Һəм күллі мұсылман Хақ тағалаға құлшылық қылады. Бес уақыт намаз – тілін кəлимаға
келтіргендерге парыз. Намазды құбылаға – Қағбаға қарап оқиды. Қағбадан басқа бағытқа қарап
намаз оқығанның намазы қабыл болмайды. Қажылықта миллиондаған мұсылман Қағбаны тауап
еткенімен қоймай, соған сəжде қып жатады. Сөйтсе де бұл мұсылмандардың Қағбаға сəжде
еткенін білдірмейді. Мұсылмандар Қағбаның алдында оған емес, Хақ тағалаға сəжде қылады.
Қағба – мұсылманның Хақ тағалаға сəжде қылар құбыласы болса, періштелердің құбыласы
хазірет Адам болды.
Ібілістің сəждеден бас тартуы
Хақ тағаланың Адамға сəжде ету жөніндегі əміріне барлық періштелер мойынсұнды. Тек
Ібіліс қана бас тартқан еді. Құран кəрімде Аллаһ тағала:
«Ей, Ібіліс! Менің бұйрығыма құлақ
аспай, адамға сəжде етуіңе не бөгет болды?» – деді. Ол: «Мені оттан, оны топырақтан
жараттың. Мен, əлбетте, одан қайырлымын, артықпын, қалай оған сəжде етпекпін, менен
артық жаратылыс бар ма?»
?">
[19]
?">
– деп тəкаппарланды. Өзінің қатесін түсініп, тəубеге келудің
орнына ішін өрт шалған Ібіліс: «Мен одан артықпын. Мені оттан, оны балшықтан
жараттың», «Балшықтан жаратқаныңа сəжде қыламын ба?»
?">
[20]
– деп одан сайын кергіді.
Өйткені, ол өзін ең ардақты жаратылыспын деп білетін. Осылайша Ібіліс өзінің бағын байлап, өз
жолын кесті.
Оның бұл əрекеті Аллаһтың рахымынан қуылуына себеп болды. Өйткені ол таяз санасымен
шынайы сырды көре алмады. Өз сезімдеріне беріліп, нəпсісінің жетегінде Аллаһтың əміріне
құлақ аспай, өзінен жаратылысы бөлек адамды Аллаһтың періштелерден де, өзінің болмысынан
да артық қойып, əспеттегенін көтере алмады. Хазірет Адамға сəжде
жасау бұйрығы тек
шайтанның өзіне ғана емес оның нəсіліне де қатысты ед?">і
?">[21]
?">. Белгілі уақытқа дейін мұрсат
сұраған шайтан қателігін мойындап тəубеге келмеді.
Құранда Ібілістің
«алаулап тұрған түтінсіз оттан жаратылғандығы»
?">
[22]
?"> айтылады.
Ендеше ол періште емес. Періштелер нұрдан жаратылған. Ібіліс жер бетінде адамнан бұрын өмір
сүріп жатқан жындар нəсілінен еді. Ол алғашқыда жер бетінде өмір сүрген. Кейін дəрежесі
көтеріліп, періштелердің өзі қызығатын биікке жетті. Кейбір əлсіз деректерде ол бұрын жер
бетінде өмір сүрген жын ретінде сипатталады. Тақуалығы сонша жер бетінде ол табан тіреп,
құлшылық қылмаған тоқымдай жер қалмаған. Кейін көкке көтеріліп періштелердің ұстазы
болған. Ол ұзақ жылдар бойы періштелердің арасында болды. Олармен бірге Хаққа үзбей
құлшылық етіп келді. Аллаһ тағала жалпы көктер мен жердегі періштелерге сəжде ету əмірін
берген кезде, ол да солардың арасында болғандықтан, əмір оған да тікелей қатысты еді. Бірақ
бұл əмір Ібіліске түрпідей тиді. Оның өзіндік сыры бар. Өйткені Аллаһ тағала хазірет Адамға
сəжде ету əмірін бергенге дейінгі бұйрықтарды орындау Ібіліске ауыр емес-ті.
Оның осы
уақытқа дейін қарсылық көрсетпей келуі барлық сынақтар Ібілістің өз қалауына сəйкес түсіп
отырғандығынан болатын. Ендеше адамның тікелей бас пайдасы мен нəпсісіне сəйкес келген
əмірлерді орындау Хақ тағаланың разылығы үшін жасалған істер деп айта қою қиын. Өйткені
Ұлы Жаратушының əміріне өз нəпсісінің қалауына сəйкес келген жағдайда ғана мойынсұнған
жанды Аллаһ тағалаға бағынды ма, əлде өзінің нəпсісіне бағынды ма, ол жағын парықтау
қиын
?">[23]
?">. Сондықтан хазірет Адамға сəжде ету əмірі періштелермен қоса Ібіліске де арналған
сынақ еді. Осы кезде ғана Ібіліс
өзінің шынайы бет-бейнесін, жылдар бойы ішке бүккен
тəкаппарлығы мен менмендігін көрсетіп алды. Сонда ғана періштелер жандарында жүрген
Ібілістің қандай екендігін байқайды
?">[24]
.
Ібілістің бұл жердегі қарсылығы қызғаныштан туды. Ол өзін адамнан үстем санады. Өйткені
адам жаратылмай тұрғанда, жер бетінде, бəлкім, ғаламзатта Аллаһ тағаланың сынағының
сырына бойлап, Оны таныту жындардың міндеті болатын. Ібіліс Аллаһтың əміріне бағынып,
құлшылық қылып, талай сынақтан сүрінбей өтті. Күллі əлемнің ұстазына айналды. Аллаһтың
хикметі шексіз. Қалаған құлын қалаған сəтте сынайды. Бұлай дейтініміз, көп ұзамай Хақ тағала
хазірет Адамды жаратты. Оны бəрінен де, тіпті жындардан да үстем етті. Оның үстемдігін
мойындаудың жалғыз-ақ шарты: оған бағынып, сəжде ету. Аллаһтың əмірі – осы. Тіпті жындарға
да адамға бағынуға тура келді. Олар осыдан кейін өздерін екінші орынға ысырылып қалғандай
сезінді. Бұған төзбеген Ібіліс ақыры тура жолдан тайқып шыға келді. Ішіне от түсіп,
қызғаныштан тұла бойы өртенді. Оның осы ішіне қыл айналмайтын қызғанышы, ақыры, оны
Аллаһ тағалаға қарсы шығуға дейін апарды. Өйткені ол өзінен басқа ешкімнің үстем болғанын
қаламады. Сондықтан да ол өзінің оттан, ал адамның топырақтан
жаратылғандығын айтып,
тəкаппарланды. Адамға сəжде ету əмірі келгенде, нəпсісі кері тартып, аяғынан шалды. Осы сəтте
оған екі жолдың бірін таңдауға тура келді. Бірі – Аллаһ тағаланың əміріне мойынсұну, екіншісі
– нəпсісінің қалауынан шықпау. Ол өз нəпсісін жеңе алмаса, жаһаннамның мəңгілік азабына
баратынын біле тұра, Хақ тағаланың əмірін тəрк етті. Міне, осы сəттен бастап оның жылдар
бойы, бəлкім, ғасырлар бойы Хақ тағала жолында еткен құлшылығы зая кетті. Яғни əу бастан
жүрегінің түкпірінде қыбыр етпей жатқан жемтік құрт жегі құртқа айналып, мезгілі келгенде
қара шұбар улы жыландай көкірегін жарып шықты.
Асылында, Ібілістің бұл əрекеті адамдарға ғибрат болмақ. Яғни Аллаһ тағаланың сынағы тек
қана күнəлар арқылы емес, өмірдің əр түрлі кезеңі мен хал-ахуалдары арқылы да көрініс табады.
Мысалы, бұрынырақта бір асқан тақуа дін ғұламасы өмір сүріпті. Елге көп көмегі тиіп, қаншама
жандардың тура жолға түсуіне себепкерлік етеді. Бар өмірін
қажымай-талмай дін таратуға
арнапты. Елдің барлығы білмегенін осы кісіден келіп сұрайды екен. Күндердің күнінде одан да
тақуа адамдар пайда болыпты. Олар тіпті бұрынғы ғұламаның қателіктерін таба бастайды. Елдің
назары енді жаңа ғалымдарға ауады. Бұдан кейін жиын-тойдың барлығында ел солардың аузына
қарайды. Осы кезде əлгі тақуа ғұламаның ішіне қызғаныш құрты түседі. Ақыры, əлгілерді көре
алмай күндеп, олардың қателігін табу үшін, шариғат заңына қарсы келуге дейін барады. Бар
мақсаты – өзінікін дұрыстау. Өзінің беделін қайта жинаудың жолында дінге қалай қайшы
келгенін білмей де қалады. Бара-бара діннен де шығып қалады. Əһлі-кітап та осылай болған-ды.
Олар Аллаһ елшісін өте жақсы танитын. Бірақ, əрине, иманға келудің жөні бір бөлек те, оны
танудың жөні бір бөлек. Олар танып-білгендерімен қызғаныш пен күншілдіктері иманға келуіне
кедергі келтіреді.
Міне, Ібіліс те жаһаннамға кететінін біле тұра, қызғаныштың қызыл итіне таланып, ашуын
ақылға жеңдіре алмай, «Мен Адамнан артықпын», – деп, өзін жаратқан Хақ тағалаға қарсы
шықты.
Атап айтқанда, Ібіліс мынадай үлкен қателіктер жіберді:
1. Ібіліс ең алдымен өзінің міндетінің құлшылық пен мойынсұну екендігін,
осы екі
міндеттің негізі кішіпейілділікте жатқанын біле алмай, Хақ тағалаға өрескел түрде қарсы
шықты.
2. Аллаһ тағаланың «адамға сəжде ет» деген əмірі оған міндетті бола тұра, осыны орындауға
оның нəпсісі жар бермей, өзінің оттан, ал Адамның топырақтан жаратылғанын, өзінің одан
үстем екендігін дəлелдеуге тырысты. Осы тырнақтың кіріндей уəжін алға тартып, адамға тағзым
етуден қашты. Аллаһтың əміріне қарсы келіп, алғаш рет оңбай адасқан да осы Ібіліс болды.
3. Ібілістің «Мені оттан, Адамды балшықтан жараттың» дегені дұрыс. Бірақ осы дұрыс
үкімді айта отырып, от
пен топырақты салыстыра келе, «отты топырақтан артық» деп қате
топшылауға барды. Яғни ол, бір жағынан, Аллаһтың жаратушы екендігін мойындаса, екінші
жағынан, менмендігі мен тəкапппарлығын жеңе алмай, назарын түгелдей жаратылған затқа
аударып, ерекшеліктің барлығын соған үйіп-төкті. Бірақ ол Аллаһ тағаланың Адамды
жаратуындағы мақсатын қаперіне де ілмеді. Оны жерге халифа
етіп жаратқан соң заттардың
атауларын (мəні мен мағынасын) үйрету арқылы адамға өзгеше бір ерекшелік берілгендігін
көргісі келмеді. Яғни ол Адамда топырақ, өзінде оттан басқа ешқандай ерекшелік жоқ деп
ойлады.
Осылайша
Достарыңызбен бөлісу: