– деп сұрайды. Сонда бірінші адам: – Олай болса менің күнәларымнан
өзіне
алсын, – дейді.
Дәл осы тұсқа келгенде Пайғамбарымыздың көзі жасаурады. Сөйтті де: «Ол
күн – аса бір зор күн болмақ. Адам өз күнәсінің алынғанын қалайды» деді де
сөзін ары қарай жалғастырды:
Сол кезде Аллаһ тағала ақысы кеткен адамға: – Басыңды көтер де Жұмаққа
қара! – деп дауыстайды. Сонда бірінші кісі: – Я, Аллаһ тағала! Алтынмен
апталған, күміспен күптелген, жібекпен тоқылған небір сән-салтанаттарды көріп
тұрмын. Бұған қай пайғамбарлар мен әулие-шейіттер ие? – деп сұрайды.
Аллаһ тағала:
– Бұлар маған өтемін төлегендер үшін, – деп жауап береді.
– Бұлардың өтеуін қайтіп төлейді? – деп сұрайды адам.
– Қаласаң бұған сен де ие бола аласың, – деп жауап береді Аллаһ тағала.
– Қалайша? – деп таңырқағанда, Аллаһ тағала:
– Сен егер ақың кеткен қасыңдағы мына жолдасыңды кешірер болсаң, – деп
жауап береді.
– Олай болса мен оны кешірдім, – деп жауап береді әуелгісі.
– Ендеше жолдасыңды ал да, екеуің де Жұмаққа барыңдар! – деп бұйырады
Аллаһ тағала.
Сөйтті де Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Аллаһтан қорқыңдар! Аллаһтан қорқыңдар да араларыңды түзеңдер!
Қараңдаршы, Аллаһ тағаланың өзі мүміндердің арасын жарастырып тұрған жоқ
па?!», – деді.
Достарыңызбен бөлісу: