да тым шектен шықтың», – деді. Самири сонда: «Мен олардың көрмегендерін көрдім. Елшінің
(Жəбірейілдің)
ізінен бір уыс топырақ алып, оның ішіне тастадым. Осылай істеу маған қатты
ұнады», – деді. Хақ пайғамбар қаһарланып: «Бұл елден көзіме көрінбей дереу жоғал. Бұдан
былай өмірің «маған жоламаңдар» деп безілдеумен өтеді. Бірақ осымен құтылып кетемін деп
ойлаушы болма. Күн ертең мақшарда тағы да есепке алынып, жазаға тартыласың. Ал
енді
өздеріңнің беріліп табынған тəңірлеріңнің сұрқына қара. Біз оны өртеп сосын бөлшектеп теңізге
тастаймыз»
?">[303]
?">, – дейді. Осыны айтты да, Самиридің көзінше алтын бұзауды ерітіп, бөлшектеп
теңізге тастатады. Ал Самири кейінгі өмірінде ел естімеген ауыр науқасқа ұшырап, елсізде
қаңғып өмір сүреді. Денесіне адамның қолы тиіп кетсе-ақ науқасы қатты қозатын, тіпті алыстан
адамның қарайған сұлбасы көрінсе, «маған жоламаңдар», «маған жоламаңдар» деп айқай салып
қашатын болды
?">[304]
.
Хақ пайғамбар халқына: «Уа, халқым! Тəңірлерің Аллаһ тағала ғана. Одан өзге ешбір тəңір
жоқ. Оның ілімі барлық нəрсені қамтыған. Сендер бұзауға табынып өз бастарыңа жамандық
тілеп алдыңдар. Ендеше, дереу сендерді жаратқан Раббыларыңа жалбарынып кешірім сұраңдар,
тəубе етіңдер. Бұл өздерің үшін əлдеқайда жақсы. Сонда тəубелерің қабыл болады. Өйткені Ол
өте рақымды», – деп халқын тəубаға, туралыққа шақырады.
Хақ пайғамбар осыдан
кейін Хақ тағалаға жалбарынып, елі үшін кешірім тіледі. Елінің
надан қылығын кешіру үшін арнайы уақыт белгілеуін сұрады. Хақ тағала осы тілегін қабыл етіп,
орны мен уақытын айтты. Олар Тұр тауына барып сол жерде жамағат болып тəубаға келіп,
жалбарынатын болды.
Хазірет Мұса елінің ішінен жетпіс адамды таңдап алып, Тұр тауына қарай жолға шықты.
Тауға жақындағаны сол еді, айналаны тұман баса қалды. Олар тез сəждеге жығылып,
хазірет
Мұса дұға тілеп, жамағаты «əмин» деп тұрды.
Аздан соң мінəжат бітіп, тұман сейілген кезде жетпіс адамның жүрегін тұман басып: «Ей,
Мұса! Біз бұл тауға неге келдік? Қайда əлгі дауысын естіген Хақ тағала? Ақыры осы жерге
келген екенбіз. Біз Оны көрмей қайтпаймыз», – дейді. Хақ пайғамбар оларға Хақ тағаланы көру
мүмкін еместігін бүкіл ынта пейілімен түсіндірді. Өйткені ілгеріде өзі көрмекке талпынып, Ол
таудан елестегенде таудың быт-шыты шығып, өзі есінен танған болатын.
Хақ пайғамбардың Құдай тағалаға «өзіңді көргім келеді?» деуі мен басқа Исрайыл халқының
«Құдайды бізге көрсет» деуі екі басқа нəрсе. Өйткені пайғамбардың сұрауы иманның
күштілігінен əрі Аллаһқа деген сүйіспеншіліктің белгісі болса, исрайылдықтардың көргісі келуі
күмəн, күдіктің, пайғамбарға қарсы шығудың белгісі еді. Сол себепті олар сөз соңында қатты
кетіп: «Ей, Мұса! Егер сен анық пайғамбар болсаң, онда бізге Құдайды айқын көрсетуің керек.
Ал көрсетпесең, біз сенің пайғамбар екеніңе сене алмаймыз?">»
?">[305]
?">, – дейді.
Өздерінің бұзауға
табынып, тау көтере алмас күнə жасап, соған тəубе еткендеріне сүт пісірімдей уақыт өтпей
жатып, пайғамбарларына қарсы шықты. Олар осылайша қырсығып тұрғаны сол еді, кенеттен
маңайды ащы бір дауыс кернеді де, жасын түсіп, əлгі күмəншіл халық түгел қырылды. Хазірет
Мұса соқа басы ғана қалып, оларға жаны ашып, көз жасын көл қылып жылайды. Ол: «Я, Раббым!
Енді мен Исрайыл ұрпағына не бетіммен барамын. Бұлар олардың ішіндегі ең тəубаға келген
деген адамдар еді. Осы адамдарды мен өзім таңдап отырып ертіп алған едім. Олар «Біздің ең ізгі
адамдарымыз Пайғамбармен бірге қасиетті тауға кетті. Көп ұзамай тəубелері қабыл болып,
мəртебелері өсіп келеді» деп асыға күтіп отыр. Менің жалғыз оралғанымды көрсе, «Біздің саған
сеніп тапсырған ең ізгі тұлғаларымыз қайда?»
деп сұраса, мен не деп жауап беремін.
«Я,
Раббым! Егер қаласаң, оларды да, мені де бұдан бұрын жоқ қылар едің. Арамыздағы
санасыздардың кесірінен бізді жермен-жексен етпекпісің?»
?">
[306]
– деп, бір күн, бір түн басын