Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет51/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79
Байланысты:
tagylym tamshylary

Қызыр екеніңді айта салам.. 
Рамазан айы. Жұма күні. Мешіт маңына бірді-екілі жұрт аяңдап жинала 
бастады. Имам күрсіде уағызын оқымақ болып тамағын кенеді. Осы жолы 
мешітке жас жігіт бейнесінде Қызыр (а.с.) да келген еді. Мешіт іші лық тола 
бастады. Бір жерге қонжиып отыра кеткен Қызырдың (а.с.) қасына қырық жас 
шамасындағы бір кісі келіп қатарласа отырды. Әлден уақытта жаңағы кісі 
отырған күйінде әрі-бері теңселіңкіреп қалғи бастады. Ұйықтап кетер ме екен 
деп алаңдаған Қызыр (а.с.) оны бүйірінен түртіп: 
– Ұйықтап кетесің ғой, – деді. Ана кісі: 
– Ұйықтамаймын, менің мазамды алма, – деді. 
Қызыр алайһи-с-сәлам үндеместен отыра берді. Алайда сәлден кейін азан 
оқылды. Әлгі кісі ұйықтап кетердей тағы да қалғи бастады. Қызыр алайһи-с-
сәлам тағы да шыдамай кетіп оны жеңінен тартты: 
– Әй, айттым ғой ұйықтап кетесің деп, – деді. 
Ана кісі де бұның қылығына шамданып қалды. Бірден қарсы дау айтып: 
– Мен саған ұйықтамаймын деп айттым ғой, – деді әр сөзін нығарлай 
сөйлеп, – мені мазалай берме. Егер мені мазалай берсең Қызыр екеніңді мына 
отырған дүйім жұртқа айта салам. Ал содан кейін мына мешіттен оңайлықпен 
шығып көр. Иін тірескен мына халық сенің бір тал сақалыңды да қоймай 
тәбарак қып тартқылап әкетер, – деді. 
Қызыр (а.с.) тілін тістеп ләм-мим демеген күйі шарасыз қалған адамша 
Аллаһқа қол жайды: 
– Уа, Раббым! Мына таң-тамаша істі қалай түсінуге болады?! Мына құлың 
менің кім екенімді жазбай танып отыр. Алайда менің таңғалғаным – қалайша 
мендегі тізімде бұл кісінің аты жоқ? – деп сұрап үлгіргенше жауап та естілді: 
– Сендегі тізім – Мені жақсы көретін пенделерімнің тізімі, ал ол болса 
керісінше Менің жақсы көретін құлдарымның қатарында... 
Иә, Аллаһ бізді өзі жақсы көретін құлдарының қатарына жазсын! 
Аллаһтың жақсы көретін құлы болу қандай бақыт десеңші?! 
Тіл мен жүрек 
Лұқпан хакім Аллаһтың әулие құлдарының бірі болумен қатар әдеппен 
сөйлейтін, парасат-пайымы жоғары кісі болған. Тіпті Құранда да оның 
мадақталған тұсы кездеседі. Дәуіт пайғамбардың тұсында өмір сүрген ол қара 
нәсілді құл болған екен. Алайда әдемі сөздерімен, ерекше білімдарлығымен 
басқалардан оқ бойы озық тұрған. 
Осыны аңғарған біреу оған бір жолы: 


– Мал баққан қойшы болсаң да, ел осы неліктен сенің сөзіңе құмар? – деп 
сұрағанда, ол: 
– Өйткені мен көзімді харамға жұмдым, тым еркіне жібермей тілімді 
тістедім, аз тамақтандым, уәдемде тұрдым, маған қатысы жоқ нәрселерге көңіл 
аудармадым, – деп жауап берген екен. 
Лұқпанның қожайыны бір қой сойып, соның ең жақсы жерінен кесіп әкелуін 
тапсырғанда, ол ойланып жатпастан сойған қойының тілі мен жүрегін кесіп 
әкелген екен. Қожайыны оған артынша тағы бір қой сойып, бұл жолы ең жаман 
екі жерін кесіп алып таста дегенде, ол тағы да ойланып жатпастан қойдың тілі 
мен жүрегін кесіп алып тастаған екен. 
Бұған таңғалған қожайыны оның мәнісін сұрағанда, ол: 
– Таза болса, тіл мен жүректен асқан жақсы нәрсе жоқ, ал арам болса, тағы 
да тіл мен жүректен асқан жаман нәрсе болмайды, – деп түсіндірген екен. 
Одан бір күні: 
– Адамдардың қайсысы білімдірек? – деп сұрағанда, ол: 
– Басқалардың білімінен көбірек пайдалана отырып, өз білімін арттыра 
түскендер, – деп жауап берген. 
Мына даналық сөздерді де сол айтқан: 
– Төрт жерде: төрт нәрсені сақтау, екі нәрсені ұмытпау, екі нәрсені 
керісінше тез ұмыту керек. Сақталатын нәрселер: намазда ой, халық арасында 
тіл, ас келгенде өңеш, қонақта отырғанда көзді сақтау керек. Ұмытпайтын 
нәрселер: Аллаһтың ұлылығы мен өлім. Тез ұмыту керек нәрсе – біреуге 
жасаған жақсылығың мен саған жасаған басқаның жамандығы. 
Лұқпан хакім бір күні Дәуіт пайғамбармен (а.с.) кездескенде, оның темірден 
бір нәрсе тоқып жатқанын көреді. Бұның не нәрсе екеніне таңырқаса да 
үндемегенді жөн көріп сабыр сақтайды. 
Біраздан кейін Дәуіт (а.с.) темір сауытын үстіне кигенде барып істің мән-
жайын түсінеді. 
Дәуіт (а.с.) оған қарап: 
– Бұл киім соғыста адам денесін жарақаттан сақтайды, – деген кезде өз ісіне 
іштей масаттанған Лұқпан: 
– Сабыр сақтаған қандай жақсы, артынша-ақ жаның жадырап сала береді, – 
деген еді
[27]

«Сабыр түбі – сары алтын» деген нақыл сөз осындай мінездіге айтылса 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет