Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет81/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   96
Мұсылмандарды оқшаулау
617 жылдан бастап пұтқа табынушылар мұсылмандарды оқшаулап, елмен араласуына шек
қойып, оларды шөлге тықсырып, аштықпен шыбындай қырып жіберудің амал-айласын жасап
бақты. Хашимұлдарымен сауда-саттық жасауына, барыс-келісіне, тіпті тілдесуіне тыйым салды.
Мүшріктер мұндай қадамға күн сайын қатары молайып келе жатқан мұсылмандарға деген


қастық пиғылмен барды. Себебі, Мекке сауда орталығы болумен қатар қасиетті жер еді.
Шаһарға келген арабтар міндетті түрде Қағбаға тауап жасайтындықтан, мүшріктер
мұсылмандардың Қағбада Құран оқуын қаламайтын. Бұған қоса арабтардың Уққаз, Мəжанна,
Зүлмəжаз секілді əйгілі жəрмеңкелері де бар еді. Пайғамбарымыз сол жəрмеңкеге жиналған
халықты Ислам дініне шақыратын. Көлеңкесіндей артынан Əбу Лəхаб қалмайтын. Оған тас
лақтырып, аяғын жаралап, айтқан сөздерін терістесе де мұсылмандыққа қызығушылық танытып,
Исламды қабылдайтындар да ұшырасатын.
Елден жырақ шөл далада үш жылдай қиналып, бұл аралықта аштықтан қанша титықтаса да
мұсылмандар дінге беріктік танытып, сабыр ете білді. Бірде Пайғамбарымыздан тосын жаңалық
естіген Əбу Тəліп мүшріктерге былай дейді:
«Қағбаның қабырғасына ілген мүшріктердің қағазына құрт түсіпті. Тек «Аллаһтың атымен
бастаймын» (Бисмикə Аллаhумə) деген жері ғана қалыпты. Бұл хабарды бауырым Мұхаммедтен
(с.а.с.) естідім. Сенбесеңдер Қағбаға барып, өз көздеріңмен көріңдер. Егер бұл рас болса оларға
қысымды тоқтатыңдар. Ал жалған болса, мен бауырымды қорғаудан бас тартамын».
Мүшріктер бұл хабардың растығына көз жеткізеді. Сонда да «солақай» ниеттерінен
қайтпады. Десе де кейбір мүшріктер қысым көрсетуді тоқтатқан еді.
Қайғылы жыл жəне Миғраж оқиғасы
620 жылы Хадиша мен Əбу Тəліп бірінен кейін бірі қайтыс болды. Хадиша мен Əбу Тəліп ел
ішінде белді, беделі бар, Аллаһ елшісіне көп қолдау білдірген кісілер еді. Ең əуелі Аллаһты, сон
соң Хадиша мен Əбу Тəліп секілді абыройлы жандарды арқа тұтатын екі əлем сардарынан
аяқтарын тарта жүретін дін дұшпандары зорлық-зомбылықты күшейтіп, өшпенділіктің отын
өршітті. Қатты қайғырған Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы тұста өзіне қолдау іздеп, Тайф қаласына
аттанады.
Бірақ, Тайыфтықтар Исламды қабылдамады. Азулы мүшріктердің айтақтауымен жұрт Аллаһ
елшісіне тас лақтырып, үсті-басын қан-жоса етті. Пайғамбарымыз (с.а.с.) серігімен Тайф
маңындағы тауды паналап əрең аман қалды. Осы оқиғадан кейін арада біраз жыл өткенде, Аллаһ
елшісінен (с.а.с.): «Ухуд шайқасынан бөлек, күллі дүние аяғыңыздан көшіп қиналған кезіңіз
болды ма?» деп сұрайды. Сонда ол: «Тайфте көрген оспадар озбырлықты əлі ұмыта алар
емеспін. Көңілде сызы қалып қойыпты» деп жауап берген еді.
Ең жақын екі адамының қайтыс болуы Пайғамбарымыздың қабырғасын қайыстырып,
қаусатып кетті. Мұсылмандар арасында бұл жыл «қайғылы жыл» деген атаумен есте қалды.
Мүшріктердің кезекті əрекетінен соң Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйіне келіп, үстін қағып
жатып: «Көкем Əбу Тəліп тірі болғанда, бұлар мұншалықты басынбас еді» деп қапаланғаны бар.
Аллаһ тағала сүйікті құлының қайғысын жеңілдету үшін оны бір түнде Меккедегі
Мəсжидул-Харамнан Құдыстағы (Йерусалим) Мəсжидул-Ақсаға апарады. Ой жіберіп, жүрегіне
үңілген əрбір адам бұл оқиғадан Аллаһ тағаланың алдында Пайғамбарымыздың қадір-қасиетінің
қаншалықты екенін байқайды. Ақса мешітінде Ақиық елші (с.а.с.) бұрынғы пайғамбарлардың
рухтарымен кездесіп, Жəбірейіл періштемен бірге миғражға
[393]
көтеріледі. Ғарыштың əр
қабатында өзінен бұрынғы пайғамбарлармен кездеседі. Содан кейін жұмақ пен тозақ көрсетілді.
Сол түні Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһ тағаламен тікелей тілдеседі.
Мүшріктер Исра
[394]
мен Миғраж деп аталатын бұл екі оқиғаны да мойындағысы келмеді.
Олар Пайғамбарымыздың Йерусалимде ешқашан болмағандығын білгендіктен, бəрі жиналып
келіп одан Йерусалим мен Ақса мешіті туралы тəптіштеп сұрай бастады. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
мүшріктердің сұрағына мүдірмей жауап берді.


Амалы таусылған мүшріктер: «Ей, Мұхаммед! Расында сен сұрақтардың барлығына дəл
жауап бердің» дейді. Алайда, өздері иманға келмейді.
Миғражда Пайғамбарымызға (с.а.с.) бірқатар дін үкімдері білдірілді. Олар: бес уақыт намаз
оқу, Аллаһқа серік қоспау, ата-анаға құрмет көрсету, туыс-туғанға қарайласу, кісі ақысын жемеу,
ысырапшылдық жасамау, қыз балаларды өлтірмеу, зинаға жоламау, нақақтан нақақ кісі
өлтірмеу, жетімдерге қамқорлық, уəдеде тұру, таразыдан жемеу, тəкаппарланбау., т.б
[395]
.
Мұғжиза көрсе де мүшріктердің дінді мойындамауына бір жағы бақталастық пен күншілдік
те себеп болғанын айта кеткен жөн. Оны мына бір оқиғадан байқаймыз.
Муғирə ибн Шуғбə былай дейді:
«Бірде Əбу Жəһилмен бірге отырғанда, Аллаһ елшісі келіп, үгіт-насихат айта бастады.
Бұны естігенде Əбу Жəһил ызаланып:
«Ей, Мұхаммед! Егер о дүниеде үгіт-насихат айтқаныңа куəгер болатын адам іздеп жүрсең,
арамтерлікті қой, керек болса өзім-ақ куəгерлік етемін. Тап қазір мені мазалағаныңды
доғаршы», – деді.
Аллаһ елшісі үндеместен тұрып кетіп қалды.
Мен Əбу Жəһилден:
– Расында, сен оған сенесің бе? – деп сұрадым. Ол сонда:
– Негізінде, оның пайғамбар екенін білемін. Бірақ Хашимилармен
[396]
бұрыннан бері
арамызда бір бақталастық бар. Олар рифадə
[397]
, сиқайə
[398]
 бізде деп ұдайы мақтанады. Енді
«пайғамбар да бізден шықты» десе, онда бұған төзе алмаймын», – деді»…
[399]
Тағы бір жолы Əбу Жəһил Сафа жотасының етегінде тұрған Пайғамбарымызды (с.а.с.)
сүйектен өтетін ауыр сөздермен балағаттайды. Мұны естіген Хамза
[400]
əуелі Əбу Жəһилдің
сазайын береді. Артынша өзі де тілін кəлимаға келтіріп, мұсылмандықты қабылдайды
[401]
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет