Қазақстан ұлы отан соғысы жж (1941-1945) 1940 ж 18 желтоқсан



бет4/7
Дата20.11.2022
өлшемі25,91 Kb.
#51363
1   2   3   4   5   6   7
Төлеген Тоқтаров Бородино селосында неміс штабына кіріп 5 офицердің көзін жойды.
Ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин жау танкісін жойып, бөлімшелерін жау қоршауынан алып шықты.
238- атқыштар дивизия автоматшысы Рамазан Амангелдиев 13 фашистін көзін жойып, өзі де қаза болды.
Мәскеу шайқасының тарихи маңызы: «Блицкриг» сәтсіздікке ұшырады
Фашистік армияның жеңілмейтіндігі туралы аңыз күйреді. Соғыста түбегейлі бетбұрыс басталды.
ЛЕНИНГРАД ШАЙҚАСЫ (1941 ж-1943 ж қаңтар)
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты.
310 және 314 дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.
Балтық флотындағы «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық шайқасты.
Сұлтан Баймағамбетов жаудың қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған ауызын кеудесімен жауып, қаза тапты.
372 атқыштар дивизиясының 5 атқыштар ротасының бөлімше командирі Қойбағаров ержүректілік көрсетті.
48-атқыштар дивизиясының мергені Дүйсенбай Шыныбеков ерлікпен шайқасты.
Солтүстік Қазақстан облысынан келген жауынгер Г.Зубков 314 дивизияның мергендер қозғалысын бастады.
Артиллериялық бақылау дивизион командирі С.Жылқышев ерлігімен көзге түсті.
1941 ж қыркүйек Жамбылдың «Ленинградтық өренім» жыры достықтың шынайы әнұранына айналды.
Қоршау жылдары 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза болды.
1943 ж қаңтар 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды. 1944 ж Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.
Ленинград шайқасының тарихи маңызы: халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі.
СТАЛИНГРАД ШАЙҚАСЫ (1942 ж шілде-1943 ж ақпан)
1942 ж күзінде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті.
1942 ж күз Каспий алабына соғыс жағдайы еңгізілді.
1942 ж 10 қыркүйек Атырау аспанында алғашқы жау ұшағы пайда болды. 1942 ж 15 қыркүйек соғыс жағдайы еңгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет