Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет14/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Адам атаның көз жұмуы
Алғашқы адам һəм пайғамбар Адам ата дерек көздерінде шамамен мың жылдан ұзақ өмір
сүргені айтылады. Демек, бұрынғы адамдар бізден əлдеқайда ұзақ өмір сүрген. Оған қоса, олар
бізден ұзын болған деседі. Бухаридағы бір хадисте хазірет Адамның бойының алпыс құлаш
екендігі жəне кейін бірте-бірте аласарып шөккені айтылад?">ы
?">[72]
?">. Мысалы, «алпыс құлаш»
шамамен сол кездегі адам бойының отыз метрдей болғанын білдіреді. Ал бүгінгі таңда табылып
отырған бұдан екі миллион жыл бұрын өмір сүрген адамның қаңқасы бізден осыншалық ұзын
емес. Алайда бұл жерде Ислам ғұламаларының көзқарасына тоқтала кетсек, олардың «алпыс
құлаш» деген пікірінің жаны бар. Хадиске көз салсақ, Адамның алғаш жаратылып жаннатқа
кірген кезі алпыс құлаш екендігі жəне адамдардың да Жаннатқа кірерде бойларының алпыс
құлаш болып кіретіндігі айтылған. Ендеше, Жаннат пен жердің өзіне тəн заңдылығы бар. Яғни
Адам атаның бойы Жаннатта алпыс құлаш болған. Ал жер бетіне түскенде кəдімгі орта бойлы
адамға айналған
?">[73]
. Бір ақиқаты – сол кездің адамдары бізден əлдеқайда еңселі болған.
Өйткені хадистің толық нұсқасында: 
«Адамдар уақыт озған сайын аласарып барады»,
– дейді.
Демек хазірет Адамның жер бетіндегі тұрқы Жаннаттағыдай болмаса да қазіргі адамдардың
бойынан əлдеқайда сұңғақ болғандығы айқын. Бұдан шығатын қорытынды: қазіргі қысқа бойлы
мұсылмандар да Хақ тағаланың рақымымен Жаннатқа алпыс құлаш болып кіреді.
Адам баласы жер бетіне бейбітшілік орнату үшін келген. Негізі, адам жаратылысының да
мақсаты осы. Бұны Адам атаның алғаш жаратылған кезіндегі сөзінен байқауға да болады. Бірде


Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
былай дейді: «Аллаһ тағала Адамды өз келбетінде жəне
бойын алпыс құлаш етіп жаратқан кезде: 
«Барып, ана жердегі періштелерге сəлем бер.
Олардың да саған қалай сəлем беретіндіктеріне көңіл қойып тыңда. Өйткені сол сəлем сенің
жəне ұрпағыңның сəлемі болады», – дейді. Сонда Адам оларға жақындап: «Əс-сəлəму
алайкум!» – деп сəлем береді. Періштелер: «Əс-сəлəму алайкə уə рахматуллаһ», – деп жауап
береді. Олар «уə рахмəтуллаһ» дұғасын қосып айтады»
?">[74]
?">. Міне, хазірет Адамның алғашқы
айтқан сөзі осы болатын. Ол əу бастан бейбітшілікті жақтағаны тəрізді ұрпағына да мың жыл
бойы «Қашанда тура жолда жүріп, бейбіт өмір сүріңдер» деуден жалықпады. Ол өзі бұрын
жаннатта өмір сүрсе, жер бетінде де өзінің сол жаннатқа лайық екендігін мың бір машақатпен
дəлелдеді. Ол пайғамбар ретінде де ұрпағына дінді толықтай жеткізіп, оларға жер бетінде қалай
өмір сүру керектігін үйретті. Ол пайғамбарлықтан бұрын да, кейін де пайғамбарлық атқа кір
келтірмей ғұмыр кешті. Сол себепті ол Хақ тағаланың «Сафиуллаһ» деген марапатына ие болды.
Құрандағы: 
«Аллаһ тағала Адамды, Нұхты, Ибраһим отбасын жəне Имран отбасын таңдап,
мерейін үстем етті?">»
?">[75]
аяты да осының бірден-бір дəлелі. Ол сондай-ақ, шапағат хақындағы
хадисте де «Адамзаттың əкесі» деп аталып, үлкен баға берілген. Һəм халифалық тұрғысынан да
«Халифатуллаһ» деп білінеді. Ол сол халифалық міндетін атқарып, ең алғаш рет Хақ тағаланы
жер бетіне паш етті. Осы тұрғыдан алғанда да оның мерейі үстем еді.
Жаратылған кезде күнəдан қалай пəк жаратылса, бұл ғұмырдан көшіп бақилық боларда да
күнəсіз күйінде көз жұмды. Өлер алдында ол Хақ тағалаға жалбарынып өзінің көз
жұматындығын, ал Ібілістің қияметке дейін өмір сүріп, бұның артынан мазақтап күлетіндігін
айтты. Сонда Аллаһ тағала оған уахи арқылы: «Сен қайтадан жаннатқа кіресің. Ол болса
қияметке дейін жер бетіне қанша адам келіп-кетсе, сонша өлімнің дəмін татып, азап тартады»
деп жауап беріп, Адам атаны жұбатады. Кейбір деректерде ол қайтыс болғанда, балалары
денесін Қағбаға жақын Əбу Қубəйс деген төбенің басына жерлегені айтылады. Осылайша
топырақтан жаратылған денесі топыраққа қайтадан кіреді. Оның асыл жары – Хауа ана да көп
ұзамай қайтыс болғаны кейбір деректерде айтылад?">ы
?">[76]
?">. Хақ тағала ардақты Пайғамбары мен
оның асыл жарына мəңгілік разы болып, рақым нұрын төксін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет