Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған


Хазірет Адам мен Хауа ананың жаннаттан қуылуы



Pdf көрінісі
бет9/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   96
Хазірет Адам мен Хауа ананың жаннаттан қуылуы
Аллаһ тағала, егер олар шайтанға алданып, өзінің алдында қарабет болса, оларды жаннаттан


шығарып, жер бетіне түсіретіндігін ескерткен болатын. Сондықтан да олар жасаған
жаңсақтықтары үшін жаннаттан шығып, жер бетіне түседі. Бұдан кейін олардың жаңа өмірі
басталды. Қияметке дейін адам баласы жер бетінде ажалы жеткенше ғұмыр кешіп, берілген
ырыс-нығметтерден пайдаланып, мезгілі жеткенде, бұл өмірден көшіп кететін еді. Бірақ бұл
өлім мəңгілік жоғалу емес. Ақырында қайта тіріліп, дүниеде жасаған амалдарына жауап беріп,
жақсылығы үшін сый-сияпат көріп, жамандығы үшін азапқа тартылатын еді. Жаратушы Жаппар
Иенің хикметі осыны қажет етті
?">[53]
?">.
Аллаһ тағала хазірет Адам мен Хауа ананы жəне шайтанды да жерге түсірген кезде: 
«Бір-
бірлеріңе дұшпан болып жер бетіне түсіңдер!?">»
?">[54]
– деген-ді. Ендеше қияметке дейін шайтан
мен адам баласы бір-бірімен күресіп өтеді. Ібіліс жəне оның нөкері бар айла-амалын қолданып,
адам ұрпақтарын адастыруға тырысады. Адамның жаратылысында осал тұстары бар. Ол ұмыту,
сабыр сақтамау, сезімге тез берілу, ашулану, т.б. Міне, шайтан адамның осы ұрымтал жерлерін
жақсы білді. Бұл жағынан келгенде, адам баласы тез алданғыш-ақ. Дегенмен де Хақ тағала адам
баласын дұшпанға қарсы қарусыз қалдырмады. Аллаһ тағала əу баста оларды Жаннаттан
түсірген кезде, былай деген: 
«Дүниеде адамдарға тура жол жіберемін. (Бұл тура жол – ақиқат
діндері мен пайғамбарлар). Кім осы тура жолмен жүрсе, оны адастырмаймын, əрі күпірден де
аулақ етемін. Олар үшін ешқандай қорқыныш пен қайғы жоқ. Ақырында мəңгілік Жаннатқа
барады. Кімде-кім тура жолдан тайып, шайтанға ілессе, ол дүниеде де, ақыретте де қасірет
шегеді. Мен оларды мəңгілік жаһаннамға тастаймын»
?">[55]
?">.
Яғни адам баласын Хақ тағала ардақтап жаратып, жер бетіне халифа етті. Ақыл мен жүрек
берді. Оған қарсы келген шайтанға төтеп беруі үшін пайғамбарлар арқылы тура жол сілтеді.
Адам ата мен Хауа ана арқылы басталған сынақ қияметке дейін жалғаспақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет