Пайғамбарымыздың оған: «Аллаһ тағала жүрегіңнен сүйіспеншілікті алып
тастаса, мен не істейін (менің кінәм не?)» деп жауап бергенін айтқан.
Сонымен қатар, әз Пайғамбар балаларына жақсы қарайтын ата-аналарды да
мақтап, жақсы-жақсы сөздер айтатын.
Бір күні баласын жоғалтып, тұтқындардың арасынан кез-келген баланы
бауырына басып іздеп жүрген әйелді көрсетіп, пайғамбарымыз:
«Біліп қойыңдар, Аллаһтың құлдарына деген мархабаты, сүйіспеншілігі,
мына әйелдің өз баласына деген махаббатынан да асып түседі» деген.
Жаратушының пенделеріне деген махаббатын анық айқындаған бұл хадис
Бұхари мен Мүслимнен алынған.
Достарыңызбен бөлісу: