10. Ерте Темір дәуірі тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы.
Б.з.б. VII—IV ғасырлардағы Евразияның этникалық және саяси картасы барынша ала-күла болуымен ерекше. Сонымен бірге жақын және алыс тайпалар, халықтар, мемлекеттер арасында біршама тұрақты экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнады, соғыс қақтыгыстары да аз болған жоқ. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар Орта Азияның, Алтайдың, Хакасияның, Тува мен Солтүстік Моңғолияның туыстас халқымен өзара байланыс орнатып, қарым-қатынас жасады. Солтүстік-шығыста және солтүстікте Қазақстанның мал өсірумен айналысқан ежелгі халқы Орал тілді қауымның угор тектес тармағының орманды далалар мен ормандарды мекендеген тайпалармен — мансилер мен хантылардыя арғы тегімен шектесіп жатты.
Батыстың савромат тайпалары Қара теңіз өнірінің скифтерімен көрші болды, олармен сауда-саттық жасады, соғыс одағын құрды немесе қарулы қақтығыстарға түсіп жүрді. Оңтүстікте савроматтар өз тағдырын өте ертеде, Ахеменид заманына дейін-ақ, Үлкен Хорезм және Бактрия патшалығы сияқты мемлекеттік құрылымдармен байланыстырды.
Жазбаша деректемелер мен археологиялык деректер б.з.б. VШ-VІІ ғасырларда-ақ Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеттерімен - Ассириямен жәнс Мидиямен, ал б.з.б. VI ғасырдың ортасынан, Ахеменидтер мемлекеті құрылған уакыттан бастап - Персиямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі көптеген тарихи оқиғаларға қатысты. Мәселен, Кир сақтармен одақ жасап, Лидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек алды. Одақ жасасуды қанағаттанбаған Кир сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы болды. Парсылардың жорықтары кескілескен карсылыкка кездесті, Кир жорығы күйреп тынды, оның әскерлері талқандалып, өзі қаза тапты. Геродот мынадай аңызды келтіреді: парсыларды женгенпен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтыра қан құйғызып, «Сен қанға кұмартып едін, енді шөлің қансын!» деп оған Кирдін. басын салдырған[4].
Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықтарын I Дарий (521-486) жалғастырды. Ол аз уақыт болса да жекелеген сақ тайпаларын. оның ішінде хаумаварга-сақтарды немесе амюргийлік сақтарды, сондай-ақ каспилерді бағындырып алды. Бүл тайпалар Ахемснидтердін XV сатрапиясыпың (салық аймағының) құрамына кірді және алым төлеуге тиіс болды, бірақ алым мезгіліндс төленіп тұрмады және көбіне сыйлықтар сипатында боллы. Сақтар Ахеменидтердің әскерінде қызмет атқарды. Тіпті олардын біразы парсы патшасының «өлмейтін он мың» деп аталатын жеке ұланына да кірлі.
Б.з.б. 518 жылы I Дарий, өзінің алдындағы патша сияқты, массагет- сақтарға қарсы жорық бастады, бірақ ол да жеңіліске ұшырады. Грек тарихшысы Полиен массагет-сақтардың парсыларға қарсы күресінің қызықты бір оқиғасы жайындағы әңгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, парсыларға қашып өтеді, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген адам ретінде көрсетеді. Өз руластарынан кек алғысы келетінін мәлімдеп, Шырақ жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардын көбі қырылып калады.
Б.з.б. VI ғасырдың аяғында - V ғасырдың басында ежелгі Шығыста (грек-парсы соғыстарының басталуымен байланысты ірі-ірі саяси оқиғалар пісіп-жетілді. Кейбір сақ тайпалары бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысты. Гавгамелы маңындағы ұрыста, мәселен, сақтардың жеңіл атты әскері қатысқан.
Грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500-449 жылдары) парсылардың жеңілуімен аяқталды. Ал бұл кезде Грекияда экономикалық және саяси дағдарыс күрт өршіді, құл иеленушілер бұдан шығудың жолы шығысқа басқыншылық жорық ұйымдастыру деп білді. Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдарында македондық-гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменид, ІІІ Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға баса-көктеп кірді. Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға бет алды.
Гректердің баса-көктеп енуіне Орта Азия тайпалары мен халықтары табан тіресе қарсыласты. Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеушілер, оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Александр Македонский әскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп, жараланды. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауын пайдалана отырып, сол кезде жеңілмейтін деп саналған македондық-гректер әскерлерін бірнеше дүркін талқандады. Көтерілісшілердің арасына жік салу үшін Александр Македонский олардың кейбір көсемдерін азғырып алды. Үш жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана македоңдык-гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындырып алда. Сырдарияның арғы бетіндегі сақ тайпалары өздерінің тәуелсіздігін сақтап калды.
Александр Македонский өлгеннен кейін онын ұлан-байтақ империясы ыдырады, өйткені ол берік экономикалык және саяси байланыстары жоқ тайпалар мен халықтардың әлдеқалай біріктірілген, бірімен бірінің байланысы аз құрамасы болған еді.
Б.з.б. VII ғасырдан бастап «аң стилі» пайда болды. «Аң стилінің» негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу болса, негізі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінікпен байланысты болған. Ру, тайпалар өздерінің шыққан тегін аңдармен байланыстырған және оларды қасиетті тұмар деп санаған[2].
11 сұрақ
Сақтар. Сақтардың Александр Македонскийдің жаулап алуына қарсы күресі
Б.з.д. 330 жылы көктемде Македон әскерлері Әкбатанға қарай жылжып, 15 күннің ішінде мың шақырым жерді басып кетті де, Дарийдің соңғы байлығын басып алды. Македон атты әскері мен жеңіл қаруланған жаяу әскерлері парсы әскерлерін одан әрі қарай қуды. Көп ұзамай Дарийдің өлтірілгені белгілі болды. Содан соң македондықтар Соғдианаға – сақтарға басып кіріп, бостанғыш сүйгіш тайпалармен екі жылға созылған соғыс жүргізді.
Соғыстың бірінші кезеңде – б.з.д. 329 ж. Македон жауынгерлері Окс өзенінен өтті де, Мараканд ( Самарқанд) қаласын басып алды. Бұдан кейін македондықтар Яқсарт өзеніне жетіп, аса мықты қамал- қала соңғы Александрия ( Ход-жент) қаласын салды. Алайда Соғдианадан орнығу үшін тағы да екі жыл соғуға тура келді.
Македон басқыншылармен күресті Соғдиананың әскер басы Спитамен басқарды. Ол сақ тайпалармен одақ құрды. Жергілікті халық көтеріліске шығып, Яқсарт өзені аңғарындағы жеті қаладағы Македон гарнизондарын жойып жіберді. Спитамен басқарған жасақ мараканд қаласындағы Македон гарнизондарын қоршауға алды. Македон әскері қиын жағдайда қалды. Олар, дегенмен, жанталаса отырып, көтеріліске шыққан жеті қаланы да қайтарып алды, бірақ спита мен әскеріне қарсы тұруға мүмкіндік болмады. Себебі Яқсарт өзінің оң жағында тұрған сақтардың үлкен кіші өзендер арқылы македон армиясын атқылады. САқтар Александрға сөз салды: « сен, Александр, сақтармен соғысамын деп өрескелдікке барма, егер сенің оларға шабуыл жасауға батылың барған болса, олардың азаттық тағылардан ( варвалардан) өзгеше екенін байқаған болар едің.Македондықтар өзен арқылы тас ататын машиналарын құрып, сақтарды атқылай бастады. Атқылау кезінде садақшылар мен мергендер ( сақпаншылар) өзеннен өтіп, сақтардың алдыңғы отрядттарын кейін шегіндірді және фаланг ( ұзын найзалы әскерлер) мен атты әскерінің өзеннен өтуінен жағдай жасады. Сөйтіп, шайқса Яқсарт өзенінің оң жағына ауысты. Шайқастың Бірінші кезеңін македондықтардың алдыңғы кезеңі бастады. Сақтар қарсы одақтас атты әскер отряды жіберілді. Сақтар бұл шабуылды тойтарып, оларды қоршап алып, жебемен атқылады. Атты әскерге көмекке жеңіл қаруланған жаяу әскері жіберілді. Енді сақтар шегінді алайда жауды көзден таса қылған жоқ.
Екінші кезең негізгі күштің ұрысы сақтардың шегінуі. Алдыңғы жасаққа көмекке ұш шағын топпен атты мергендер жіберілді. Алайда сақтар македондықтар шабуын тойтарып тастады. Сонда өзінің атты әскерінің бәрін де соғысқа кірістірді де, сақтарды шегіндіріп соңынан түсті. Аррияның айтуынша, сақтарды аптап ыстық, шөл және Александрды ауыртқан лай су құтқарды. Ұлы қолбасшылардың жеңілістерінің табиғи қиыншылықтарға аудару – ежелгі және тарихшылардың әдеті. Шындығына Кирдің түбіне жеткен қайғылы оқиғаны еске алған Александр сақтардың жеріне тереңдеп енуге бата алмады. Македон армиясына қарсы сақтардың әскери қимылы өз әскерінің жеке-жеке талқандалуынан сақтай отырып, дұшпанға қарсы күшті бірте-бірт екүшейтумен сипатталады. Шайқасып жатқан отряд бір-бірімен тығыз байланыста болды және өзара практикалық қимыл бірлестігін сақтады. Сақтардың артынан түсуді тоқтату ариян айтқандай сақтарды талқандаудан сақтаған жоқ,керісінше .сақтардың македондықтардың өз жеріне тереңдете енгізіп алып .талқындауынан сақтап қалды.Осыдан кейін Македон басқыншылары негізгі кұштерін Мараканда тұріан Спитамен басқарған жауынгерлеге қарсы жұмсады.Бірақ Спитамен жағдайды дұрыс сарапқа салды да,шайқасқа түспей. Мараканды тастап тез шегініп. сақ әскеріне барып қосылды.
12 сұрақ
Сақ және сармат тайпаларының кезеңдері. Сақ және сармат тайпалары туралы деректер. Темір дәуірі немесе темір ғасыры — тас дәуірі және мысты мен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі тарихи кезең болып табылады.
Ерте темір дәуірінде қазіргі қазақ жерінде сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары өмір сүрді. Сақтар мен сарматтар. Б.з.д. 1 мыңжылдықтаҚазақстан жерінде, Орталық Азияда, кейінірек Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген. Дәл осы заманда Солтүстік Қара теңіз, Днепр өзені бойын скиф деп аталатын тайпалар жайлаған. Олар мәдениеті жағынан сақтарға туыстас болған. Осы кезде Еділ жағалауында, Орал тауының оңтүстікшығыс бетінде савромат тайпалары өмір сүрген.
Геродот сақ және скиф тайпаларының туыстығын көрсете келіп, олардың ортақ «сколот» деген атпен де белгілі екендігін айтады. Геродоттың айтуы бойынша, бұл тайпаларға скиф деген атауды гректер берген. Олардың тегі Азиядан шыққан.
Көне парсы жазба ескерткіштеріне жататын «Персеполь», «Бехистун» жазуларында тур тайпаларының ортақ атауын сака деп береді. Біраз кейінірек табылған жазбаларда сақтарды ендігі жерде үш топқа бөледі. Олар — парадарайя сацтары, тиграхауда сацтары және хаомаварга сақтары.
Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскеридемократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскеридемократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана емес, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы да жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болды.
Сақтардың Қазақстан аумағындағы ғана емес, тіпті Еуразия құрлығындағьі ең көне мемлекеттігінің жәдігерлері (б.з.д. VIII ғ.) Шілікті даласында зерттелді. Ұзын саны 200ден астам сақ-үйсін мәдениеттерінің ескерткіштері шоғырланған бұл жазықта сақтардың қырықтан астам ірі патша обалары бар.
Сармат тайпаларының қалыптасуы сақтар сияқты өте ерте заманнан басталады. Қазақстанның батысын мекендеген олардың ежелгі тұрағы — Арал мен Каспий теңізі арасындағы аймақ.
Сарматтардың археологиялық ескерткіштеріндегі жерлеу ғұрыптары сақтарға өте ұқсас болып келеді. Батыс Қазақстандағы (Атырау облысы, Жылыой ауданы) Аралтөбе қорымында сармат дәуіріне жататын келесі бір алтын адам жерленген. Аралтөбе қорымының диаметрі — 20 м, пішіні күн кейпінде дөңгелек, 12 бөліктен (12 айды білдіреді) тұрады.
Сарматтар «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» белсене араласты. Ғұндар келгенше осы жерде басты саяси және әскери күшке айналды. Батыс Еуропадағы құлиеленуші құрылыстың күйреуіне әсер етті. Олардың жекеленген бөлігі (аландар) Еуропаны кесіп өтіп, Испанияға, Солтүстік Африкаға жеткен. Сармат тайпаларын IV ғасырда ғұндар талқандады. Осыдан кейін олар Еуропадағы оңтүстік-шығыс славян, Кавказ өңіріндегі тайпаларымен араласып кірігіп кетті.
13 сұрақ
13.Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихи мәселе
Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, үш қанатқа бөлінген.
Шаньюйден кейінгі басты тұлғалар – түменбасылар болды. Шаньюй түменбасыларын өзінің ұлдары мен інілерінен, жақын туысқандарынан тағайындаған. 24 руды 24 түменбасы басқарған, әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасын, онбасын тағайындап отырды. Бұлардың әрбіріне көшпелі тұрғындарымен қоса, белгілі бір аумақ белгіленген.
Ғұн империясының басқару тобы ру-тайпа ақсүйектерінен құралған. Бекзадалар “Аспанға, Жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін” жылына үш рет ақсақалдар кеңесіне жиналып, мемлекеттік істерді талқылады. Жиналғандардың бәрі шаньюйдің туысқандары болатын.
Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, 3 қанатқа (сол, орталық, оң) бөлінген. Ерлер жасаққа тіркелуге, әскери жаттығулармен шұғылданып, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған.
Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасының пайда болғандығы туралы қытай дерегінде айтылған.
Шығыстанушы ғалым Л. Н. Гумилев бұл оқиға б.з.б. 209 жылы болған деп көрсетеді.
“Көрші ел Дунху елшілері ғұндарға келіп, алғашқыда Мөденің ең жақсы атын беруді талап етеді. Мөде сүйікті атын беруді бұйырады. Елшілер екінші рет келіп, Мөденің сұлу әйелін беруді талап етеді. Мөде әйелін беріп жібереді. Елшілер үшінші рет келіп, шекаралық біраз жерді беру талабын қояды. Бұл жер мал жаюға қолайсыз, бос жатқан жер болатын. Мөде ашуланып: “Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?” - деп Дунхуға шабуылдайды. Оларды талқандап, аумағын өзіне қосып алады”.
Қытай жылнамасында б.з.б. 4 және 3 ғасырларда ғұн тайпалары бірлестігінің құрылғандығы туралы жазылған. Аумағы – Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралық. Олар көрші халықтарды басып алумен қатар, Қытай жеріне де шабуылдады.
Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс 300 жылдан астам уақытқа созылды. Б.з.б. 3 ғасырдың соңында Цинь патшалығы шекарасын ғұндардан қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Ұзындығы – 4000 шақырым, биіктігі – 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған.
Ғұндар Енисейдің жағалауларында және Алтай тауларында мекендеген, көрші тайпаларды бағындырған.
Қытай билеушісін алым-салық төлеуге мәжбүр еткен. Қытай билеушісі жыл сайын көшпелілерге жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп тұрған.
Қытай дерегінде ғұндардың күш-қуаты туралы: “ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші елдерге шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды…” - деп жазылған.
Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп, саяси күшейген кезі Мөде шаньюйдің тұсы. Мөде шаньюйдің жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды. Олар оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, басып алды. Ғұндар кезеңі б.з.б. 3 ғасыр мен б.з.-дың 4 ғасыры аралығын қамтиды.
Мөденің тұсында ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды жеңіп, бағынышты етті. Сөйтіп, Байкалдан Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі аралықта Ғұн мемлекеті құрылды.
Ғұн мемлекеті б.з.б. 1 ғасырдың ортасында (б.з.б. 55жылы) оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань әулетінің қол астына қарады.
Солтүстіктегі ғұндар б.з.б. 1 ғасырдың аяғында Чжи-Чжи шаньюйдің басқаруымен батысқа жылжыды.
Солтүстік ғұндар Оңтүстік Қазақстандағы қаңлылар жеріне келіп, олармен бейбіт келісімге келеді. Нәтижесінде Чжи-Чжи бастаған ғұндар Талас өзенінің шығысында көшіп-қонуға мүмкіндік алды.
Қазақстанның оңтүстік-батысы мен Арал бойына ғұндардың келуінің екінші толқыны б.з. 1 ғасырында басталды. Олар алан, ас тайпаларын батысқа, Каспий теңізіне қарай ығыстырды. Ғұндар жылжи отырып, Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. 2 ғасырда басталып, б.з.-дың 4 ғасырына дейін созылды.
Достарыңызбен бөлісу: |