Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет13/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   96
Қағбаның салынуы
«Қағба» сөздікте «жоғары, төрт бұрыш» деген мағына береді. Терминде хазірет Ибраһим
пайғамбар мен баласы екеуі салғандығы айқын дəлелдермен беріліп, Меккеде орналасқан,
зиярат етілетін қасиетті ғимарат. Ислами деректерде Қағба сол заманға дейін он бір рет құлап,
он бір рет тұрғызылған
?">[70]
?">. Кейбір деректерде жер бетінде Қағбаның қабырғасын періштелер
қалаған деп те айтылады. Негізінде, бұл күнде біздің көріп жүрген Меккедегі Қағба оның дəл өзі
емес. Ол Қағбаның белгісі ретінде тұрғызылған қабырғалары ғана. Ал Қағбаның өзі тылсым-
сырға толы алып құрылыс. Оның іргетасы жерде болғанымен, ұшар басы жеті қабат көктің арғы
жағындағы Ұлы Арыштың астында. Сол жерде де «Бəйтул-Мағмұр» делінген Қағба тəрізді үй
бар. Бəйтул-Мағмұрды күніне жетпіс мың періште тауап етеді. Бірақ сол періштелердің
қияметке дейін қайта келіп тауап етулеріне кезек тимейді.
Хазірет Адам жер бетіне түскен соң, періштелердің көмегімен Қағбаны қайта тұрғызған.
Нұх пайғамбардың заманындағы топан суға дейін Қағбаны Адам атаның балалары жөндеуден
өткізіп, күтіп ұстаған. Жер бетін топан су қаптаған кезде, Қағба құлап, орны білінбей кеткен.
Кейіннен бірнеше ғасырлар өткен соң хазірет Ибраһим пайғамбарға Хақ тағала уахи арқылы
Қағбаның орнын айтып берген соң, баласы екеуі қайта салған.
Қағба – жер бетіндегі ең алғашқы құлшылық орны. Бұл хақында Құранда: 
«Негізінен адам
баласы үшін (құлшылық мақсатында) Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл əлемге мүбəрак
жəне тура жол?">»
?">[71]
, – деп айтылады. Қағбаның хазірет Адам заманында салынуы – жер бетіне
əуел бастан-ақ мəдениет пен өркениеттің етек жайғанына куəлік етеді. Сондықтан адам баласы
жер бетіне түскен кезден бастап-ақ өркениет дами бастаған. Адам əрқашан да адам. Кешегі мен
бүгінгі адам баласының ой-санасында ешбір айырмашылық жоқ. Яғни жаратылысы бір. Сөйтсе
де мына заманның өркениетін ол кездің өркениетімен салыстыра алмайсың. Айырмашылығы
сол – алғашқысы себілген тұқым болса, ақырғысы содан көктеп шыққан алып ағаш яки соның
жемісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет