Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет62/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Сахарадағы мұғжизалар
Олар сахарада ұзақ жүрді. Бірде əлде неше күн бойы бір тамшы су таба алмай зарықты.
Ақырында олар Мұса пайғамбарға: «Ей, Мұса! Мүшкіл халімізді көрдің ғой! Су табылар түрі
жоқ. Хақ тағаладан бізге жауын тіле», – деді. Осы кезде Жəбірейіл періште келіп: «Ей, Мұса!
Аса таяғыңды жерге ұр», – деді. Хақ пайғамбар «Бисмиллаһ» деп тасты ұрған кезде он екі
жерден сылдырлап су аға бастады. Ол он екі рудың өкілдерін шақырып əр біріне жеке бастау
бөліп берді.
Олардың шөлдері қанған күннің өзінде аптап ыстыққа шыдай алмай, хазірет Пайғамбарға
тағы да шағымданды. Оның дұғасын тағы Хақ тағала қабыл алып, төбелеріне бұлт жіберіп,
көлеңкелетті. Аллаһ тағаланың ырыс-берекелері бірінен соң бірі келсе де, исрайылдықтар
шүкіршілік етуді білмеді. Бір күні тағы да келіп: «Бізге жейтін нəрсе тап», – дейді. Хақ тағала
оларға бөдене құстарын жіберді. Топ-топ болып ұшқан құстар олардың қастарында ұшып-қонып
жүрді. Кез келген адам оңай ұстап, қорек етті. Сонымен қатар, Хақ тағала оларға нығмет беріп
тұрды. Хазірет Мұса оларға: «Қалағандарыңша жеңдер. Бірақ сақтаушы болмаңдар», – деп қатаң
ескертті. Исрайыл ұрпақтары əуелде оның сөзіне құлақ салып жүрсе де, көп ұзамай халуаны да,
құстың етін де көп қылып қамбаларда сақтайтын болды. Бұл аз болғандай бір күні хазірет
Пайғамбарға: «Ей, Мұса! Біз бір-ақ түрлі тамақтан жалықтық. Біз үшін Раббыңа жалбарын! Ол
бізге жерден өсетін көкөніс түрлерінен қияр, бидай, бұршақ жəне сарымсақ шығарып берсін», –
деді. Хақ пайғамбар ашуланып: «Сендер сапалы азықты сапасыз азыққа ауыстырмақпысыңдар?!
Олай болса, Мысырға барыңдар, сол жерде қалағандарың бар» дейді.
Исрайыл ұрпақтары уəделерін бұзып, құс пен халуаны менсінбегені үшін, Аллаһ тағала
оларға жазасын беріп екі нығметті де тыйып тастады. Бұдан былай олардың айналасында құстар
емес құжынаған шыбындар ызыңдап жүретін болды.
Аспандағы Тұр тауы
Исрайыл ұрпағы күн өткен сайын хазірет Мұсаға əр түрлі сылтаулар айтып, «бүйректен
сирақ шығарып», сөздерінен тая берді. Хақ тағаланың əмірін орындаудың орнына, тіпті
пайғамбарларын атын атап шақырып келемеждейтінді шығарды.
Бір күні олар таңертең орнынан тұрып не болғанын өздері де білмей құттары қашты.
Ұзақтан көрінетін Тұр тауы аспанда, тура төбелерінде қалықтап тұр еді. Олар тегіс «Ей, Мұса!
Қайдасың?! Көмектессеңші!» – деп бəйек болып айқай салды. Бірінен соң бірі сəжедеге
жығылып, біресе жерге, біресе көктегі тауға жалтақтап: «Айналайын Мұса! Бізді мына
сұмдықтан құтқар. Жолыңда құрбан болайық, айтқаныңа көніп, айдағаныңа жүрейік. Бұдан
былай саған толық мойынсұнамыз!» – деп ұлардай шулады. Сонда хазірет Мұса оларға əйгілі 10
шартын қойды:
Аллаһтан өзгеге құлшылық етпейсіңдер.
Ата-анаға бағынасыңдар.
Туған-туыстарыңа жақсылық жасайсыңдар.
Жетімдерге қамқорлық жасайсыңдар.
Кедей-кепшікке көмектесесіңдер.
Адамдарға жақсы сөз сөйлейсіңдер.


Намазды дұрыстап оқисыңдар.
Зекет бересіңдер.
Бір-бірлеріңнің қандарыңды төкпейсіңдер.
Бір-бірлеріңді отандарыңнан қумайсыңдар.
Олардың бəрі жабыла ант-су ішіп, айтылғандарды бір ауыздан мақұлдады. Сол кезде
аспандағы Тұр тауы бұрынғы орнына барып тұра қалды. Исрайыл ұрпақтары сенерін де,
сенбесін де білмей аспанға бір, тауға бір қарап «уһ» деп терең дем алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет