қатысты. Демек Жаратқанның жазғанына қарай Мысыр халқын имандылыққа шақыру үшін
хазірет Жүсіптің қараңғы құдыққа тасталып, оның артынан болмашы ақшаға құлдыққа сатылып,
одан кейін зынданға түсуі қажет болды. Ол сол зынданда жатып жылдар бойы елдің бұзақылары
мен жаза басып жазықсыз түскен бейбақ жандарға имандылықты үйретті. Одан соң уəзір болып
елдің ақсүйектерін имандылыққа жетеледі. Бүкіл Мысыр елі тұрмақ бір адамның иманға келуі
үшін осындай бейнет көруі тиіс болса, олар осыған да дəн риза болар еді. Иə, көп ұзамай
уазипасы аяқталған кезде шамамен жиырма төрт жылдан кейін хазірет Жақып ақтық демі
үзілуге таяғанда, балаларын шақырып алып: «Перзенттерім! Менен кейін кімге құлшылық
қыласыңдар?», – деп сұрады. Олар: «Сенің Құдайыңа, аталарыңның Құдайына: Исмайыл,
Ысқақтың жалғыз Құдайына құлшылық қыламыз» десті. Хазірет Жақып бұрын екі рет сөз алып,
олар уағдаларын орындамаған еді. Олар əкелерінің алдында екі рет берген уəдеде тұрмай, жерге
қараған еді. Сондықтан олар бұдан кейін берген уағдаларына өте сақтықпен қарап, пайғамбарға
берген серттің қандай екендігін аңғаратын болды. Көп ұзамай хазірет Жақып қайтыс болып,
əкесі Ысқақтың Шам жақтағы қабірінің қасына жерленді.
Жылдар зулап өтіп, күндердің бір күні хазірет Жүсіп пайғамбардың да уазипасы аяқталып,
əкесіне келген ажал мұның да есігін қақты. Ол қос қолын жайып:
«Уа, Раббым! Сен маған күш
дарыттың, билік бердің. Қасиетті мəтіндерді түсіндіру мен түс жору ілімін үйреттің. Уа,
көк пен жердің жаратушысы! Дүниеде де, ақыретте де ием, көмекшім бір Өзіңсің. Саған
шынайы мойынсұнған құл ретінде жанымды алып, мені қайырлы, дұрыс адамдардың
қатарына қосқайсың»
?">
[248]
?">, – деп дұға жасайды. Деректерде ол қайтыс болған кезде жүз
жиырма жаста екені айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: