Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022



Pdf көрінісі
бет48/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60
Иғтикаф


65
Сұрақ:
Иғтикаф қанша уақытқа дейін созылады?
Жауап: 
Уәжіп иғтикафтың ең аз уақытын имам Әбу 
Ханифа бір күн деп көрсеткен. Өйткені уәжіп иғтикафта 
ораза ұстау шарт. Ал, оразаның ең кемі бір күн. Соған сай 
уәжіп иғтикафтың да ең аз уақыты бір күн 
(Абдуллаһ ибн
Махмуд ибн Маудуд әл-Маусыли әл-Ханафи, «әл-Ихтияр ли таълилил-
Мухтар», 137 б.)
. Ал нәпіл (уәжіптен өзге) иғтикафтың ең аз 
уақыты имам Мұхаммедтің (Алла оны рақымына алсын) 
«Асыл» деп аталатын еңбегінде (бір күннен) аз бір уақыт 
екендігі баяндалған 
( Шахзада Дамад Әфәнди, «Мәжмаъул-әнһур фи 
шәрхи мултақал-әбхур», І том, 377 б.)
. Тіпті Ханафи мәзһабында 
пәтуаға негіз болған көзқарас бойынша отырмай түрегеп 
жүріп те нәпіл иғтикаф жасауға болады 
(Әбу Зәйд Шәләби, «әл-
Мифтах шәрху нурил-идах», 138 б.)
.
Сұрақ:
Иғтикафтағы адам қандай жағдайда сыртқа 
шыға алады?
Жауап: 
Иғтикафта отырған адам мешітте жұма намазы 
оқылмайтын болса, басқа мешітке жұма намазын оқу үшін 
шығуы, кіші не үлкен дәрет алу үшін мешіттен сыртқа шығуы 
шариғатқа сай және табиғи үзір болып саналғандықтан бұл 
істерге рұқсат етіледі. 
Сұрақ:
Иғтикафқа ниет еткен адам тағы неге мән беруі 
тиіс?
Жауап: 
Иғтикафқа кірген кісінің ішіп-жеуі, ұйықтауы 
және қажет заттарын сатып алуы мешітте жүзеге асуы 
қажет. Көп орын алмайтын заттарын мешітке әкелуге 
болады. Мешіт ішінде әзірленген ыңғайлы жер болса, сол 
жерде дәрет алып, ғұсыл құйынады. Мұндай орын болмаса, 
сыртқа шығып дәрет алып, жуынғаннан кейін дереу мешітке 
кіреді. Иғтикафқа кірген адам азан шақыру үшін мұнараға 
шығуына болады. 
Иғтикаф


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет