1944 жылы жау әскері КСРО жерінен түгел қуылды.
Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3,5 мың адам: Ленинград обл - 220, Смоленск - 270, Украина мен Беларусь - 3000, Шетелдегі қарсыласу қозғалысы - 300.
Партизандар: Қ.Қайсенов (Халық Қаһарманы), Ж.Саин, Ж.Нәметов, Т.Жұмабаев, У.Оразбаев
1964 ж Чехословакияда қазақстандық партизандарды есте сақтау үшін «Егоров жұлдызы» белгіленді.
1945 ж 16 сәуір «Берлин» операциясы басталды (3,5 млн адам қатысты)
Берлин операциясына қатысқан қазақстандықтар: Кеңес одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов. Офицер Рақымжан Қошқарбаев және Г.Булатов Рейхстагқа алғаш жеңіс туын тіккендер (30 сәуір 1945 ж)
Оралдық офицерлер Қ.Мәденов пен Р.Қараманов 1008-атқыштар полкінің туын Берлин Ратушасына тікті.
«Қазақстан комсомолы» танк тізбегінің 3 танкісі Берлин операциясына қатысты.
1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. 8 мамырда шартқа қол қойылды.
1945 жылы 9 тамызда КСРО Жапонияға қарсы соғыс бастады (соғыс 24 күнге созылды) «Кореяны азат еткені үшін» - 14 адам, «Жапонияны жеңгені үшін» - 234 адам
1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды.
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар:
Барлығы: 11600 адам, қазақстандықтар - 497, қазақтар - 97, қазақ қыздары – 2 Солдат ерлігі орденінің толық иегері 142 қазақстандық Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар 96 638 адам Екі мәрте Кеңес Одағының батыры: Т.Бигельдиннов, Л.Беда, И.Павлов, С.Луганский (37 ұшақты құлатқан)
Үш мәрте кеңес Одағының батыры: И.Кожедуб (Шымкент авиация училищесінің түлегі)
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтар 600 мыңнан астам. Соғыс жылдары зорлықпен жер аударылғандар 2 млн 464 мың адам (1945 ж мәлімет)
Қазақстандықтар 532 мың астам адамды, 149 балалар үйлерін, мәскеулік 16 интернат қабылдады.