«Қазақстан пионері» торпедалы катерін жасауға оқушылар қаржы жинады.
1943 жылы Алматы жастары ұшқыш С.Луганскийге жаңа ұшақ табыс етті.
Оқушылар егіс даласында жұмыс істеп, метал жинап , өздері тапқан 4 млн сомды «Қазақстан пионері» қорына аударды.
С.Киров атындағы ҚазМУ студенттері «Кеңес студенті» атты танк колоннасын жасауға 600 мың сом аударды.
Республика жастары «Қазақстан комсомолы» жойғыш ұшақ эскадрильясын жасақтауға 3 млн сом жинады.
Қазақстан еңбеккерлері танк колонналары мен авиация эскадрильясын жасау үшін 480 млн сом тапсырды.
МӘСКЕУ ШАЙҚАСЫ (1941 ж 30 қыркүйек-1941 ж 6 желтоқсан)
Батыс шекараны күзеткен 485 шекара заставасы жау шабуылын алғашқы қарсы алды.
Брест қамалының қорғаушылары 1941 ж 22 маусымынан 1 айдан астам уақыт жауға төтеп берді.
Қазақстандықтар: А.Наганов,В.Фурсов,Қ.Тұрдыев,Қ.Әбдірахманов,Қ.Иманқұлов,Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров.
Соғыс тарихында алғаш рет Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандық К.Семенченко (1941ж 22.07)
Бірінші болып жанған ұшағын жау тобына бағыттап ерлік көрсеткен Б.Бейсекбаев (Маслов экипажы)
Бақытораз Бейсекбаев Ресейдің батыры, 1998 жылы Қазақстанның Халық Қаһарманы атанды.
Қара теңіз флотының контр-адмиралы атыраулық Л.Владимирский батылдығымен ерекшеленді.
Мәскеу шайқасында 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты (генерал-майор И.Панфилов)
1941 ж 16 қараша 1075 атқыштар полкінің 28 жауынгері Дубосеково түбінде жаудың 18 танкісін жойды. Ротаның саяси жетекшісі В.Клочков: «Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу» И.Карпов пен Б.Момышұлы қолбасшылық еткен батальон ерлікпен шайқасты.
Бауыржан Момышұлына 1990 жылы қайтыс болғаннан кейін Батыр атағы берілді.
316 атқыштар дивизиясы 8 гвардиялық дивизия болып қайта құрылып Қызыл ту орденімен марапатталды.