Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет5/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
tagylym tamshylary

Уәдеге беріктік 
Пайғамбарымыз Мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қай іске болсын аса бір 
жауапкершілікпен қараған. Тіпті біреуге уәде берсе, сол уәдесін орындағанша 
асығатын. 
Өзін іздеп келген досы бір күні онымен базарда кездеспек болып келісті. 
Айтқан уақытынан сәл ерте барған Пайғамбарымыз өткен-кеткеннен уақыт 
сұрап досын күтіп тұрды. Өкінішке орай, досы көп кешікті. Қас қарайғанша 
күтті, келмеді... 
...Екі-үш күннен соң бір жұмыстармен базарға соққан досы өзін уәделескен 
жерде әлі күтіп тұрған Пайғамбарымызды 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
көріп қатты 
таңғалды. Іштей әлдеқашан есінен тарс шығып кеткен кездесу есіне түсіп қатты 
ұялды. Шынында да, ұмытып кеткен екен. Ал Пайғамбарымыз болса оны екі-үш 
күннен бері тапжылмастан сол орында күтіп тұр еді. Досы өзінің қай іске 
болсын бей-жай қарайтын салғырттығына бас шайқап қатты өкініш білдірді. Бір 
жағы, ел айтып жүрген Пайғамбарымыздың
өз ісіне барынша жауапкершілікпен 
қарайтындығына осы жолы анық көз жеткізген еді. 
Өйткені жақындап келген досына Пайғамбарымыз Мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм)
жай ғана: – Мені неге күттірдің? Біраз шаруаларым аяқсыз қалды ғой, – 
дегеннен басқа ештеңе айтпаған-ды... 
«Уәде – Құдай сөзі» демекші, рас, Пайғамбарымыз қай істе де үмметіне 
өнеге бола білген. 
Тас сараң 
Жабир (р.а.) әңгімелеуде: 
Пайғамбарымыз Расулаллаһқа бір кісі келіп: 
– Я, Расулаллаһ! Пәлен деген көршім құрмасының қоқыстарын менің аулама 
тастайды. Маған жамандық жасауын тыяр емес, – деп мұңын шақты. 
Пайғамбарымыз әлгінің көршісін шақырып алып: 
– Көршіңнің ауласына тастап жүрген құрмаңның қажетсіз ағаштарын маған 
сат, – деп сұрады. 
Әлгі кісі: – Болмайды, – деп үзілді-кесілді келіспеді. 
– Онда маған сыйлашы, – деп өтінді. 
Әлгі кісі тағы да: 
– Болмайды, – деді. 
– Онда маған беріп, орнына Жұмақтық қайтарымын ал, – деп ең бір бағалы 
ұсыныс жасап еді, бұл жолы да әлгі кісі сазарған қалпы: 
– Болмайды, – деді. 
Сонда Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

– Сәлемдесуден қашатын кісілерді қоспағанда (бүгінге дейін) сенен өткен 
сараң адам көрмеппін, – деген еді кейіп
[1]
.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет