Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет48/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   96
«Əй,
шыншыл əрі ардақты досым Жүсіп! Бізге мына күрделі түсті жорып берші: Жеті семіз
сиырды жеті арық сиыр жеп жатыр. Сондай-ақ жеті жасыл сабақ пен жеті қураған сабақ».
Жақсы жорысаң, керекті адамдарға барып білдірем, олар естіп, шындықты əрі сенің қадіріңді
білсін» дейді. (Жүсіп): «Жеті жыл əдеттегіше егін егесіңдер. Бірақ аздап жейтіндеріңді ғана
алып, қалғанын сабағымен сақтап қоярсыңдар. Тағы бұдан кейін жеті жыл қуаңшылық
болады. Сол кезде тұқымға ғана аздап алып сақтап, бұрынғы жинағандарыңды түгелімен
жерсіңдер. Ал бұдан кейін молшылық бір жыл келеді: ол кезде халық жауынға қарық болады,
жемістердің суын сығып, малдарды сауады?">»
?">[236]
?">, – дейді.
Оның сөздерін тасқа жазғандай жаттаған шарапшы шауып отырып тікелей патшаның өзіне
барып мəн-жайды баян етеді. Патша да осындай бір нəрсені іштей сезген болатын. Хазірет
Жүсіптің түсті бұлай жорығанына қарап қатты таңырқады. Ол дереу сол адамды құзырына алып
келуге шабарманын жұмсады. Хазірет Жүсіп əлгі шабарманға: «Мен жазықсыз екенім тайға
таңба басқандай анықталып, ақталмай бұл жерден шықпаймын. Қолдарын пышақ кескен
əйелдердің мақсаттары не еді? Патша солардан сұрап мəн-жайды анықтасын. Менің Раббым сол
əйелдердің халдерін жəне менің кінəсіздігімді біледі. Бірақ мен патша мен елдің тегін осы
ақиқатты білуін қалаймын», – деп жауап береді.
Хабарды естіген патша қолын кескен ақсүйек əйелдер мен Зылиханы шұғыл алдыртып мəн-
жайды анықтай бастайды. Əйелдер: «Құдай сақтасын! Біз Жүсіпке ешбір жамандық жасамадық.
Оның да бізге зəредей жамандық жасағанын көрмедік», – дейді. Тығырыққа тірелген Зылиха
көзіне жас алып: «Сірə, ақиқат істі жасырып болмас. Мен көңілім қатты ауып, Жүсіпті өзіме
баурамақ болдым. Алайда ол маған жақындаудың орнына, менен ат басын ала қашты. Жүсіп –
күмəнсіз шыншыл адам»
?">[237]
, – деп кінəсін мойындайды.
Патша сол жерде Жүсіп пайғамбардың кінəсіз екендігін жариялап, оны сарайға шақыртты.
Сонда ғана хазірет Жүсіп зынданнан шығып сарайға келді. Патша парасатты адам болатын. Ол
хазірет Жүсіптің түс жоруына қарап ілімі терең адам екендігін біліп, түсті тағы бір мəрте өз
көзімен жорытып көрген соң: «Айтқаның жөн екен. Бірақ осы істерді кім атқарады?» – дейді.
Хазірет Жүсіп: «Мені мемлекеттің қазына бастығы қыл. Өйткені мен оны басқаруды жақсы
білемін», – дейді. Патша оның сөзіне ризалық білдіріп, қазынаның мемлекеттік мөрін табыс
етті.
Жүсіп (а.с.) мойнына алған іске дереу кірісіп кетті. Əр жылғы бастамашыл ісіне халық дəн
риза болды. Хақ пайғамбар көп жерлерге егін ектіріп, алынған өнімді арнайы қаздырған
жертөлелерге көмдірді. Сегізінші жылы сол аймақта жаппай қуаңшылық басталды. Өзге елдер
қуаңшылықтың зардабын тартып жатқанда, Мысыр елі молшылықта ғұмыр кешті. Халық
арасында бидай түгесілген кезде хазірет Жүсіп қамбадағы бидайды соларға таратып аштан
қырылудың алдын алды.
Бұл кезде Шам мен Кəнған жерінде де қуаңшылық белең алған болатын. Сол елдің халқы
Мысыр елінің аш халыққа бидай таратып жатқанын есітіп, осылай қарай алақан жайып ағылды.
Жақып (а.с.) та ұлдарын астық сұрауға Мысырға жіберді.
Он ағасы астық сұрап алдына келгенде, хазірет Жүсіп оларды бір көргеннен-ақ жазбай
таныды. Əйтсе де олар інілерін танымаған еді. Бір кездері құдыққа тастап, құлдыққа сатылған


жас баланың бүгін Мысыр елінің уəзірі болады деген ой олардың үш ұйықтаса түсіне де
кірмеген еді. Хазірет Жүсіп оларды көрген кезде баяғы балалық шағы, олардан көрген қорлығы
есіне түсті. Жүрегінде əкесіне, жалғыз інісі Бунияминге деген сағыныш қасіреті асқынып терең
ойға батты. Оларға қарап: «Басқа бауырларың, əке-шешелелерің де бар шығар?» – деп сұрап еді
олар: «Иə, екі ініміз бар. Бірақ үлкені балалық шағында дүниеден озды. Кіші ініміз болса, қазір
əкеміздің жанында. Сол кісіге бас-көз болып қалып қойды», – деп жауап береді. Хазірет
Жүсіптің жүрегі елжіреп, сонау жылдары ағаларының көйлегін зорлықпен шешкізіп құдыққа
тастап жатқан сəттері көз алдына көлбеңдеп келе қалды. Иə, бəрі де күні кеше ғана болған
тəрізді. Бала күнінде осы ағалары мұны бауырына қатты басатын. Əкесі өзгелерге қарағанда
тіпті жақсы көретін. Сондықтан ағаларының қызғанышы қозып, сол қызғаныш өшпенділікке
ұласты. Мұны жақсы көріп еркелетудің орнына шеттетуді шығарды. Інісі Бунияминге де солай
қарай бастады. Əкесінің көзінше болмаса, бұл екеуіне ойыншықтарын да бермейтін. Əкесі жоқта
еліктің лағындай ерке інісін өзі ойнатып, тамағын беріп, киімін кигізетін. Ол інісіне бар
мейірімін көрсеткенмен, ағаларының жылы алақанын көре алмады. Иə, сөйтіп жүргенде бір күні
аяқ астынан: «Сен біздің ең сүйкімді інімізсің. Бүгін біз тау жаққа сен үшін əдейілеп сейіл
құрып, ойнауға бара жатырмыз. Ал, қанеки, жолға əзірлігіңді жаса!» деп қу түлкідей жымыңдап
жетіп келгені. Бұрын-соңды бұлай іш тартқанын көрмеген бала Жүсіп қатты таңырқаса да, дереу
інісін ойлап: «Буниямин ше, ол да бізбен барады ғой. Солай ма?» – деген еді. Ағалары «Жоқ, ол
əлі жас бала ғой. Күн өтіп, науқастанып қалса, əкемізге не дейміз? Əлі-ақ күн ертең өсіп сендей
үлкен болғанда барады», – деп жұбату айтты. Алайда бала Жүсіптің қуанышы ұзаққа созылмады.
Елсіз жатқан меңіреу далаға барғанда, бір құдықтың ішіне əй-шайға қарамай көйлегін сыпырып
алып жалаңаш тастап жібереді. Құдыққа түсіп бара жатқанда, соңғы рет ағаларының көздеріне
қараған болатын. Бəрінің де жандары жадырап, көз алдында құбыжыққа айналып бара
жатқандай еді. Тек өзгелерден оқшау тұрған үлкен ағасы Яһуда ғана ұзақтан бұған қимастық
танытып: «Амалым не, қолдан келер қайран жоқ. Қолымнан бар келгені сені өлімнен аман алып
қалу ғана», – дегендей ойлы көзін бұған қадап тұрып қалған болатын. Міне, сол ағалары енді
алдына келіп құрақ ұшып көмек сұрап тұр. Дегенмен ағаның аты қашанда аға ғой. Сүрінбейтін
тұяқ, қателеспейтін жақ жоқ. Бұлар көйлегін шешіп алса, Зылиха да кезінде көйлегін жыртқан
болатын. Сол Зылиха қазір мүлдем басқаша жаны таза əйел болды. Хақ тағала сабырлық нəсіп
етсе, күндердің күнінде кінəларын мойындайтын күн келеді.
Хазірет Жүсіп оларға мол дастарқан жайып күтті. Қайтарда өзі шығарып салып: «Қайта
келер кездеріңде əлгі інілеріңді де ала келіңдер. Оған да жеке бір үлес берейін. Егер алып
келмейтін болсаңдар, онда сендерге көмектесе алмаймын. Айшылық жерден ат терлетіп текке
əуре болмаңдар», – деп сөзін қадап айтты. Олар бірден жауап бере алмай күмілжіп: «Біз оны
əкесінен сұрап көрейік. Сізге оны қалай да алып келудің жолдарын қарастырамыз»
?">[238]
?">, – деп
жүріп кетеді. Жүсіп олар Бунияминді ертіп келуге əкемізді көндіре алмай жүрер деп ойлап,
білдіртпей астық үшін берген ақшаларын қоржындарына қайта салып жіберді.
Он ағасы əкелеріне үлкен қуанышпен оралды. Олар Мысырдағы көргендерін əкелеріне
түгелдей жыр ғып айтты. Қазына бастығының мейірімді жан екенін, өздерін қадірлі қонақ етіп
аттанарда өзі шығарып салғанын, тіпті Бунияминді де көргісі келіп, оны келесі жолы міндетті
түрде алып келулерін сұрағандарын айтты. Хазірет Жақып: «Бұрын сендерге Жүсіпті қалай
аманат етіп бергенімді жақсы білесіңдер. Сендер сол кезде ант-су ішіп едіңдер. Бірақ соның
ақыры не болды? Алда-жалда Бунияминді жіберген күнде де оны сендерге емес, бір Аллаһ
тағалаға ғана аманат етемін», – дейді. Олар жамырап: «Уайымдайтын түк те жоқ. Ол өзі бір өте
сенімді адам. Қарасаңызшы, астықтың ақысын да қайтарып жіберіпті. Осындай ізгі жанның


інімізге залалын тигізуі əсте мүмкін емес. Əрі оны алып баратын болсақ, бір түйе астықты
артығымен беремін деп отыр. Егер ол көмектеспесе, мына жұттан құтылуымыз екіталай», –
дейді. Ақырында əкелері амалсыз келісімін береді. Он ағасы бұл жолы жүрек жарды сөздерін
айтып, шамалары келгенінше бауырлары Бунияминді қорғауға уағда етеді. Оларды шығарып
салып тұрған хазірет Жақып: «Балаларым! Мысыр еліне барғанда бəрің бір бір қақпадан кіруші
болмаңдар. Əр түрлі қақпалардан бөлініп-бөлініп кіріңдер. Əйтсе де жазмыштан озмыш жоқ.
Хақ тағаланың пешенелеріңе жазғанын көрерсіңдер. Мен Аллаһқа ғана тəуекел етіп, арқа
сүйедім»
?">[239]
?">, – деп өсиетін айтады.
Олар əкелерінің айтқанын екі етпей Мысырдың əр түрлі қақпаларынан кіріп, Жүсіпке (а.с.)
барады. Аман-саулықтан соң олар кіші інісі Бунияминді көрсетіп «Міне, біздің ең кішкене
ініміз. Өзіңіз қыстап қолқа салған соң, əкемізді көндіріп алып келдік», – дейді. Хазірет Жүсіп өз
інісін көріп іштей қатты қуанады. Алайда ол осы қуанышын ағаларына сездірмейді.
Хазірет Жүсіп оларды естерінен кетпестей қонақ қылып, астан соң бір бөлмеге екі кісіден
орналастырды. Осы кезде Буниямин жалғыз қалды. Жүсіп пайғамбар оларға: «Бұл жалғыз қалды.
Ендеше менімен бірге тұрсын», – деп өзімен бірге ертіп кетеді. Ол кіші інісімен жеке қалған
соң, оған: «Қайтыс болған ағаңның орнына мен саған аға болғым келеді? Осыған қалай
қарайсың?», – дейді. Буниямин: «Өмірде сендей адамға іні болудан асқан бақыт бар ма? Бірақ
сен əкем мен шешемнен туған бауырым емессің ғой», – деп жауап береді. Осы кезде төзімі
таусылған хазірет Жүсіп оны бауырына басып: «Сол бір туған ағаң, міне, қарсы алдыңда тұрған
жоқ па? Сендерден қол үзгелі, міне, бірталай жыл өтті. Өздеріңді бір көруді зарыға аңсап келген
Жүсіп деген ағаң мен боламын. Өткен өтті. Жүрегімде ағаларыма деген титтей де кек жоқ. Бірақ
сен мен туралы ешкімге тіс жарып ештеңе айтушы болма», – дейді. Буниямин сонда ғана оның өз
ағасы екенін көзінен танып, қуанғаннан балаша секіреді. Жүсіп пайғамбар оған өзінің құдыққа
тасталғанынан бастап осы күнге дейінгі бастан кешкен оқиғаларын түгел əңгімелейді. Аздан соң
хазірет Жүсіп: «Мен сені əйтеуір бірдеңені сылтау етіп өзіммен бірге алып қаламын. Саспа!
Иншаллаһ, бəрі де жақсы болады», – деп ішкі жоспарын оған жайып салды.
Күндер зулап өтіп, ағаларының қайтатын мезгілі жетті. Сол кезде Жүсіп Бунияминнің
қоржынына өзінің тиесілі күміс кесесін салып қояды. Он бір кісілік керуен жаймен жылжып
жолға шығады. Қаладан шығып бара жатқанда, арттарынан хазірет Жүсіптің шабармандары
қуып жетіп: «Уа, керуен! Тоқтаңдар. Қазына бастығының ғажайып күміс кесесі бар еді. Сол
жоғалды. Сендер алған болуларың мүмкін. Қане, жүктеріңді тексеріп көрелік», – дейді. Олар
шын пейілдерімен: «Жо-жоқ, біз алған жоқпыз. Бізге сонша құрмет көрсетіп, жылы пейіл
танытқан мырзаға қалай опасыздық жасамақпыз? Оның үстіне біз пайғамбардың баласымыз», –
деп ағынан жарылады. Шабарман: «Егер күміс кесе біреуіңнен табылса, шариғаттарың бойынша
қандай жаза беріледі?» деп сұрайды. Олар: «Қай жүктен кесе табылса ұры сол болғаны.
Сондықтан оның жазасы ұрланған кесенің иесіне бір жыл қол қусырып қызмет етеді», – деп
жауап береді. Шабарман жүктерді тексеріп жүріп, Бунияминнің қоржынынан күміс кесені
тауып алады. Осыған куə болған он ағасы не істерін білмей сасады. Осы кезде хабар жіберіліп
хазірет Жүсіп те келеді. Олар Жүсіп пайғамбарға ақталып: «Егер Буниямин ұрлаған болса,
таңданатын түгі жоқ. Өйткені бір кездері оның ағасы Жүсіп те осылай ұрлық жасаған болатын»,
– деп жан-жақтан даурыға кетеді. Хазірет Жүсіп олардың бұлай кінə таққандарына іштей наразы
болса да, ішінен: «Пейілдерің неткен жаман еді! Өздерің бір кездері мені əкемнен ұрлап əкеткен
жоқ па едіңдер? Аллаһ не айтқандарыңды жақсы біледі», – деп күбірлейді. Хазірет Жүсіп
Бунияминді алып қалмақ болғанда, он ағасы жалынып: «Бунияминнің кəрі əкесі бар еді. Бір
баласын жоғалтқалы, қатты қайғырып тек осыны өзіне медет етіп келе жатыр. Сізге біздің


өтінішіміз, осының орнына кез-келгенімізді алып қалыңыз. Бұл бала қалса, əкесінің бетіне
қалай қараймыз? Сіз өзіңіз де жүзіңіз жылы өзгеге игілік жасаушы адамсыз ғой»
?">[240]
, – дейді.
Хазірет Жүсіп: «Жо-жоқ, о не дегендерің? Ұрлықты кім жасаса соны ғана алып қаламыз.
Жазықсыз жанды кінəлап жазаға тартсақ, нағыз əділетсіздік сонда болмай ма?» – деп,
Бунияминді өзімен бірге алып кетеді.
Олар кеткен соң он ағасы сол жерде бір-бірлеріне қарап жүрер-жүрмесін білмей дағдарып
тұрып қалады. Аздан соң өзара ақылдаса бастайды. Үлкен ағалары Яһуда осы кезде: «Мен əсте
елге қайтпаймын. Бұдан былай əкеміздің жүзіне қарайтын менде бет қалған жоқ. Əуелде
Жүсіпті қорғаймыз деп уағда етіп едік. Оны əдейілеп көзін жойдық. Енді Бунияминды аман
ертіп баруға серт берген едік. Оның жағдайы мынадай болды. Енді елге не деп барам? Əкеме
осы жайды не деп түсіндіремін? Сондықтан əкем рұқсат бергенге яки мен үшін Аллаһ бір үкім
еткенге дейін, осы жерден əсте айырылмаймын. Аллаһ үкім берушілердің ең жақсысы. Бірақ
сендер елге барып болған жайды əкемізге қаз-қалпында баян етіңдер. «Қалай болғанын
білмейміз. Əйтеуір сол күміс кесе балаңыздың қоржынынан шықты. Сенбесеңіз, қала халқынан
яки керуендегі кісілерден сұраңыз», – деп айтыңдар», – деді де, оларды шығарып салып, өзі сол
жерде қалып қояды.
Яһуданың шыдамы осы жерге дейін жеткен еді. Оның ар-ожданы һəм ішкі иманы оның
жанын қанша жылдан бері тергеп, қажап мазалап келеді. Ол інісі Жүсіпке əсте жамандық
ойлағысы келмеген болатын. Бірақ осы тоғыз інісінен аса алмаған еді. Ол сол кездері інісі
Жүсіпті өлтірмейік деп қарсы шыққанда, бəрібір тоғызы бұған көрсетпей, оны өлтіріп тынатын
еді. Сондықтан амалсыз солардың бірі болып көрініп, Жүсіпті аман алып қалудың жолын күні
бойы ойлап, ақырында, оларға «өлтірмей құдыққа тастайық» деп ебін тауып сөзін өткізген
болатын. Кейіннен сол құдықтан өтіп бара жатқан керуеннің інісін тауып алып, құлдыққа сату
үшін алып кеткенінен де хабардар болған. Бірақ одан арғы тағдыры қалай болғанын білмейтін.
Ақымақ інілерінің айтқанынан шыға алмай, солардың жоспары бойынша əкелерінің көңілін
өздеріне бұрмақ болып еді. Қайта бұрынғы сүйіспеншілігіне зар болды. Əкесі сол інісі
жоғалғалы, көз жасын төгіп қайғырумен келеді. Інілерінің сонша санасыздығын қара! Олар
ағасына «əкемізге қасқыр жеді» деп айтамыз деп көндірді. Ақырында, сол айтқанын істеп
көйлегіне малдың қанын жағып ұялмай əкелеріне «балаңызды қасқыр жеп кетіпті» деп айтты.
Бір адамды қасқыр таласа, одан тым құрыса бір сүйегі қалмай ма? Қанға боялған көйлектің
жырым-жырымы шықпай ма? Көйлегін жыртпай жейтін ол қандай қасқыр сонда? Қарапайым
адам да аңғара алатын нəрсеге бір пайғамбар сене салады деп ойлағаны ма? Енді, міне,
Бунияминді де ант-су ішіп алып шығып едік, одан да айырылдық. Бүйтіп пайғамбар əкемізді
алдап күн кешкенше қара жерді құшқан əлдеқайда артық. Жылдар бойы өзегіме түскен осы бір
жегі құрт енді бүгін өңешімді тесіп шықты-ау. Бұдан былай жаратушы Жаппар Иенің жарлығын
күтуден басқа шара қалмады. Тəубе етіп адам боламын ба, əлде жер құшып қор боламын ба,
ендігісін бір Аллаһ қана біледі.
Ол осылайша терең ойға батып, еліне қарай жылжып бара жатқан керуенге бір, Мысыр
қақпасына бір қарап сілейіп ұзақ тұрды.
Суыт хабарды естіген хазірет Жақып қайғы үстіне қайғы жамады. Олардың сөздеріне де сене
қоймады. Оның үстіне мысырлықтар өзінің əкелген шариғаты бойынша амал еткендеріне де көзі
жетпеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет