ғалымдар осы перғауынның мумиясын теңіз жағалауын қазып жүріп тауып алады. Перғауын сол
сəждеге басын қойған күйінде тұрады. Ғалымдар зерттей келе табылған адамның денесі сол
перғауын заманына сəйкес келетіндігін анықтап қатты таңырқайды. Өйткені оның денесі сол
күйінде шірімей сақталған болатын. Олар қанша зерттегенмен, ғасырлар бойы мумияланбаған
адам денесінің қалай шірімей келгеніне саналары жетпейді. Теңізге батқан перғауынның
денесін көп ұзамай теңіз толқыны жағалауға шығарып тастады. Исрайылұлдары бұл
перғауынның жансыз денесін өз көздерімен көрді
?">[295]
?">.
Қазіргі таңда Лондонда танымал Британия мұражайында мумиялар бөлімі бар. Мұнда əлгі
перғауынның сəждеде жатқан денесі халықтың назарын өзіне аудармай қоймайды. Бұл денені
ағылшын зерттеушілері құм астынан тауып алып, Британия мұражайына қойған. Дене дін аман,
дене мүшелері мен ішкі ағзалары түгел. Тіпті, сарғыш шаштары мен сақалдарына дейін
сақталған. Тағы бір таңқаларлығы дене мумияланбаған. Əдетте, мумияланатын дененің ішкі
ағзалары алынып, арнайы бальзамдалады. Ал мына денеге ешкімнің қолы тимеген. Бұл денені
көрген адам «30 ғасыр бойы шірімей, қалай сақталған?» деп ойланбауы, ғибрат алмауы мүмкін
емес. Тақтайшаға: «Бұл бағзы заманнан біздің дəуірімізге дейін бальзамсыз бұзылмай жеткен
бірден-бір мəйіт. Оның сан ғасыр бойы бальзамсыз сақталу сыры: Мəйіт құм астында қалған
кезінде ылғал мол болған. Құмдағы ылғалдың кебуі мəйіттің бойындағы судың да сорғуына
жағдай жасаған. Құмның бірте-бірте кебуі нəтижесінде Перғауын денесі де бабымен сүрлене
бастаған. Осы үрдістер нəтижесінде бұл дененің бүлінбей сақталынуына жақсы жағдай
туған»
?">[296]
?">, – деп жазылған. Алайда бұл жорамал ғана. Бұл жорамалда дұрыс та бар, бұрыс та
бар. Анығында, бұл тек Құранның мұғжизасы, əрі оның ақиқат кітап екеніне бірден-бір дəлел.
Достарыңызбен бөлісу: