келмеуі үшін Аллаһтан дұға тілеп тұрды. Ол əйелін көрген кезде, орнынан қозғалмастан «Бұл
кім?» дегендей, қолымен ишарат етті. Əйелі: «Аллаһ кəпірдің құрған тұзағына өзін түсіріп,
Ажарды маған қызметші етіп берді», – деп шүкіршілік айтты.
Хақ пайғамбар көп ұзамай əйелі Сара жəне күңі Ажармен бірге Мысырдан Палестинаға
көшіп, сол жерге қоныс тепті. Хазірет Сара жасы жетпістен асса да, бала көтермеген еді. Ол
бұдан кейін де перзент сүйе алмайтынын түсініп, бірақ ерінің ұрпағы болуын армандады. Сол
себепті еріне күңіне үйленуді ұсынды. «Мүмкін содан ұлды болып, сол ұл мына қартайған
шағыңда көмекшің болар», – деді. Хазірет пайғамбар оның сөзін жөн көріп, күңі Ажарға
үйленді. Хазірет Ажар да жай ғана күң емес, Мысыр елінің патшасының əйелі болатын. Бірақ
перғауынның əскерлері бір түнде шабуыл жасап əлгі патшаны өлтіріп, əйелі Ажарды күң етіп
алған-тұғын.
Хазірет Ажардан көп ұзамай Исмайыл дүниеге келді. Осылайша хазірет Ибраһимнің жасы
сексеннің
алтауынан асқанда, ұлды болды. Хақ пайғамбар қуанышы қойнына сыймай Аллаһ
тағалаға шүкір етті. Хазірет Сара да оның қуанышын бөлісті. Бірақ оның қуанышы ұзаққа
созылмады. Ол баланы жəне оның анасын көрген сайын жүрегіне «шіркін мен де ана болсам»
деген арман ұялай бастады. Осы бір арман-тілек күннен-күнге ұлғайып, жараға айналып, ақыры,
хазірет Ибраһимге бір күні сырын жайып салды. Ол ерінің өзге əйелден бала сүйгеніне
ешқандай қарсылығы жоқ екендігін, қайта қуанышына ортақтығын, бірақ оларды көрген сайын
өзінің де ана болғысы келетіндігін алайда ана бола алмайтындығын ойлаған сайын, жаны жай
таппай, жүрегі сыздайтындығын айтты. Һəм оның бала туа алмауы Хақ тағаладан берілген бір
сынақ еді. Егер ана мен бала көз алдында жүрсе, осыған сабырлық таныта алмай,
сынақтан
сүрінуі мүмкін-ді. Сол себептен ана мен баланы өзінен ұзақ бір жерге апарып тастауын өтінді.
Осы кезде Хақ тағаладан уахи келіп, əйелінің өтінішін орындауын бұйырды. Яғни бұл жердегі
хикмет – хазірет Исмайылдың Меккеде өсуі тиіс болатын. Мінеки, хазірет Сараның да өтініші
осыған сəйкес келді. Хақ пайғамбар жас əйелі мен баласын Мекке төңірегіндегі тау-тастың
қуысына əкеліп тастады. Айнала елсіз сахара, жерге қылтаң шықпайтын. Хазірет Ибраһим
оларға бар-жоғы бір қоржын құрма мен бір торсық су қалдырды. Ол кетіп бара жатқанда, Ажар
ана да артынан қалмай: «Ибраһим! Бізді қайда тастап кетіп барасың?
Мына елсіз тау-тастың
арасына бала-шағаңды шынымен-ақ тастамақпысың?» – деп таңдана сауал тастады. Хақ
пайғамбар Аллаһ тағаланың əмірін қаз-қалпында орындай алмай қаламын ба деп қорқып,
артына бір рет болсын мойын бұрмады. Сонда Ажар дауыстап: «Əлде саған осылай істе деп
Аллаһ тағала əмір етті ме?» – дегенде ғана, ол: «Иə» деп жауап берді. Сонда ғана хазірет Ажар
кілт тоқтап: «Олай болса Аллаһ бізді қараусыз қалдырмайды», – деп артынан жəудірей қарап
қалды.
Мінеки бұл жерде пайғамбарға да оның əйеліне де жарасатын үлгі-өнеге бар. Пайғамбардың
Хақ тағалаға деген иманының беріктігі сол – тіпті əйел, бала-шағасын елсіз, сусыз «Құлан
жортпас қу медиен далаға» тастап артына бұрылмай кетіп бара жатса да, əйелі бұның Хақ
тағаладан екендігін білген сəтте ерінің артынан жүгірмей, тəуекел етіп қалып қойды. Осылайша
жалғыз ана баласымен сахарада тау мен тастың арасында қала берді.
Айналада өзен тұрмақ,
бұлақ та жоқ. Қыл аяғы қылтан да жоқ. Оның үстіне ми қайнаған аптап ыстық. Түздің жыртқыш
аңдары өз алдына.
Хақ пайғамбар бала-шағасынан бөлініп сүт пісірім жер жүрген соң тоқтап, Қағба жаққа
қарап қолын жайып дұға етті.
Ол Құранда былайша берілген:
«Я, Раббым! Осы қаланы бейбіт қыл! Мені жəне ұлдарымды пұттарға табынушылардың