Хақ тағалаға сəжде етіп, адами қасиеттеріңе қайта оралыңдар. Мен сендерге екі дүниенің
пайдасы мен зиянын көрсетудемін. Осы уазипамның астарында қандай да бір дүниелік пайда
жатыр деп ойламаңдар. Осы ісім үшін сендерден ешбір ақы талап етпеймін. Менің ақым Хақ
тағалаға ғана тиесілі?">»
?">[199]
, – дейді.
Жанына батырып айтқан Лұт пайғамбардың ескертулерінен Садум елі мезі бола бастады. Бір
күні басшылары жиналып: «Бұл Лұт біздің басымызға пəле болып жабысты. Ол бізге «дүниенің
пайдасы» дейді. Дүниенің пайдасы мен қызығын біз онсыз да көріп жатқан жоқпыз ба? Одан да
Лұтты да, оған иман келтірген адамдарын да елден қуайық», – деп, бір ауыздан мақұлдасты.
Олар Лұт пайғамбарға барып: «Ей, Лұт! Егер сен біздің дəстүріміз бен жүріс-тұрысымызға
осылай киліге беретін болсаң онда біз сені елден аластатамыз»
?">[200]
?">, – дейді. Олар осыған ғана
тоқтамай, оған: «Ей, Лұт! Егер сөзің тура болса, Құдайдың
азабын біздің басымызға төндір,
қанеки, көрелік мықтылығыңды. Біз сенің бір сөзіңе де сенбейміз. Қане, қайда əлгі уағда еткен
азабың? Шамаң келсе тезірек алып кел!?">»
?">[201]
?"> – деп зеки сөйлеп, миықтарынан күліп,
келемеждеді.
Хақ пайғамбар осы сөздерінен олардың əсте иман келтірмейтіндіктерін ұқты. Өйткені мына
сөздері арқылы жан-дүниесі қарау тартып, жүректерінде иман
ұялайтын жер қалмағандығын
білді. Олардың жүректеріне мөр басылған еді. Кімге мөр басылса, ол əсте мұсылман бола
алмайды. Хазірет Лұт оларға:
«Əрине мен сендердің қылықтарыңнан жиіркенемін»
, – деді де,
Хақ тағалаға қол жайып:
«Раббым мені жəне отбасымды бұлардың сұмдықтарынан құтқара
гөр!»
?">
[202]
?"> – деп дұға етті.
Достарыңызбен бөлісу: