Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған


Тыйым салған ағаштың жемісінен жеу



Pdf көрінісі
бет10/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   96
Тыйым салған ағаштың жемісінен жеу
Христиандар Адам ата мен Хауа ананың ағашқа қол созғанын үлкен күнə санап, сол күнə
дүниеге келген əрбір нəрестенің бойында қалып, қияметке дейін жалғасады деп түсінеді.
Алайда бұл Ұлы Жаратушының адамзатты жарату хикметіне сай келмейді. Өйткені Жаппар Ие
адам баласын Өзін танып, тек өзіне ғана құлшылық қылсын деп сынау үшін жаратқан.
Ақырында, ізгі амал жасағандарға сый-сияпат, жамандық істегендерге азап беріледі. Ендеше,
Исламда 
«Біреудің күнəсін біреу көтермейді»
?">[56]
?">. Яғни əкесінің күнəсін баласы көтермейді.
Өйткені əкесі күнə жасаса, оны өз еркімен жасайды. Біреу қылмыс жасаса, жазасын басқалар
өтеуге тиіс емес. Бұл – илаһи əділдік. Ендеше, Хақ тағала не үшін біреудің күнəсін өзгенің
мойнына іліп, оны жазаға тартуы тиіс. Аллаһ тағала бұндай əділетсіздіктен мүлде ада һəм пəк.
Мəселенің назар аударатын тағы бір жағы: хазірет Адам атаның бұл əрекетін күнəға
жатқызуға бола ма? Ол пайғамбар емес пе еді? Пайғамбарлардың негізгі ерекшеліктерінің бірі –
пайғамбарлықтан бұрын да, кейін де күнəдан пəк болуы емес пе еді? Олай болса, олардың
жіберіп алған кейбір ұсақ жаңсақтары дінімізде «зəллə» деп аталады.
«Зəллə» деп аталатын осы болмашы ұсақ жаңсақтар пайғамбарлардың дəрежелері мен
жағдайларына қарай орын алады. Пайғамбарлардың осы ұсақ жаңсақтарын тырнақ астынан кір
іздеушілер кешірілмес күнə етіп көрсетуге ұмтылады. Алайда қарапайым адамдар мұны жаңсақ
ұғып, қате жорымауы тиіс. Пайғамбарлар Аллаһ тағалаға өзгелерден əлдеқайда жақын
болғандықтан, ізгі істерінің өзіне көңілі толмаса, өздерін жазғырып, өкініштен өзегі өртеніп,
осының өзін қателік санаған.
Сондықтан да олардың дəрежесіне қатысты осы ұсақ жаңсақтықтарды ағаттық деп қараудың
өзі үлкен қателікке жатады.


Құран кəрім Адам ата туралы: 
«Адам Раббысына қарсы келіп, жолынан адасты. Сосын
Раббысы оны таңдап тəубесін қабыл етті де, оған тура жолды көрсетті?">»
?">[57]
?">, – дейді.
Адам ата өзін сүрінбей жатып, сүрінуден қорғап қалған Раббысына бет бұрып тəубеге келген
еді. Бұл – «зəллə», яғни, ұсақ жаңсақтық еді. Адам ата мен Хауа ана Аллаһ тағаланың тыйымын
ұмытып кетіп, осындай ағат қадамға барды. Ұмыту – пенделіктің белгісі. Аллаһ тағала
«ұмытты» деу арқылы Адам ата туралы жаман ойлауымызға жол бермей, артынша оның тəубеге
келгендігін айтады.
Аятта Адам ата мен Хауа анамызға жеміске жақындамау жөнінде əмір берілген соң нақты
қанша уақыт өткені бір Аллаһтан өзге ешкімге белгісіз. Ең анығы, Адам ата осы бұйрықты алған
соң, арада көп уақыт өткен. Жеміске салынған тыйым ұмытылған соң орын алған.
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
бір хадисінде: 
«Мына үш нəрсеге қалам жазылмайды:
ұмыту, қателік жəне зорлықпен істелген іс»
?">[58]
, – деген. Яғни, адам ұмытып кетіп, қандайда
бір қатеге қадам басса, оның сөкеттігі жоқ. Ендеше, Адам атаны күнə жасады деп жазғыру дұрыс
емес.
Һəм пайғамбарлар – Хақ тағаланың рақымшылдығының көрсеткіші. Олар адамдарға
қиыншылық тудыру үшін емес, екі дүние бақытына бастау мақсатымен жіберіледі. Сол себепті
олардың ижтиһад қателіктерінің өзі түбінде үмбетіне қайырлы. Ендеше, Адам пайғамбардың
қателігінде де осындай қайыр бар. Ең алдымен, ол – адамзаттың түп атасы. Ал адам баласы
жаңылмай тұрмайды. Хақ тағала адам бойына ұмыту мен қателесу қасиеттерін де белгілі бір
мақсатпен берген. Ол осы екі қасиеті арқылы өзінің пенде екендігін еске түсіреді. Бұған қоса
қателік жасаған соң, хазірет Адам атаның дереу тəубе еткенін де ескеру керек. Осылайша ол
ұрпағына ең басты қажетті нəрсені үйретеді. Өйткені адам баласы осынау өмірде сан жығылып,
талай опық жеп, қателіктерінен сабақ алады. Қайта тұрудың, қалай шығудың жолын іздейді.
Міне, осылардың барлығына төтеп берудің жолын бабасы Адам көрсетеді. Яғни, ей, ұрпағым!
Өмірдің қалтарыс-бұлтарыстарында қилы-қилы кезеңдерге тап келуің мүмкін. Шайтанның
азғыруымен кейде тіпті өмірден адасып кетуің де ықтимал. Міне, сондай кезеңде өздеріңді
құрдымға итермелемей тəубе етіңдер дегені. Тəубе – адамның қатесін түсініп, енді қателеспеуге
іштей бекінуі. Қанша күнəға батса да, Хақ тағаланың рақымынан үміт үзбей, өзіне жəрдемдесуін
тілеуі. Иə, тəубе – қараңғылықта адасқан жанның ұзақтан жылтырап, өзіне шақырған үміт оты.
Бағыт-бағдарын көрсеткен көктегі Құс жолы мен темірқазығы. Жарқын болашаққа қарай
қанатын талдырмай самғатушысы.
Тəубенің қаншалықты үлкен нығмет екендігі мына хадисте баяндалған: 
«Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
 бір күні: «Мұсылмандардан күнəсі бола тұра Жаннатқа кіретіндер болады»,
– дейді. Сонда сахабалар: «Қалайша, Аллаһ расулы?» – деп сұрағанда, ол: «Мұсылман жасаған
өз күнəсін ұмытпай үрейленіп жүреді. Раббысына шынайы түрде жалбарынады. Осы арқылы
ол Аллаһ тағаланың кешіріміне ие болады».
Хазірет Адамның осы қателігі арқылы адам баласы жер бетінде өмір сүруге мүмкіндік алды.
Егер ол мүлт кетпегенде, адамзат қазір де жаннатта болар еді. Ал жаннат – сынақ мекені емес.
Сынақ мекені болмағандықтан, адам баласы толық адам шыңына жетіп, Жаратушысын танып-
біле алмайды. Яғни Адам атаның жаңсақтығы – жүз мыңдаған пайғамбарлардың пайғамбарлық
шыңдарға, миллиардтаған адамдардың толық адам шыңына жетуіне арқау болды. Ендеше, ол
қателеспегенде, адамдардың бəрінің де мəртебесі бірдей болып қалар еді. Онда Əбу Жəһил мен
Əбу Бəкірдің бір-бірінен ешқандай айырмашылығы болмас еді. Аллаһ тағала адамзатты жер
бетіне халифа етіп жаратуында белгілі бір мақсат бар. Міне, Адам ата осыған себепкер болды.
Аллаһ тағала хазірет Адам мен Хауа ананы жаннаттан қуған жоқ. Олардың мекені жер беті


болатын. Хақ тағала оларды жаннатқа кіргізіп, содан кейін шайтан арқылы жер бетіне
түсіруінде де сырлы хикметтер бар. Яғни, ей, Адам баласы! Шайтан сендердің ата-аналарыңның
жаннаттан шығарылуына себепкер болды. Ендеше, шайтанның азғыруынан сақтаныңдар. Ол ата-
аналарыңды жаннаттан шығарғаны тəрізді, сендерді де сол Жаннатқа кіргізбеуге бар күшін
салады. Айтқандай-ақ «Ағраф» сүресінде: 
«Ей, Адам баласы! Шайтан ата-аналарың Адам мен
Хауаны алдап, Жаннаттан шығарғаны тəрізді сендерді де бүлікке итермелеп, бір пəлеге
қалдырмасын. Өйткені сендер оны, тайпасын көре алмасаңдар да, олар сендерді көреді. Біз
шайтандарды иман келтірмеушілердің досы қылдық»
?">[59]
?">, – дейді.
Сөз ақыры, Хақ тағаланың оларды Жаннаттан шығаруы кездейсоқ емес. Бұның бəрі алдын-
ала жазылған тағдыр арқылы болып отыр. Мына хадисте де тағдырға қатысты мəселе айтылады:
«Адам мен Мұса рухтар əлемінде кездесіп, сөйлеседі. Мұса: «Ей, Адам! Сен бабамызсың! Бізді
Жаннаттан шығарып, мақұрым қылдың», – дейді. Адам оған: «Ал сен Мұсасың. Аллаһ сенімен
тілдесіп абыройыңды асқақтатты. Саған арнайы кітап жазып түсірді. Аллаһ тағала мені
жаратудан қырық жыл бұрын тағдырыма жазған осы мəселе үшін мені неге кінəлайсың?» –
деп Мұсаны уəжге жығады»
?">[60]
?">. Осы хадиске назар салсақ, аталмыш оқиға əуел бастан
тағдырда жазылып қойған. Аллаһ тағаланың адамзатты жаратудағы мақсаты – хазірет Адамның
Жаннаттан жер бетіне түсу арқылы ғана іске асатын еді. Ешқандай себепсіз ол екеуін
Жаннаттан шығармақ емес. Осы оқиғалар арқылы илаһи тағдыр іске асқан
?">[61]
?">.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет