"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
45
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жолға кебіне бейсенбі күні таңертең ерте шыққанды жөн
көретін. Жануарларына мінерде «Бисмилләһ» деп,
отырған соң үш рет тәкбір айтып, шүкіршілік ететін.
Жолда биік төбелерге шыққан сайын тәкбір (Аллаһты
ұлықтау – «Аллаһу Әкбар» деп айту) айтатын, ал, төмен
түскен сайын тәсбих (Аллаһты бүкіл кемшіліктерден
пәктеу – «сүбханаллаһ» - деп айту) тартатын еді.
Ең ауыр саяхаттарының өзінде әрдайым Аллаһты
аузынан
тастамай, атының үстінде жүзі Құблада ма,
әлде басқа жақта ма, оған қарамай,
нәпіл намазын
оқи беретін еді. Өйткені, Құранда:
«Қай жаққа
қарай жүрсеңдер де жүздерің Аллаһқа қарай
бағышталған», - делінген.
79
Сапардан оралған соң алдымен мешітке барып, екі
рәкағат
намазын оқып, содан кейін үйіне барып, үй-
ішімен көрісетін еді.
80
13. Кездесулері мен зияраттары
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өзімен кездесуге (ақылдасуға)
келген зияратшы-
ларды қабылдағанда амандасу үшін алдымен өзі қол
созатын, ал қол алысып тұрғанда қолын бірінші болып
тартып алмайтын. Біреу құлағына бір нәрсе айтқысы
келсе,
сөзін бітірмей, жүзін оған бұрмайтын.
Зияратқа келген қонақтары алдымен сәлем
беріп,
рұқсат сұрайды, сосын барып құзырына кіреді.
79. Бақара сүресі, 115-аят
80. Әбу Дәуіт, Жиһад, 178.