мейірімдісің. Раббымыз, ұрпағымыздың ішінен, оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты əрі
үкімдерін үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің, күдіксіз, Сен өзің ғана аса үстем,
өте данасың»
?">
[196]
?">, – деп жалбарынады. Баласы Исмайыл да қасында қол жайып «əмин» деп
қайталап тұрады.
Иə, Халилуллаһтың (а.с.) осы дұғасы қабыл болып, Хақ тағала ақыр заман пайғамбары етіп
хазірет Мұхаммед пайғамбарды
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
жібереді.
Қағба
толық біткен кезде, Хақ тағала оларға Қағбаға тауап ететін қажылықтың парыз
болғандығын жария етуіне əмір берді. Хазірет Ибраһим Қағбаның үстіне шығып күллі,
мұсылмандарды қажылыққа шақырды. Естіген халық топ-тобымен келіп Ибраһим пайғамбардан
қажылық парыздарын үйреніп, онымен бірге қажылық жасады.
Хазірет Ысқақ та ит арқасы
қияннан келіп, ағасы Исмайылмен бірге міндетін өтеді. Содан күні бүгінге шейін мұсылмандар
сол бір қасиетті жерге зиярат етіп, қажылық жасап келеді.
Хазірет Ибраһим ақырғы қажылығын əйелі Сарамен бірге жасады. Одан кейін Шамға
оралды. Əйелі Сара жүз жиырма жасында бұл дүниемен қош айтысты.
Оның артынша хазірет
Ибраһим де өзіне жүктелген міндетті толық атқарып барып көз жұмды. Хазірет Ибраһим
Құдысқа жақын Халилур-рахман деген жерде жерленеді.
Достарыңызбен бөлісу: