Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған


Нұхтың (а.с.) баласының суға батуы



Pdf көрінісі
бет22/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96
Нұхтың (а.с.) баласының суға батуы
Нұх пайғамбар үмбетін ертіп аман-есен кемеге мінген кезде, көп ұзамай жер бетін топан су
баса бастады. Жер асты сулары бұрқақтап атқылап жатқанда, бұрын-соңды болмаған дауыл
тұрып, аспан астын қою қара бұлт торлап, найзағай ойнап, жауын құйып кетті. Жауынның көп
жауғаны сонша – ел шын мəнінде асып-саса бастады. Бұл алапат сұмдық Қаһһар Иенің мың
жылдай иманға келмей қасарысқан елге жіберген апаты болатын. Бұл пəлекеттен құтылудың
бір-ақ жолы – Нұхтың кемесіне міну еді. Алайда оған міну – мұсылмандарға ғана нəсіп-ті. Көп
ұзамай жер бетін топан су қаптап, оның үйдей толқындары жартастарды соққылап жатты. Бір
кезде Нұхтың көзіне сол толқындар арасында алға ұмтылып, бір батып, бір шығып жанталаса
жүзіп бара жатқан бір жас жігіт оттай басылды. Нұх пайғамбар оның өз баласы Кенан екенін
бірден таныды. Нұхтың (а.с.) бірнеше баласы бар еді. Бірақ осы баласынан өзгелерінің бəрі де
мұсылман күйде кемеге мінді. Тек Кенан ғана ғасырлар бойы қасарысып сөзін тыңдамай
қойғаны. Нұхтың (а.с.) отбасында Кенанмен қатар өз əйелі де иман келтірмеген болатын. Тіпті
ол кəпірлерге жақтасып, Нұхты (а.с.) сөзден тұқыртып, аяғынан талай мəрте шалуға тырысқан.
Кенан, сірə, анасының сөзінен шыға алмаса керек. Бір жағынан, пайғамбарлық мейірімі, екінші
жағынан əкелік шапқаты түсіп, қатты жаны ашыған Нұх (а.с.) баласына: 
«Ей, балам! Бізбен бірге
кемеге мін. Кəпірлерді таста!»
?">[123]
?"> – деп айқайлады. Кенан сол кезде ақырғы мəрте əкесіне
қарады. Бəлкім өлімнен қорқып мінгісі де келген шығар. Бірақ ол кемеге мінудің шарты –
мұсылман болу еді. Сондықтан да сан ғасырлар бойы кəпірлерге болысып, əкесіне қарсы
шыққан қыңырлығы мен тəкаппарлығы жібермеді. Ол əкесіне: «Жоқ, мен ол кемеге мінбеймін.
Мына тауға бір шығып алсам, топан су тобығыма да жете алмайды» деп айғайлады. Алайда
əкенің аты қашан да əке ғой. Оның үстіне пайғамбарлық рақым да бар. Ол соңғы рет оны дінге
шақырып: «Бүгін ешкім де Аллаһтың əмірінен аттап, өзін құтқара алмайды. Топан судан
Аллаһтың рақым еткендері ғана құтыла алады», – деді. Бірақ Кенан əкесінің бұл сөзін аяғына
дейін ести алмады. Таудай бір толқын Кенанды бауырына тартып ілді де кетті. Осылайша үлкен
бес пайғамбардың бірі – Нұхтың баласы əкесінің көз алдында өлім құшты. Бірақ бұл мейірімді
пайғамбарға оңай тимеді. Жаны күйзеліп, көзінен жас моншақтады.
Нұх пайғамбар (а.с.) осы кезде қолын жайып Хақ тағалаға: 
«Раббым! Күдіксіз, ұлым менің
əулетімнен ғой. Шындығында, Сенің уəдең хақ. Сондай-ақ Сен ең тура үкім берушісің?">»
?">[124]
?">, –
деп жалбарынады. Осы кезде Аллаһ тағала оған: 
«Ей, Нұх! Ол сенің əулетіңнен емес. Өйткені ол


бұрыстықтан таймады. Сондықтан сен білмеген нəрсені менен тілеме. Мен саған
надандардың қатарында болма деп насихат айтамын»
?">[125]
?">, – деді.
Осы сəтте хазірет Нұх дереу есін жиып, өзінің «ижтиһадта» қателік жасағанын ұқты. Иə,
Жаратушы Жаппар Ие оған əулетіңді құтқарамын деп уағда еткен болатын. Бірақ пайғамбардың
əулеті кім болмақ?! Əрине, иман келтіріп, дін жолымен жүргендер ғана. Сондықтан да
пайғамбарға туыстық пен достық жағынан қанша жақын болса да, иман келтірмесе, ол бəрібір
пайғамбар əулетінен, үмбетінен саналмайтын еді.
Аллаһ тағала жүрегіне иман нұрын жақпаған соң, əкесі пайғамбар болса да, оны құтқара
алмайды. Бұл жерден біздің алуға тиісті ғибратымыздың бірі – осы. Яғни, Нұхқа (а.с.) ешқандай
туыстық қатынасы жоқ біреулер иман келтіргенде, өз ұлы мен əйелі иман келтірмеген еді ғой.
Сол себепті адам баласы хақ дінді өзі еркімен таңдап қабылдамаса, оның жүрегіне Хақ тағала
иман шуағын сеппейді. Жақыны пайғамбар болса да, жүрегіне иман дарыта алмайды. Өйткені
оның амалы, жоғарыда айтылғандай, «бұрыс амал». «Бұрыс амал» – кəпірдің жасаған іс-əрекеті.
Кəпір бұл өмірде қанша жақсылық жасаса да, жүрегінде иманы болмаған соң, «бұрыс амал»
болып саналады. Өйткені ол сол амалдарды Аллаһ үшін емес өзінің қара басы, мүддесі үшін
жасаған. Дей тұрсақ та, Аллаһ тағала ондай адамның жақсылықтарын да құр қол қайтармайды.
Бірақ қарымын ақыретте емес, осы өмірде береді. Мысалы, осы өмірде, «ел ағасы», «дара тұлға»,
«данышпан» атанып ұзақ ғұмыр кешеді. Жақсылығының бар қызығын мына дүниеде ғана көріп,
ақыретке бос қайтады.
Сондай-ақ, «бұрыс амалдың қатарына» тілі кəлимаға келген, бірақ өмірде бұрыс жолда
жүрген мұсылман жандарды да жатқызуға болады деп ойлаймын. Яғни өзін «мұсылман»
санайды. Бірақ жасаған ісінің бəрі – кəпірдің ісі. Мысалы, адам өлтіру, зина жасау, ішімдік ішу,
сөзінде тұрмау, аманатқа қиянат жасау, өтірік сөйлеу, т.б. Ел арасында дін туралы сөз бола
қалса, олар «менің атам молда болған, намаз оқыған», т.с.с. əңгімені бастап, ауыздыға сөз,
аяқтыға жол бермеуі мүмкін. Мінекей, түсінген жанға аталмыш аяттарда мынадай ғибрат бар:
атаң молда тұрмақ əкең əулие болса да, сен өзің қисық жолда жүрген болсаң, оның саған келіп-
кетер ешбір пайдасы жоқ. Тілің кəлимаға еркін келгенмен, істеп жүргенің кəпірдің тірлігі болса,
ақыретте тозақ отынан əлгі молда атаң мен əулие əкең де құтқара алмайды. Əркім өз есебін өзі
береді. Біреудің киіп жүрген киімі саған жылу бермейді. Біреудің шайнап бергені ас болмайды.
Сондықтан хазірет Мұхаммед пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
да туыстарына, отбасына,
қызына: «салиқалы амал жасау арқылы өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар. Өйткені мен
сендерді ақыретте құтқара алмаймын», – деп қатаң ескерту жасаған.
Нұх (а.с.) – үлкен бес пайғамбардың бірі. Бірақ солай бола тұра, оның төртінші баласы мен
əйелі кемеге мінбей, теңізге кетіп, ажал құшты. Яғни пайғамбардың баласы яки əйелі болса да,
тура жол бір Аллаһ тағаладан ғана болатын нəрсе. Һəм пайғамбардың қанша жақыны болса да,
өз еркімен иман келтірмеген соң, Хақ тағала оларға тура жолды көрсетпейді. Əрі хазірет Нұхтың
əйелі иман келтірмеумен қатар дін дұшпаны болған еді. Құранда: «Аллаһ кəпірлерге Нұхтың
əйелі мен Лұттың əйелін мысалға келтірген. Олар жақсы екі құлдарымызбен некелескен еді.
Сөйте тұра екеуі де оларға опасыздық жасады. Сондықтан екі пайғамбар да ол екеуін Аллаһтың
алдында қорғай алмады. «Екеуің де тозаққа кірушілермен тағдырлас болыңдар» делінді» деп
айтылад?">ы
?">[126]
?">. Сол себепті кім болса да, ақырет күні пейіліне қарай тиісті жағына барад?">ы
?">[127]
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет