Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет26/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   96
САЛИХ ПАЙҒАМБАР (А.С.)
Адасқан Самуд елі
Һұдқа (а.с.) иман келтірген Ад елі өсіп-өніп, олар тайпа, руға бөлініп шартарапқа жайылды.


Солардың бірі – Самуд елі еді. Кейбір деректерде Самуд Нұх пайғамбардың Сам деген
баласының ұрпағы болып саналады. Самудтан тараған ұрпақ əуелі ру болып, өз алдына Хижаз
бен Шам арасындағы «Уəдил-қура» деп аталатын аймақтың «Хижр» деген өңіріне орналасты.
Кейіннен осы ру бірте-бірте еңсесі биік елге айналды.
Бұл ел кейіннен өз ішінде тоғыз руға бөлінді. Олардың басшылары өз араларында келісіп
алқа тобын құрды. Алайда өздерінің ғана жағдайын көбірек күйттеген олар кейіннен ел
арасында түрлі бүліктер шығара бастады.
Адасқан ел көп ұзамай ағаштан, тастан жасалған пұттарға табыну əдетіне қайта бастады.
Бірте-бірте Аллаһ тағалаға да, ақыретке де сенбей, дүниеде мəңгі жасайтын адамдарша қарекет
етіп, мына жалғанның қызығына берілді. Жаз жайлауға əсем жаздық үйлер жасап, өмірдің
қызығына батса, қыста тауға көшіп барып, тауларды үңгіп үй жасап, сол жерде қыстайтын
болды. «Хижр» сүресінде 
«Олар таулардан берік үйлер үңгіп алатын еді?">»
?">[148]
?"> деп, Самуд
халқының тұрмысынан хабар берілген.
Салихқа пайғамбарлықтың берілуі
Салихтың əкесі халық арасында беделді Удəйд деген кісі болатын. Осы кісінің шаңырағында
бір күні дүниеге шыр етіп сəби келді. Туыстары мен замандастары «өзіңе тартып халықтың
қалаулысы, елдің елеулісі болсын» деп тілек білдірді. Бұл Салих пайғамбар еді. Ел-жұрт оған
қызыға қарап «сүйкімді бала» деп атады. Халық əу бастан-ақ парасаттылығын байқап «бұл бала
тегін емес, бойында бір қасиеттің бары анық» деп, бір-бірлеріне қарап бас шұлғысатын. Алайда
халық бұл баланың бір қылығын түсіне алмайтын. Ол кіп-кішкентай бола тұра, əсте бұлардың
кие тұтып, тəңір еткен пұттарына табынбайтын. Табыну былай тұрсын сол маңайға бір мəрте
болса да маңайлап бармайтын да. Дегенмен олар: «Əлі бала ғой. Өскен соң пұттардың қасиетін
түсінер», – дейтін де қоятын.
Салих ат жалын тартып міне бастаған шағынан бастап, əділдігімен, ізгі қасиеттерімен ел
көзіне түсіп жүрді. Оның жүріс-тұрысы, халықпен қарым-қатынасы, көркем мінез-құлқы ел
ішінде аңыз боп тарады. Салиқалығымен танылған Салихтың аты да затына сай болатын.
Өйткені қашанда əлсіздерге болысып, жарлыларға жəрдем етуден аянбайтын.
Салих жігіт болып есейе бастағанда, халықтың азғындығы тым шектен асып еді. Бір күні
Салихқа Жəбірейіл періште арқылы Хақ тағаладан аян келіп, пайғамбарлық міндет жүктелді.
Мұндай нар көтермес ауыр жүкті тек пайғамбарлар ғана арқалай алатын. Өйткені сан жылдар
бойы пұттарға табынып азғындаған бір елдің бүкіл наным-сенімін іске алғысыз ету, саналарына
сіңіп қалған кесірліктен бірден ажыратып тəухидті сіңіру оңай емес еді. Өйткені Салихтың
жұрты да Ад елі сияқты пұтқа табынған қыңыр жандар болатын. Сол себепті бұл ел «екінші Ад
елі» деп аталған. Аллаһ тағала Құранда бұл елді «Асхабул-хижр»
?">[149]
?"> (Тас иелері) деп атаған.
Өйткені бұлар тас қашаудың əлемде теңдесі жоқ шеберлері болған. Өздері де тастай берік əрі
күшті ел еді. Тастан түйін түю нəтижесінде мүсін жасап соған табынуды шығарған. Олардың
тасқа табынуы екі нəрседен туындаған болуы мүмкін. Əуелі, олар тауды ойып үйлер
жасағандықтан, тастың соншалықты беріктігі мен күштілігін байқап, ақырында оны «құдіретті
күш» деп ойлаған болуы бек мүмкін. Ақырғысы, сол қара тастарды ойып жасаған өздерінің
дарындылығы мен шеберлігіне тəнті болып, қашап жасаған мүсіндеріне табынған да шығар.
Салих (а.с.) осындай елге пайғамбар болып келді. Ол дереу халқын ақиқатқа шақыра
бастады: 
«Уа, халқым! Аллаһ тағалаға құлшылық қылыңдар! Одан басқа ешбір тəңір жоқ. Ол
сендерді топырақтан жаратып əрі сонда өмір сүргізді. Ендеше, сол Жаратқаннан қолдарыңды
жайып жалынып, жарылқау тілеңдер. Һəм тəубе етіңдер. Сөзсіз, Ол құлдарына өте жақын,


олардың тілеген тілектеріне сөзсіз жауап береді»
?">[150]
?">, – дейді.
Салих (а.с.) адамның топырақтан жаратылғанын түсіндіріп, бұған қисынды дəлелдер
келтіріп бақты. Жерді Аллаһ тағаланың адамзаттың игілігіне бергенін айтты. Ал ел табынып
кеткен пұттардың топырақтан жасалғанын, олардың құдай бола алмайтынын түсіндірді. «Жер
мен адамды кім жаратса, Иесі де сол болмақ. Адам да, пұт та топырақтан жасала тұра, қалайша
пұт адамға құдай болмақ?!» – деп ойға шақырды.
Қолдан жасалған пұттардың тəңір бола алмайтындығын айтып, Салих (а.с.) халықты тəубе
етуге, Хақтан кешірім тілеуге үндеді. Адам баласы пенде болған соң қателеспей тұра алмайды.
Бұл – оның жаратылысында бар нəрсе. Алайда тура жол анықталған кезде дереу тəубе етіп
қателігін түзете білу нағыз ерлердің ісі екендігін айтты. Алайда халқы оның сөздеріне құлақ
аспады. Олар: «Ей, Салих! Сен осы күнге дейін арамыздағы үлкен үміт күтіп жүрген
адамдардың бірі едің. Аяқ астынан басыңа не күн туды, бізге ата-бабаларымыз табынып келген
құдайларға табынба дегенің не? Расын айтсақ, біз сенің мына жаңа сеніміңе күдікпен
қараймыз», – дейді.
Иə, Самуд халқы Салихтан мұндайды күтпеп еді. Олар оны «өскенде ел басқаратын көсем
яки қара қылды қақ жарған əділ би, дауға түсер шешен» болады деп үлкен үміт артатын. Бірақ
оның жаңа сенімге, жаңа дінге шақырғанын түсіне алмады. Тіпті бұл жолда құрбан болуға əзір
екендігі, қандай жағдайда да бас тартпайтын ниетін білген сайын, шошына бастады. Салих
пайғамбар сол елдегі ақсүйек отбасынан шыққан адам еді. Əкесі, туыстары лауазымды адамдар
болатын. Сол себепті де Самуд халқы ə дегеннен оған озбырлық көрсетіп, қастық жасай алмады.
Олар кейде Салихтың осы қылығын сан-саққа жорыды. Бірі: «Е-е, оның мақсаты – бізді
алдап-арбап дүниеге қол жеткізу» десе енді бірі сөзін бөліп: «Жо-жоқ, Салихқа дүние, байлық
қажет емес. Онсыз да оның дүниесі көл-көсір. Шамасы, ол елдің билігін көксеп жүр», – десе,
тағы бірі бұған да қосылмай: «Оған дүние де билік та қажет емес. Бар болғаны есінен ауысқан.
Айтып жүрген сандырақтары осының айғағы», – деп соқты.
Салих пайғамбар елдің жел сөздеріне көңіл аудармай, өз міндетін жалғастыра берді. Осы
аралықта да Самуд халқы тіптен байи түсіп, қатігездік пен бүліктің шырқау шегіне жетіп қалған
еді.
Салих (а.с.) оларға: 
«Уа, халқым! Сендер мына қызығын көрген жұмаққа ұқсас бақтар мен
бау-бақшалар, мөлдіреп аққан сарқырамалар, сабағы майыса жайқалған егіндер осылай мəңгі-
бақи құлпырып тұра береді, біз осының қызығын мəңгі көре береміз деп ойлайсыңдар ма?»
?">[151]
«Араларыңда ықылымнан бері өлмей өмір сүріп келе жатқан бір тірі жан бар ма? Кешегі өткен
заманда таудан қашап жасаған мына үйлердің иелері өлмесе бүгін қайда кетті? Олар да бір
кездері сендер сияқты мəңгі өмір сүретіндей, дүниені жалпағынан басып жүрген болатын. Ал
бүгін олар қайда? Иə, бəрі де тынысы біткен кезде өзі жаралған топырағына көмілді де кетті», –
деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет