«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарының



бет19/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69
Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарының болашағы.
Ботаникалық ресурстануды зерттеудің негізін қалаған Қазақстан ғалымдары.
Бұл сала алғашқыда шаруашылық немесе экономикалық ботаника деп аталды. Тек ХХ ғасырдың бірінші жартысындаССРО ның атақты ботаниктері М.М. Ильин, А. Федоров және Н.В. Павлов ботаникалық ресурстану ғылымына жеке ғылым саласы ретінде ғылыми теоретикалық дәйектеме берді. Осы жылдары яғни 1948 жылы ғылымның осы саласында алғашқы іргелі еңбектер мысалы "Методика полевого исследования растении" деген өте құнды еңбек жарияланды.
Қазақстан Республикасында академик Н.В. Павловтың классикалық еңбектерінің нәтижесінде ботаниканың жоғарыда аталған саласында Қазақстан алғашқы ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстанда ботаниканың бұл саласының қарқынды дамуына биология ғылымдарының докторы В.Т. Михайлованың бастамасы бойынша 1965 жылы Қазақстан ғылым академиясының қарамағындағы Ботаника институтының құрамында арнайы " Өсімдіктер ресурстары" бөлімінің ашылуы үлкен әсер етті. Академиктер Н.В. Павлов, Б.А. Быков және проф. В.П. Михайлованың еңбектері нәтижесінде Қазақстанда күшті ботаниктер -ресурстанушылар мектебі құрылды.
Қазақстан территориясында соңғы 30-40 жылдары жоғалған жануарлар түрлері.
Қызылқұм арқары – өте сирек кездесетін ашатұяқты жануар. Қазақ жерінде ХХ ғасырдың ортасына дейін Сырдария мен Қуаңдария өзендері сағаларының аралығын мекен еткен.Қазан айының аяғы мен желтоқсанның басында күйлеп, сәуір-мамыр айларында аналығы жалқы қозықа табатын қызылқұм арқары бүгінде Қазақстанда кездеспейді. Дегенмен Өзбекстанда оның саны қалпына келтіріліп жатыр.
Тоғай бұғысы-Бұғының бұл түрі өзен жайылмаларындағы қамыс, тоғайларда өмір сүреді. Қазақстанда ХІХ ғасырдың аяғына дейін Сырдария өзенінің бойын, оның Қызылорда қаласына кіретін жеріне дейін мекендеген. Дене мөлшері шағын, шоқтығының биіктігі 120 см болып келеді. ХХ ғасырдың басында тоғай бұғысы елімізде толығымен жойылған.
Қабылан (гепард)-Мысық тұқымдас бұл жануар XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Каспий мен Арал теңізі аралығындағы шөлді аймақта тіршілік еткен. ХХ ғасырдың 50-60-жылдарына қарай сирей бастаған қабылан Үстірт пен Маңғыстау түбегінде оқта-текте кездесіп қалып жүрді. Дене бітімі ұзынша, тұрқы 120-150 см, құйрығының ұзындығы 60-75 см. Қалың, қысқа, сарғылт түсті түгінің үстінде қара дақтар болады. Қабылан – дүниедегі ең жүйрік аң. Сондықтан қазақ даласын билеген хан-сұлтандар кезінде оны қолға үйретіп, аңға салған. Терісі өте бағалы болғандықтан, көп ауланған. Қабыландар қазір Африка құрлығы мен Таяу Шығыста қалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет