Қазақ хандығы-Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қоластындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады.1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды қорытындысы еді. XV ғасырдыңалпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресейментығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі дегенатаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жеріннығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттеріорасан зор болатын.
Қазақ сөзінің уақытша саяси-әлеуметтік мәнге ие болғанын, соған сай мазмұнын көрсетіп, «қазақташ» термині арқылыдәлелдейді. Одан кейін қазақ атауының мәні саяси-этникалық сипатқа ие болып, оған Керей мен Жәнібек хандардықолдаған ру-тайпаларды жатқызады да, оның дәлеліне«өзбек-қазақ» атауын келтіреді. Ал «қазақ» сөзінің толықэтникалық мәнде қолданыла бастауын Қазақ хандығыныңШығыс Дешті Қыпшақта толық жеңіске жетуімен байланыстырады. Тарихи әдебиетте қазақ сөзінің шығу туралы әртүрлі түсіндірмелері бар. Олардың бірін түрік етістігі “қаз”, “қазу” деген сөздермен байланыстырады. Ал енді бірі бұлсөзді “қаз”, қазу және “ақ” деген сөздердіңэтнимологиясынан құрайды. Енді бір зерттеулер қазақ дегенсөзді манғолдың көсек-терген деген арбаның түрінбілдіретін сөзден шығарады.
Қазақ сөзінің пайда болуы қандай болмасын оның бастапқымағынасы “еркін” “үйсіз”, “кезбе”, “қашқын” дегенболымсыз мәні болған сөзбен байланысты.
Сонымен не саяси мәні,не этникалық мазмұны жоқ “қазақ” сөзі өз халқынан не руынан немесе өз иесінен бөлініпшыққан және көп жағдайды бастан кешіруге мәжбүр, еркінадам дегенді білдірген. Орыс тіліндегі “казак” деген сөзі де осыдан шыққан. Русьте “казактар” деп белгілі бір қызметіжәне тұрақты тұрғын жері жоқ адамдарды, еркінадамдарды, сондай-ақ еркін жалданушы батрактардыайтқан. “Казак” сөзі XIVғ. аяғ. Русьтің солтүстігіндетіркелген болса да, алайда орыс казактарының бастапқыотанын тарихшылар қыпшақ даласымен араласып жатқан,осы еркіндікке әскери қоғамдық сипат беретін Русьтіңоңтүстік жағын айтады Басқаша айтсақ, “қазақ” терминінің бастапқы мәні — әлеуметтік бұл жағдай жәй күйі бір тұлғаның мәртебесі. Сонымен өзінің қылышыменен өзін асырап жүріп, әр жердекезіп жүрген. Ол “қазақ”. Алыс жолға жалғыз қиындыққақарсы жүретін адам. Ол – қазақ.. Бабырдың айтуынша“жаудың үйір жылқысын ерлікпен әкетуші жігіт. Ол да – қазақ.. Белгілі бір уақыт қазақтың өмір салтын ұстаушыадамдар – ол мейлі қажеттілік немесе өз еркімен болса да. Ондай адамдар аз болған жоқ.. Бұған сол кездегі күнделіктітіршілік жағдайы себеп болады. Былайша айтқанда, “Тарихи Рашидидің” авторы Бабырдың айтуынша, солуақыттың түсінігі бойынша әрбір ер адам өзінің жастықкезін бір қатар уақытта жалғыздықта, шөлейтте, тауда, немесе тоғайда, өзінің тұрғылықты жерден бір немесе екіайлық ара қашықтықта құстың етін жеп, аңның терісін киіпөткізуі мақтаныш болып есептелетін.