Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет50/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79
Байланысты:
tagylym tamshylary

Алтынға баланған ақырет 
Зұлқарнайн (а.с.) бір түні жолда кетіп бара жатып жасағына: 
– Аяқтарыңа тиген нәрселерді тегіс жинаңдар! – деп бұйырады. 
Қолбасшының әмірін естігенде әскерлердің бір тобы: 
– Онсыз да көп жүріп шаршадық. Түннің бір уағында аяқ астындағы 
тастарды жинап өзімізге жүк қып қайтеміз. Ештеңе де жинамай-ақ қояйық, – деп 
бірауыздан келісіп алғандай тырп етпейді. 
Екінші топ болса: 
– Қолбасшы бұйырған екен, ең болмаса аз-аздан болса да жинайық. Әмірін 
тыңдамағанымыз жөн болмас, – деп азырақтан болса да жинайды. 
Ал үшінші топ болса: 
– Қолбасшы бекерден-бекерге ондай әмір бермеген болар. Не болса да бір 
білгені бар шығар, – деп бүкіл көліктеріне көтергенше тиеп алады. 
Таң атқанда қараса, түнімен жүріп өткен жердің алтыны көп жер 
болғандығын байқайды. Кешегі аяқтарының астындағы нәрселер сол күйі сом-
сом алтын болғандығын білгенде жерге иіліп еш нәрсе іліп алмаған бірінші топ: 
– Қап, әттеген-ай! Қолбасшының сөзін тыңдама-ғанымызды қарашы?! 
Шіркін, ең құрығанда біреу болса да алғанымызда ғой, – деп өкінішпен сан 
соғып қала береді. 
Азырақ алған екінші топ болса: 
– Бұдан да көбірек алмағанымызды қарашы, қойны-қонышымыздың бәрін 
де толтырып алатын жөніміз бар еді, – деседі мұңайып. 
Ал көп алған үшінші топ болса: 
– Шіркін, керексіз киім-кешек, заттардың бәрін тастап, ат-көліктің бәріне 
көтергенінше бұдан да көп тиегенімізде ғой, – деп, онсыз да көп алғандарына 
қарамастан, іштей көңіл толмайтындықтарын білдіреді. 
Міне, жоғарыдағы мысалдағыдай ақыретте де адамдар арасында осы секілді 
көріністер жиі кездеспек. 
Кәпірлер: 


– Шіркін, иманға келіп, ең құрығанда мәңгілік тозақ отынан құтылып, 
түптің түбінде жұмаққа бара алғанымызда ғой, – десіп таусылмас өкінішпен сан 
соғады. 
Сауаптары азырақ болған мүминдер: 
– Шіркін, тіршілігімде көбірек сауапты іс жасауым керек еді, – деседі. 
Ал сауабы көп мүмин болса: 
– Шіркін, қазіргі дәрежеме одан да артық дәреже қосатын көбірек намаз 
оқып, ораза ұстап, одан да көбірек сауап іс жасағанымда ғой, – деп ол да 
тамсанады екен. 
Аллаһ тағала осы мысалдан бәрімізге сабақ алуды нәсіп етсін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет