«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Қазақстанның дәрілік өсімдіктері (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы



бет31/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69
Байланысты:
толық емес биоресурс (копия)

Қазақстанның дәрілік өсімдіктері (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы, қолданылуы).

Дәрілік өсімдіктер, шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады . Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады: Айыр;Алоэ;Аралия;Арша;Асқабақ;Ақшайыр;Аюқұлақ;Бақалақ;Бәрпі;Валериана;Дәрмене;Дермене; Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.




Қазақстанның илік өсімдіктері (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы, қолданылуы).
Жалпы илік заттар-ақуыздарды, алкалоидтарды, ауыр металдарды тұнбаға түсіретін, тұтқыр дәмі бар өсімдік текті фенолды жоғарғы молекулалы қосылыстар. Өнеркәсіпте илік экстракт және таза танин алынады. Бұл заттардың тері илеуде маңызы зор. Олар өсімдіктің барлық органдарында, ашып айтқанда қабығында, тамыр және тамыр сабақтарында, жапырақтарында, жеміс қабығында кезедеседі. Таннидтер көбіне қарақұмық, тал, шамшат, сумах гүлділер, томарбояу және раушан гүлділер тұқымдастарында т.б. көп болады.
Томарбояу - кермек тұқымдас көпжылдық шөп тектес өсімдік. Ол орман жағалауында, құрғақ және тасты беткейлерде өседі. Томарбояудың тамырында 9%-дан 19 %-ға дейін илік заттар, галла және эллага қышқылдары, фетонциндер, бояғыш заттар кездеседі. Халық медицинасында томарбояуды іш өткенде және қан тоқтату қажет болғанда біраз уақыттардан бері пайдаланылып келген. Сондай-ақ қышқылдығы жоғары қарын катарында, қарын төмен түскенде, дизентерияда әдейі жасалған қайнатында кейде тұнба түрінде жиі қолданады.
Шамшат (лат. Fagus) — қос жарнақты өсімдіктер; таксономиялық жіктелім бойынша — қатар. Дүние жүзінде қоңыржай, тропиктік және субтропиктік аймақтарда (тек Оңтүстік Африканың тропиктік аймағында кездеспейді) өседі.Бұл қатарға қайың тұқымдасы және шамшат тұқымдасы, 7 — 9 туыс, 600-дей (кейбір деректер бойынша 1000-нан аса) түрлер жатады. Қазба қалдықтары бор кезеңінен белгілі. Шамшаттар — бір үйлі (сирек екі үйлі) ағаштар. Биіктігі 50 м-ден, діңінің жуандығы 2 м-ден асады. Дің қабығы тегіс, сұр түсті, көпшілігі — жапырақ тастайтын ағаш. Гүлі дара жынысты. Аталық гүлінде 6 — 12 аталық, аналық гүлінде 1 аналығы болады, олар жеке-жеке орналасады. Гүлшоғыры бір немесе бірнеше гүлден құралады. Жапырағы бүр жарғанда гүлдейді. Желмен тозаңданады. Жемісі (жаңғағы) шошқажаңғақ тәрізді болады. Шамшаттарды елді мекендерді көгалдандыру үшін, орман шамшатында ағаштарды қорғау үшін отырғызады; сүрегі мықты, сондықтан ағаш бұйымдарын жасауда қолданылады. Жемісінде улы алкалоид — фагин болады, ол жемісін қуырғанда жойылып кетеді, сондықтан жемісінен тағамдық және техникалық май алынады; күнжарасы шошқаға беріледі.
Жылан таран тамырсабақтары - Rhizomata Bistortae.
Сипаттамасы. Көпжылдық шөптесін өсімдік. Жылан тәріздес жуан тамырсабағы бар.
Таралуы. Ресейдің Еуропалық бөлігінде , Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда кездеседі.
Химиялық құрамы. 15-25 % аралас иілік заттары бар.
Қолданылуы. Қайнатпасы іш өтуде, қабыну процестерінде пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет