу 
I ТАРАУ 
Арман. Алдыңызға ең биік мақсаттар қойыңыз 
II ТАРАУ 
Неге жетуді қалайтыныңызды жазыңыз 
III ТАРАУ 
Алдыңызға нақты мақсаттар қойыңыз 
IV ТАРАУ 


Сізге бөгет болатын кедергілерді тауып, оны жөнге келтіріңіз 
VТАРАУ 
Өмірде нені біліп, нені жасай алу керектігін шешіңіз 
VI ТАРАУ 
Қарым-қатынас жасайтын адамдарды таңдаңыз 
VII ТАРАУ 
Жұмысыңыздың маңызды жақтарын анықтаңыз 
VIII ТАРАУ 
Өзіңіздің әрекетіңізді мұқият жоспарлаңыз 
IX ТАРАУ 
Ең негізгі нәрсеге көңіл аударыңыз 
X ТАРАУ 
Мақсатқа жету тәсілі 
XI ТАРАУ 
Болашақты көру арқылы мақсатыма жеттім деп 
ойлаңыз 
ҚОРЫТЫНДЫ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет