Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет42/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   96
Азап періштелерінің келуі
Жаратушы Жаппар Ие хазірет Лұттың дұғасын қабыл етті. Садум елінің астаң-кестеңін
шығарып, жер бетінен жойып жіберу үшін, үш періште жіберді. Үш періште Хақ пайғамбарға түс
əлетінде келді. Бұл кезде Пайғамбар бақшада жүрген болатын. Үш жолаушының өзіне қарай келе
жатқанын байқап «Үшеуің де бейтаныс адамдар екенсіңдер, менде не бұйымтайларың бар еді?»
– дейді. Олар оған құдайы қонақ екендігін айтады.
Періштелер жүздерінен нұр тамған көрікті жас жігіт бейнесінде келген болатын. Лұт (а.с.)
олардың осы бейнесін көрген сəтте-ақ, іштей қатты абыржып, уайымдай бастады. Үйіме
келгенше, ешкім байқап қалмады ма екен? Алда-жалда біліп қалып, үйіме келсе, бұл жігіттерді
қалай қорғаймын деп ойға шомып өз-өзіне: 
«Бұл өзі бір жанға батқан ауыр күн болды
ғой?">»
?">[203]
, – деп күбірледі. «Құдайы қонақпыз» деп алдына келіп тұрған соң, Хақ пайғамбар тіс
жарып ештеңе дей алмады. «Жолдарың əне, бұл елден тез кетіңдер» деуге дəті бармады. «Ауыр
күн» екенін біле тұра, пайғамбар болған соң көтеруіне тура келді. Ол ағасы хазірет Ибраһим
сияқты жаны жомарт пайғамбар еді. Хақ пайғамбар олардан: «Қонақтар! Бұл елдің қандай ел
екенін білетін бе едіңдер?» – деп сұрады. Періштелер: «Қандай?» – деп сұрағанда: «Жер бетінде
бұл елден асқан азғын ел жоқ һəм болған да емес», – деп жауап береді.
Хақ пайғамбар қонақтарын үйіне ертіп кіргізді. Олар үйге кіріп төрге жайғасқан шақта, Лұт
пайғамбардың əйелі Уахила дереу сыртқа шығады да, үйіне қандай қонақ келгенін жұртқа
жайып үлгереді. Уахила пайғамбардың əйелі болса да, иман келтірмеген еді. Сырттай мұсылман
болып көрініп, кəпірдің тірлігін істеген «қой терісін жамылған қасқырдың нағыз өзі» болатын.
Уахиланың сөзі маңайға жайылысымен, сол жердің бар еркегі жиналып, хазірет Лұттың үйінің
айналасын қоршап алды. Олар Лұттан қонақтарды өздеріне шығарып беруін талап етті. Хақ
пайғамбар оларға: 
«Бұлар менің қонақтарым. Мені қонақтарымның алдында масқара етпеңдер.
Аллаһ тағаладан қорқыңдар. Осы жаман қылықтарыңды тыйыңдар. Күнəға жоламаңдар.


Азғындықтарыңды мен білгенмен, мына қонақтарым білмесін?">»
?">[204]
?">, – деді. Алайда шайтанның
құрығына түскен халқы оның сөзіне құлақ аспады. Олар: «Ей, Лұт! Біз сені өзгелердің ісіне
араластың деп жолыңа бөгеу болмадық қой. Енді неге біздің жолымызды кесесің. Біз саған үйіңе
қонақ кіргізбе деп ескертіп едік қой. Сен қалауыңша таза бола бер. Бірақ біздің ісімізге
араласпа. Бізде кемшілік болса, ол өз ісіміз. Сенің бізде шаруаң болмасын!»
?">[205]
?"> – деп жан-
жағынан даурығысты. Лұт пайғамбар (а.с.) оларды бұлай тоқтата алмайтынын білген соң: «Уа,
халқым! Міне, қыздарым. Олар сендер үшін əлдеқайда таза. Оларды сендерге некесін қиып
берейін. Аллаһтан қорқыңдар. Араларыңда жақсы мен жаманды айыра алатын дені түзу біреу
жоқ па?» – дейді. Самуд халқының еркектері: «Ей, Лұт! Сен осы күнге дейін бізді білмейтін бе
едің? Сенің қыздарыңда біздің шаруамыз жоқ. Сен біздің не қалап тұрғанымызды жақсы біліп
тұрған боларсың?» – деп дүрсе қоя берді. Лұт пайғамбар олардың мына сөздерінен кейін қатты
қысылып: «Шіркін-ай! Дəл қазір сендерге қарсы тұратын бір құдіретім яки қорғана алатын
титтей мүмкіндігім болғанда, мынадай күйге түспес едім?">»
?">[206]
, – дейді. Оның осы сөзіне
қатысты Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
: «Аллаһ Лұтқа рақым етсін. «Мықты бір қорғанды
паналасам» деп, сол кезде қатты қиналып, Аллаһқа сиынуды ойламаған», – дейді
?">[207]
. Осы
кезде оның қатты күйзелгенін байқаған періштелер шындықты жайып салды: «Ей, Лұт! Біз сенің
Раббыңның елшілеріміз. Қорықпа! Бізге түк те істей алмайды. Сенің халқың адасудан
арылғылары келмей қасарысып жатыр. Бұдан соң олардың түзелуі əсте мүмкін емес. Сен қанша
насихат айтқанмен, оларға ешбір пайда бермейді. Осы сəттен соң олар саған əсте жапа шектіре
алмайды. Жібер, қанеки бəрі ішке кірсін»
?">[208]
?">, – дейді.
Осыдан кейін Хақ пайғамбар есікті айқара ашқан еді, сыртта ентелеп тұрған еркектер ішке
лап етіп ағылды. Бірақ олар не болғанын түсіне алмай, сең соққан кемедей теңселіп кетті.
Көздері қарауытып артынан түк көрмей қалды
?">[209]
. Бейне бір аналарынан соқыр болып
туғандай күй кешті. Бəрі бірден айқайлап бір-бірін басып-жаншып кимелеп шыңғыра бастады.
Бұлар жай қонақ емес, сиқыршы, дуалаушылар екен деп, қонақтарды кінəлай бастады. Хазірет
Лұт оларды итерген бойы, далаға шығарып тастады.
Періштелер хазірет Лұтқа: «Кештің бір мезгілінде отбасыңды алып тездетіп жөнел. Өзің
олардың артынан жүріп отыр. Ешқайсысың артыңа қараушы болмаңдар. Діттеген межеге
жетіңдер. Таңға жуық олардың шаруасы бітеді», – дейді. Хақ пайғамбар дереу өзіне сенген
үмбетін ертіп түн жастанып жолға шықты. Жары Уахила олармен емес, азғын халықпен бірге
болғысы келіп жұртта қалып қойды. Хазірет Лұт отбасын ертіп қаладан шыққан кезде, майда
тастарды үйіріп алып, бұршақша жаудыратын жел шықты. Бұл азаптың алғашқы белгілері
болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет