Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет18/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

«Менің
ақым əлемдердің Раббысына тəн. Аллаһ тағаладан қорқып маған бағыныңдар?">»
?">[92]
. Ендеше
менің мақсатымды сан-саққа жорымаңдар. Сөздерімді аяқасты етпеңдер», – дейді.
Бұл сөзден кейін билік басындағылар мен ауқатты мүшріктер келесі бір айлаға көшті. Олар:
«Ей, Нұх! Мейлі, біз барып сөзіңді тыңдасақ тыңдайық. Ол үшін айналаңдағы кілең кедей-
кепшіктерді қуып жіберсең дұрыс болар еді. Олармен қатар отыруды біз өзімізге ар көреміз.
Сонда жаныңда отырып, айтқандарыңа құлақ салар едік?">»
?">[93]
, – деп мəймөңкеледі.
Бұл тұста олардың ішкі ниеті иман келтіру емес, Пайғамбар мен оған бағынған
мұсылмандардың арасына іріткі салу еді. Кедейлерді маңайынан қудырып: «Демек, оның


пиғылы байлармен теңесу. Кедейлерді əшейін көз ғып ұстаған. Біз оны əшкереледік», – демекші
еді. Бірақ олардың бұл айласы да іске аспады. Өйткені Нұх пайғамбар: «Мен кедейлерді
қасымнан қумаймын. Олар – Аллаһ тағалаға жəне ақырет күніне иман келтірген адамдар.
Иманды жандардың мəртебесі қашан да биік. Һəм осы пейілі үшін Аллаһ тағала оларға ақыретте
көз көріп, құлақ естімеген, ешкімнің қиялына келмеген тосын нығметтер дайындауда. Сендер
адамның бағасын өткінші дүние мен болмашы мансапқа қарай өлшейсіңдер. Иман келтірген
адамның жан тазалығын, ақыреттегі сыйын білмейсіңдер. Иман етудің қандай бақыт екендігін
сезбей тұрып, бұндай талапты қалай қойып тұрсыңдар?! Ей, адамдар! Иман келтіруден артық
қандай абырой бар? Егер мен оларды қуатын болсам, күн ертең мақшарда Жаратушының
қаһарынан мені кім құтқара алады? Сендердің мына ұсыныстарыңды мен əсте қабыл
етпеймін»
?">[94]
?">, – деп жауап береді.
Жүз түрлі айла, мың бір түрлі шарғы жасаса да, бəрібір үстем таптың Нұхқа (а.с.) шамалары
келмей, қатты састы. Олар өзіндегі билік пен дүниенің көптігіне арқа сүйесе, Нұх (а.с.)
əлемдердің Раббысы – Аллаһ тағалаға арқа сүйеген елші еді.
Бірақ мүшріктер бұнымен тоқтап қалмады. Ақырында, «Ей, Нұх, егер сен мына ісіңді
тоқтатпайтын болсаң, ажалың бізден», – деп қорқытты. Бірақ пайғамбар бұған да құлақ
аспастан, өз ісін əрі қарай жалғастыра берді. Мүшріктер тағы да халықты айдап салғанды жөн
көрді. Сол себепті халыққа: «Нұхтың мақсаты – ғасырлар бойы ата-бабаларымыз табынып
келген Уəдд, Суəғ, Яғус, Яғук, Наср атты пұттарды қирату, жолымыздан адастыру. Біз əрқашан
өз салтымыздан аттамай, ата-бабаларымыздың жүрген жолымен жүруге тиіспіз. Олай болса,
дəстүріміздің жауы Нұхтың сөзіне құлақ аспаңдар», – деп тапсырды.
Бұл үгіт халыққа əжептəуір əсер еткендей болды. Алайда Нұх пайғамбардың жалынды
сөздері бұл жоспарды да жарамсыз етті.
Ақырында, Нұх пайғамбар елінің басшылары ең ақырғы жоспарларына көшіп, пайғамбарға
иман келтірген əлсіз мұсылмандарды ұстап зынданға тастады. Иман келтіргені үшін соққыға
жығып, қоқан-лоққы көрсетті. Нұхтың дінінен бас тартуға мəжбүрледі. Бірақ бұдан да күткен
нəтиже шықпады. Қанша азаптаса да, ерекше шыдамдылықпен бірде-бір мұсылман ақиқат
діннен қайтпады. Тіпті қаймықпастан жауға қарсы тұра білді
?">[95]
?">.
Ай емес, жыл емес, талай ғасыр өтсе де, Нұх (а.с.) насихаттан жалықпай, өз міндетін атқара
берді. Хақ тағаланың бар екенін, жалғыздығын, кешірімшілдігін, адамдарға берген шексіз
нығметін айтудан бір тынбады. Ғаламның жаратылысы жайында сөз қозғап, саналарына сəуле
құйып бақты. Бірақ қырсық ел бəрібір міз бақпады. 
«Раббыларыңнан жарылқау, кешірім
тілеңдер. Өйткені Ол өте кешірімшіл?">»
?">[96]
, – дегенде де селт етпеді.
Құранда да Хақ тағала: 
«Ей, (көп күнə жасап) өздеріне жаманшылық жасауда шектен
шыққан құлдарым! Аллаһтың рақымынан үміт үзбеңдер! Аллаһ барлық күнəларды кешіреді.
Өйткені Ол – өте кешірімді, рақымды»
?">[97]
?">, – деген.
Нұх (а.с.) адасқан елін тура жолға шақыруда халыққа төмендегідей ойға шақыратын көп
өсиет айтты. Аллаһтың берген несібелеріне назар аудартуға тырысты: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет