қолбасшыларын ертіп жолға шығады. Сапарға шығысымен, Сүлеймен
патшаға шабарманын
жіберіп, бағынғалы келе жатқанынын хабарлайды. Бəлқис тағын қатты жақсы көретін. Ол жолға
шығарда, сол тағын сарайдың ең құпия жасырын жеріне қойып, құлыптап кілттерін өзімен бірге
алып жүретін.
Сүлеймен пайғамбар оның жолға шыққанын мұсылман болуға бет бұрды деп есептеп,
мұғжиза көрсетпей-ақ иманға күмəнсіз келуіне бір себеп іздеді. Ол дереу жын мен адамдардың
үлкендерін шақырып алып: «Ей, көсемдер! Олар маған мойынсұнып келуден бұрын əлгі əйелдің
тағын араларыңнан жылдам алып келетін біреу бар ма?» – деп сұрайды. Сонда «Ифрит» деген
бір жын: «Оны орныңнан тұрмай жатып алып келемін. Рас, осыған шамам жетеді», – дейді. Ол
сөзін тамамдағанда, кітап іліміне жетік бір адам: «Оны көзіңді ашып-жұмғанша алып келемін»,
– деп жауап береді. Ол «алып келемін» демей жатып Сүлеймен Бəлқистің тағының өз қасында
тұрғанын көрді. Сөйтіп дереу Хақ тағалаға шүкіршілік айтты.
Бұл жерде жын мен адамның арасында бір жарыстың орын алғанын көреміз. Жындар сол
тақты бірнеше секундта алып келмек болады. Алайда ғалым адам оны қас қағым сəтке жеткізбей
алып келеді. Негізінде жындар бірнеше секундта мың шақырым жерге барып келе алады. Алайда
адамда мұндай жылдамдық жоқ. Осы оқиғадан адамның өз ғылымы арқылы жындардан да
жылдам қимылдай алатынын ұғынамыз. Жын мен адам өмірге бір мақсатпен келген.
Айырмашылығы жында күш көп, ақыл аз, адамда ақыл көп, күш аз. Жын бір яки бірнеше тонна
жүкті бір өзі көтеруі мүмкін бірақ ақыл-санаға жүйрік емес. Сондықтан олар да адам-халифаға
бағынады.
Кейбір деректерде тақ келген кезде, Бəлқистің сарайындағы дауыстар да бірге келген деседі.
Бұл Сүлейменге қатысты мұғжиза болғанымен, ғылымға ой тастауда. Қазіргі кезде дыбыс пен
бейнені бір сəтте қашықтан алу мүмкіндігі болса, болашақта
заттарды да демде қашыққа
тасымалдау жолға қойылуы мүмкін. Құран бізге осы жаңалыққа ишарат етуде.
Сүлеймен пайғамбар шеберлеріне бұйрық беріп, тақтың ою-өрнегін өзгертіп тастайды. Яғни
Бəлқис сол таққа өздеріне тəн пұтқа табыну белгісін салдыртқан еді. Сүлеймен патша сол
тақтағы барлық күнге табынуға қатысты ою-өрнектерді жойып, орнына тəухидті бейнелеткен
еді. Бəлқис келгенде, оған тағын көрсетіп: «Тағың осындай ма еді?» – деп сұрайды. Ол əрі бері
қарап «Осыған қатты ұқсайды. Задында бізге бұрын мəлімет беріліп бойсұнған едік», – дейді.
Бəлқис ою-өрнек өнерін жақсы білетін. Ол өзінің тағына бейнеленген тамаша бедерлерден
тəухидтің хақ, күнге табынудың жалған екенін айқын байқайды. Сондықтан оның мұсылман
болуына сəл ғана қалған болатын. Хазірет Сүлеймен оны сарайға ертіп кіргізді. Сарайға кірген
жерде
хауыз жасап, оны суға толтырып бетін əйнекпен жауып қойған еді. Бəлқис суды көріп
бетіндегі əйнекті байқамай суды кешпек болып етегін көтере бастады. Сонда Сүлеймен патша
оған: «Расында, ол – əйнектен жарқыратылып жасалған сарай», – деді. Бəлқис сол сəтте
Сүлеймен патшаның дүние-мүлік жағынан да, парасаттылық пен сана жағынан да, өзінен
əлдеқайда асқақ та биік екенін аңғарды. Өзінің осы уақытқа дейін Хақтан жырақ мағынасыз
ғұмыр кешіп келе жатқанын түсініп:
«Сүлейменмен бірге барша əлемнің Раббы – Аллаһқа
мойынсұнып, мұсылман болдым»
[331]
, – деп тілін кəлимаға келтіреді.
Бəлқис иман келтірген соң, онымен еріп келген уəзірлері де, қолбасшылар да, қызметшілері
де тұтастай мұсылмандықты қабылдады. Ол
жерде көп уақыт тұрып, Ислам дінін үйренеді.
Бəлқистің өзі Сүлеймен патшаға тұрмысқа шығып, кейіннен еліне қайтады. Осылайша Сүлеймен
патшаның Һұдһұдының дəлелі рас шығып, əлгі құстың арқасында Сəбə деген тұтас бір ел
жақсылыққа бет бұрды. Һұдһұд құстың жаннатқа кіруінің де сыры осында жатыр еді.
Сүлеймен патша осындай алып патшалықта табаны күректей қырық жыл бойы Хақ тағалаға
шүкіршілік етумен күн кешті. Баяғы аяқ-қолы шынжырланып бүкіл қамалдар мен сарайлар
салған шайтан-жындар ол өлгенге дейін соның қол астында ауыр жұмыстар істеп ғұмыр кешті.
Хақ тағала оларды бір адамға бағындырып, өздерінің адамзатқа ешқандай əсері жоқ қауқарсыз,
бейшара екендіктерін дəлелдетті. Тіпті олар бұрын адамдарға ғайыптан, болашақтан хабар
береміз деп алдайтын. Алайда ажалы жеткен күні хазірет Сүлейменнің олардың көз алдарында
өлгенін болжағыш бола тұра білмей қалуы өте күлкілі еді.
Иə, Сүлеймен патша бір күні таяғына сүйеніп
сарай салып, қамал қалап жатқан жындарға
қарап тұрған болатын. Жын шайтандар қастарында бақылап тұрған Сүлейменді көріп ауыр
жұмыстарын дамылсыз істей берді. Бір кезде аяқ астынан ажал жетті де, Сүлеймен патша таяқ
ұстаған күйі жан тапсырды. Алайда жын-шайтандар оны өздеріне қарап тұр деп ойлап
жұмыстарын жалғастыра берді. Осылайша бірнеше күн өтті. Сол кезде бір құрт келіп əлгі аса
тяқты кеміріп жей бастады. Уақыт зулап өтіп бір күні асатаяқ мүжіліп сынды да, Сүлеймен
пайғамбар таяқпен бірге жерге құлап түсті. Жын-шайтандар сонда ғана Сүлейменнің (а.с.)
бақилық болғанын аңғарып, аяқ-қолдарындағы кісенді бұзып жан-жаққа қаша жөнеледі.
Құранда:
«Егер жындар ғайыпты білгенде, өздерін текке азапқа салып, ауыр жұмыс істеп
қиналмас еді»
[332]
, – дейді. Аллаһ тағала осы оқиғадан бізге жын-шайтанның адамды
бағындыратындай емес, тым қауқарсыз екенін ұқтырады.
Сүлеймен пайғамбар қайтыс болған соң, ол үстемдік еткен алып мемлекет Яһуда жəне
Исрайыл болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: