Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Ораза уақытында гүл сияқты хош иісті



Pdf көрінісі
бет17/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60
Сұрақ:
Ораза уақытында гүл сияқты хош иісті 
өсімдіктерді иіскеуге бола ма?
Жауап: 
Гүл, әтір сияқты хош иісті заттарды иіскеу оразаны 
бұзбайды. Сонымен қатар түрлі иіс суларды пайдалану да 
оразаға зиян келтірмейді. Алайда темекі сияқты заттардың 
түтінін әдейі иіскеу оразаны бұзады.
Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар


25
Сұрақ:
Күндіз әйелімен жақындасып қойса не болады?
Жауап: 
Рамазанда күндіз әдейі жақындасқан жағдайда 
ерлі-зайыптылардың оразасы бұзылады. Оны өтеуі арасын 
үзбей екі ай толық ораза ұстау және бір күн қазасын тұту. 
Ал егер оған шамасы жетпесе, 60 міскінді тамақтандырады. 
Алайда, ораза екенін ұмытып жақындасса, оразасы 
бұзылмайды.
Сұрақ:
Оразада ауыз ашқаннан соң ерлі-зайыптыларға 
жақындасуға бола ма?
Жауап: 
Иә. Алла Тағала Құранда, «Бақара» сүресінің 
187-аятында: 
«Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе 
жақындасу халал етілді», – делінген.
Сұрақ:
Ораза кезінде әйелін (күйеуін) құшақтап, сүюге 
бола ма?
Жауап: 
Айша анамыз (Алла оған разы болсын): «Оразада 
Пайғамбар жарларын құшақтап, сүйетін еді, алайда 
басқаларға қарағанда ол өз-өзіне ие болатын», – деген. 
Бұл жерде ескеретін жағдай, әйелін сүйгенде шәует бөлініп 
кетпейтініне және жыныстық қатынасқа түсіп қоймайтынына 
сенімді болса, сүюіне рұқсат. Сенімді болмаса, сақтанған 
жөн. Өйткені бұл әрекеттің соңы оразаның бұзылуына 
апаруы мүмкін. Ал баланы иіскеп сүюдің еш сөкеттігі жоқ.
Сұрақ:
Ораза уақытында ауызға жаңбыр тамшысы кіріп 
кетіп оны жұтып қойса, ораза бұзыла ма?
Жауап: 
Ораза екені есінде бола тұра аузына тиген жаң-
быр тамшысын абайсызда жұтып қойса, оразасы бұзылады. 
Мұндайда бір күн қазасын өтеуі қажет. Егер ораза екенін 
ұмытып, жаңбыр суы
еріксіз аузына кірсе, бұзылмайды.
Ал әдейі жұтатын болса, оразасы бұзылып, кәффарат өтеуі 
шарт болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет