Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Зекет 76 РАМАЗАННЫҢ ӘР КҮНІНДЕ



Pdf көрінісі
бет57/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Зекет


76
РАМАЗАННЫҢ ӘР КҮНІНДЕ 
ЖАСАЛАТЫН САУАП АМАЛДАР 
ЖОСПАРЫ
Жоспар толық мақсатына жету үшін мынадай кеңестер 
ұсынылады: 

жоспардың әр кезеңінің арасын бөлетін парыз на- 
маздар болсын, өйткені ол намаздарды дұрыс орындауға 
көмектеседі;

егер жоспардан кейбір амалдарды жіберіп алсаңыз,
оны міндетті түрде келесі кезеңде орындаңыз;

бір күндегі кейбір амалдарды жіберіп алсаңыз оны 
қалдырмай, келесі күні міндетті түрде жасап үлгеріңіз;

бос уақытта пайдалы істермен айналысыңыз. Бұл 
жерде бос уақыт деп - бір іс пен басқа бір істің арасында 
болатын уақыттар айтылады. Мысалы, аялдамада көлік 
күту, көліктегі уақыт, азан мен қамат арасындағы уақыт, 
біреуді күтіп жатқандағы т.б. уақыттарды бос өткізбеуге 
тырысыңыз;

бұл жоспарды тек жалғыз өзіңіз емес, басқалармен 
қосылып орындасаңыз жалықпауға, дұрыс орындауға 
көмектеседі және олардың сауабындай сізге де сауап 
жазылады.
Осы кеңестер төмендегі жоспардың ойдағыдай 
орындалуына септігін тигізеді деп сенеміз. 


77
БІР КҮНДІК ЖОСПАР
1. Сәресі уақыты
Мұнда біз үш амалды жасаймыз:
1) Екі рәкағат намаз оқу;
2) Сәресі ішу, оны соңғы уақытқа дейін кешіктіру сүннет;
3) Сәресі уақытынан яғни, таң намазының уақыты кірмес 
бұрын 5-10 минут қалдырып, сол кезде күналарыңды еске 
түсіріп, истиғфар айту (Алладан кешірім сұрау).
2. Таң намазының уақыты
Таң намазының уақытында мынадай он амалды ат- 
қарғанымыз жөн:

Азанды тыңдау мен қайталау және азан дұғасын оқу;

Таң намазының екі ракағат сүннетін оқу (бұл екі 
ракағатты Пайғамбарымыз (Оған Алланың Салауаты мен 
сәлемі болсын) үйде оқып, сосын мешітке шыққан. Ал сіз 
өзіңіз таңдауыңызбен қаласаңыз үйде немесе мешітте 
оқуға болады;

Мешітке бару және шығып бара жатқан кезіңізде 
Пайғамбарымыздың (Оған Алланың Салауаты мен сәлемі 
болсын) үйреткен дұғасын оқу;

Мешітке кірер алдында иғтикәфқа ниет ету. Өйткені, 
иғтикәф аз болсын, көп болсын мешітте қалумен жүзеге 
асады. Сондықтан қанша мешітте болсаңыз соны иғтикәфқа 
ниеттеніңіз.

Мешітке кірерде оқылатын дұғаны оқу;

Мешітке кірген соң екі ракағат «Мешітке сәлем» 
намазын оқу және егер үйде оқымаған болсаңыз таң 
намазының екі ракағат сүннетін де оқу;

Азан мен қамат арасында уақыт болып жатса, өзіңізге 
және басқа да мұсылмандарға дұға қылу, өйткені азан мен 


78
қамат арасындағы дұға қабыл болады. Құран оқу, зікір айту 
т.б.

Қамат айтылғанда жүрегіңізді Аллаға арнаңыз, 
ниетіңізді жаңартыңыз және таң намазына періштелер 
куәлік ететінін есіңізге түсіріңіз. Намазды ықыласпен 
оқыңыз және шамаңыз келгенше оқылатын аяттарды 
түсінуге тырысыңыз.

Парыздан кейін тұрып кетпеңіз, отырып намаздан 
кейін оқылатын зікірлерді оқып дұға қылыңыз, өйткені 
мұның сауабы өте үлкен.

Егер имам намаздан кейін дәріс өткізсе, оған қатысыңыз. 
Себебі ол қысқа болса да, періштелер қатысатын ғылыми 
мәжіліске жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет