Байланысты: Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)
Хауа ананың жаратылуы Хауа ана – алғашқы адам əрі алғашқы пайғамбар Адам атаның өмірлік серігі.
Құранда Хауа ананың жаратылуы туралы былай делінеді:
«Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан жəне одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратқан – Аллаһ тағала?">» ?">[33] , «Ей, адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан жəне одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен қисапсыз ер, əйелді жаратқан Раббыларыңнан қорқыңдар?">» ?">[34] . Яғни, əуелі Адам ата, сосын Хауа ананың жаратылғандығын көреміз.
Сондай-ақ Хауа ананың қалай жаратылғандығына қатысты Ислам ғұламаларының
көзқарастары əр алуан болып келеді
?">[35]
?">. Кейбірі
«одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратқан Аллаһ тағала» деген аталмыш аятқа сүйеніп, Хауа ананың Адам атаның денесінен
жаратылғандығын айтады.
Мəселен, Ибн Касирдің тəпсірінде былай делінген: «Адам ата жаннатта бірталай уақыт
жалғыз өзі өмір сүреді. Ол өзін жалғыз сезініп, рухы құлазиды. Бір күні ұйқыға жатып қайта
оянғанда, алдында Аллаһ тағаланың оның қабырғасынан жаратқан əйел затын көреді. Одан:
«Сен кімсің?» – деп сұрайды. Ол: «Əйелмін», – деп жауап береді. Адам: «Не үшін
жаратылдың?» – дейді. Хауа ана: «Сенімен тұру үшін», – дейді. Осы кезде періштелер келіп,
Адам атадан сұрай бастайды. Адам ата оның Хауа екендігін айтады. Періштелер: «Неге оған
Хауа деген ат берілген?» – деп сұрайды. «Өйткені ол тірі нəрседен жаратылды», – деп жауап
берген еді»
?">[36]
?">.
Басқа бір хадисте: Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
:
«Ей мүміндер! Бір-біріңе əйел заты туралы қайырлы болып, нəзік қарым-қатынас жасауды өсиет етіңдер. Өйткені олар қабырғадан жаратылған. Ал қабырға сүйегінің ең иілген жері – жоғарғы жағы. Егер де оны туралауға тырыссаңдар, сындырасыңдар. Тиіспесеңдер, ол үнемі солай қалады. Сондықтан да əйел заты туралы бір-біріңе нəзік қарым-қатынас жасауды өсиет етіңдер» ?">[37] ?">.
Мүслимнің риуаятында
«...оны түзеуге тырыссаң, сындырасың. Ал оның сынуы талақ болғаны» ?">[38] ?">деген ахад хадисті кездестіреміз.
Келесі бір көзқарас Құран кəрімдегі:
«одан əйелді жаратты» ?">[39] ?">деген аяттың мағынасы
«əйелді адам табиғатынан жаратты» дегенді білдіреді. Ал аталмыш хадистегі «қабырғадан»
деген сөзбен əйел затының қабырға сияқты нəзік жан екендігі меңзелген. «Қабырға» сөзі
астарлы мағынада айтылған делінген.
Əйтсе де, Аллаһ тағала əйел затын қаласа топырақтан, қаласа еркектің қабырғасынан да
жаратуға құдіретті екендігіне күмəн жоқ. Қалай болмасын, Хақ тағаланың Адам атаны
жалғыздықтан құтқарып, əрі оның ұрпағын жер бетінде көбейту мақсатымен оған өмірлік
жолдас етіп, сондай-ақ əйелі ретінде хазірет Хауаны жаратқандығына толықтай иланамыз. Бұл
туралы Құранда:
«Сендердің өз табиғаттарыңа үйлестіріп (өз қастарыңнан) əйел жынысын жаратқаны да, оларға тіршілік лəззаты етіп, сүйіспеншілік, мейірім бергені де ұлылықтың белгісі» ?">[40] ?">, – дейді.