Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет49/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

«Олай емес. Сендерді нəпсілерің бір іске қызықтырған екен. Енді маған сабыр сақтау
керек. Бəлкім Аллаһ олардың бəрін келтірер. Өйткені Ол – толық білуші, хикмет иесі?">»
?">[241]
?">, –
дейді. Əйтсе де ол баласы Жүсіптен кейін Бунияминді де жоғалтып алғанына қайғырып «Қайран
Жүсібім, оның ізінен кеткен кенже балам Буниямин!» деп көз жасын көлдетті. Жылай-жылай


көздеріне ақ түсіп, жанары су қараңғы болды. Тоғыз ұлы əкесінің көз жасын көруге дəті шыдай
алмай, ақырында: «Əке, Жүсіпті жоқтай-жоқтай күйіктен өртеніп өлетін болдыңыз. Неге
өзіңізді осынша қинай бересіз?» дейді. Хазірет Жақып сонда: 
«Мен күйзелісімді де, күйінішімді
де, Аллаһқа ғана шағамын. Əрі Аллаһтан сендер білмеген нəрсені білемін?">»
?">[242]
?">, – деп жауап
береді. Көп өтпей хазірет Жақып тоғыз ұлын тағы шақырып алып: «Дереу қайтадан Мысырға
барыңдар да, Жүсіп пен Бунияминді іздеңдер. Əсте Аллаһ тағаладан үміттеріңді үзбеңдер.
Аллаһтан кəпірлер ғана үміт үзеді», – деп, балаларын Мысыр еліне аттандырады. Олар
қазынаның бастығы Жүсіп пайғамбарға барып: «Ей, əзиз кісі! Біз отбасымызбен бірге
ашаршылыққа ұшырадық. Оған Бунияминнің қайғысы қосылғанда, бізде де, əкемізде де төзім
қалмады. Əкеміз жылай-жылай көзіне ақ түсіп, жанары суалды. Һəм астық алу үшін саған
болмашы дүние ғана алып келдік. «Жақсылықтың қырқына шыдағанда, қырық біріне
шыдамайсың ба? Сен бізге бұрынғыдай толық өлшеп бер. Бунияминді де бізге қайтарып бер. Сол
арқылы жақсылық үстіне жақсылық істе. Сонда істерің босқа кетпейді. Аллаһ өз разылығы үшін
жақсылық жасағандарды еселеп қайтарады», – дейді. Хазірет Жүсіп олардың уайымға батып,
жасаған істеріне əбден пұшайман халдерін көріп іштей жаны ашыды да, тағында отырған бойы:
«Сендер Жүсіп пен оның бауырына не істегендеріңді білесіңдер ме?» – деп сұрады. Олар Мысыр
елінің аса лауазымды бір мырзаның мына сөздеріне қатты таңырқап бір сəт тұрып қалды. «Мына
мырза не деп тұр өзі? Тіпті мына дауыс таныс дауыс қой». Шамасы хазірет Жүсіп сол кезде
Мысыр елінің тілімен емес, өз елінің тілімен сөйлеген болса керек. Оларға өзінің Жүсіп екенін
айқын аңғартқан да осы, өз тілдері болуы мүмкін. Болмаса бұған біз туралы Буниямин айтқан
ғой деп ойлауы да əбден мүмкін.
Олар оған қарады да, Жүсіп екенін енді аңғарды. Бəрі ұялғаннан беттері дуылдап,
салбыраған бастарын жерден алмады. Бір кездері өздері көйлегін сыпырып құдыққа тастаған
жас бала енді бүгін алпауыт бір елдің қазынасын уысында ұстап отыр. Бұлар болса, оның
алдында өте жалынышты халде. Бейне сүмірейген қайыршыдай. Бір кезде біреуі: «Сен
шынымен-ақ Жүсіпсің бе?!» деп сұрады. Ол: «Иə, мен сол баяғы бала Жүсіппін. Мынау менің
інім – Буниямин. 
«Хақ тағала бізге шарапатын төкті. Кімде-кім жамандықтан сақтанып,
пəлекет атаулыға сабырлық көрсетсе, Аллаһ оның еңбегін зая қылмайды»
?">[243]
, – деді. Олар
кінəсін мойындап: 
«Аллаһ тағалаға ант етейік! Хақ тағала сені бізден үстем етті. Расында,
біз күнə жасадық», – деп, істеген істеріне қатты өкінді. Хақ пайғамбар: «Бүгін сендерге сөгіс
жоқ. Аллаһ сендерді жарылқайды. Ол рақымдылардың ең рақымдысы?">»
?">[244]
?">, – дейді.
Хазірет Жүсіп оларды бұдан соң да, бірнеше күн сыйлы қонақтарша жақсылап күтті. Олар
інісі кешіргенмен, өздерінің кінəсін, қазіргі оған кіріптар жағдайын ойлап мазалары əбден
қашты. Бір күні төзімдері əбден таусылған олар дастарқан басында: «Жүсіп! Сен бізге түк
болмағандай ізгілік жасап жүрсің. Ал біз сенің алдыңда кірерге тесік таппай ұяттан өлер
болдық» дейді. Жүсіп пайғамбар болса: «Жо-жоқ, қайта сендерге рақмет. Бір кездері қазына
бастығы болған кезімде Мысыр халқы «Ой, тоба! Болмашы жиырма дирхамға сатылған бір құл
қалайша бірден мынадай мəртебеге жетті. Қарадан шығып хан болмас», – деп əңгіме етуші еді.
Ал қазір сендер арқылы үлкен абыройға кенелдім. Халық алдында мерейім үстем болды.
Өйткені олар мені сендердің бауырларың екенін білу арқылы менің де Ибраһим атамның ұрпағы
екенімді білді. Бұл күнде олар: «Е, бəсе, осылай болуы тиіс еді ғой. «Жақсыдан жақсы туар
жарқылдаған» деген осы. Əр нəрсе өзінің тегіне тартады» деп қуанысып жүр. Осының бəрі
сендердің арқаларыңда болды», – дейді.
Көп кешікпей Жүсіп пайғамбардың (а.с.) ағалары əкелерінен сүйінші сұрамақ болып жолға
шықты. Хазірет Жүсіп сол сəт оларға өзі киіп жүрген көйлегін беріп, оны əкесінің көзіне сүртсе,


суалған көздері шырадай жанатынын айтты. Əкесінің көзі ашылған бетте, дереу Мысырға алып
келулерін тапсырды. Хазірет Жүсіптің көйлегін жүзіне тигізу арқылы көзінің шипа табуы оның
мұғжизасы еді. Əйтсе де əр пайғамбардың мұғжизасының астарында сөзсіз ғылымның негізі
бар. Өткен жылдары бір мұсылман дəрігер осы мұғжизаға қатты таңырқап: «Не үшін көйлек,
онда қандай қасиет болуы мүмкін?» – деп зерттейді. Ақырында, адамның көйлекке сіңген тер
иісін алып дəрі жасап «катаракт» секілді науқаспен көрмей қалған жанарды емдегенде, расында
шипа беріп, көзі көре бастайды. Жалпы Жүсіп пайғамбардың «Жүсіп» сүресіндегі қиссасын
оқып отырсаңыз осы көйлек-жейде үш жерде кездеседі. Хазірет Жүсіптің құдыққа тасталу
кезіндегі көйлегі, Зылиханың жыртқан көйлегі жəне əкесіне жіберген көйлегі. Ендеше бұл да өз
алдына зерттелсе артық етпейтін тақырып.
Олар аманатты алып жолға шыққанына көп уақыт өткен жоқ. Бірақ сонау Канған еліндегі
хазірет Жақып жылағанын қойып, жаны жадырап сала берді. Отбасы мүшелері мен халық оның
мына қылығын таңырқай қарады. Хазірет Жақып оларға: «Дəл қазір мен Жүсіптің иісін сезіп
тұрмын. Мені алжып есінен айырылды деп ойлап жүрмеңдер. Əлі-ақ көздерің жетеді», – дейді.
Дегенмен халық: «Сен əлі де бұрынғы ойыңнан қайтпай қателесіп тұрсың. Сол Жүсіп бала
күнінде өліп кеткен жоқ па еді?» – дейді.
Жақып пайғамбардың сонау Мысыр жақтағы баласының көйлегінің иісін сезуі мұғжиза
болумен қатар, оның ғылымға да берер кейбір ақиқаттары бар болуы мүмкін. Ғұлама Елмалылы
тəпсірінде осы туралы айта келе, иістің ауа арқылы жетуінде осыған қатысты бір заңдылық бар.
Егер осы заңдылықты табатын болса, ұзақтан адамдар бір-бірлеріне иісті де, соған ұқсас
заттарды да жіберуі мүмкін дейді
?">[245]
?">. Осыны ғалымдар зерттеп табуы қажет.
Тақырыпқа қайта оралсақ, көп ұзамай керуен де келіп жетті. Керуен тоқтағанда, Яһуда
жүгірген бойда сүйінші сұрап, əкесіне көйлекті ұстатты. Əкесі көйлекті көзіне тигізгені сол
екен, қос жанары шайдай ашылды. Жақып пайғамбар Хақ тағаланың осы жақсылығына мадақ
айтып, шүкіршілік білдірді. Ал он баласы əкесінің алдында тізе бүгіп отырып: «Əкетай!
Расында, біз үлкен күнə жасадық. Қазір соған қатты өкініп отырмыз. Біз үшін Хақ тағаладан
кешірім тілеңіз», – дейді. Жақып пайғамбар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет