отырды. Бір уақытта үстіндегі киімі жұпынылау бір кедей мұсылман есіктен бас
сұқты. Ислам әдебі бойынша қонақтардың үстінен түскен
адам өзіне арнайы
орын таңдап жатпастан табылған орынға отыра кетуі керек-ті. Ол да соның
ыңғайымен отырғандарды асығыстау көзімен бір шолып,
бостау тұрған бір
орынға жайғаса кетті. Алайда бір қызығы – ол тұс бай біреу отырған жер
болатын. Кедей келіп қасына отырғанда, онымен
қатар отыруға намыстанған
әлгі бай қымбат шапанының етек-жеңін жиыңқырап ұстаған күйі аулағырақ
барып басқа орынға отырды. Оның бұл қылығын жақтырмаған
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Немене, кедейлігі жұғып кетеді деп қорықтың ба? – деді байға қарап.
Ол:
– Жоқ,- деді.
Пайғамбарымыз тағы да:
– Жоқ әлде ырысың ауып кетеді деп қорықтың ба? – деді.
Ол болса:
– Я, Расулаллаһ, ондай да ойым болған жоқ, – деп ақталғансыды.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Онда неге аулағырақ барып отырдың? –
деп сұрағанда, ол өзінің үлкен
қателік жасағанын аңғарып:
Менен бір ағаттық кеткен екен. Оны мойындаймын. Осы қателігімді жуып-
шаюды ниет етіп, бар байлығымның тең жартысын осы мұсылман бауырыма
бағыштасам деймін. Сірә, кемсітті деп көңліне қатты алып қалған шығар. Мені
кешірсін, – деп жаңағы кедей мұсылманнан кешірім сұрамақ болды.
Алайда кедей мұсылман болса күтпеген жерден:
– Я, Расулаллаһ!
Маған оның байлығы керек емес, – деп үзілді-кесілді
қарсылық білдірді.
Бұған отырғандардың бәрі таңғала неліктен екендігін сұрағанда, ол:
Өйткені мен де байлықтың буына мастанып, мына отырған бай секілді
күндердің бір күні жағдайы өзімнен төмен мұсылман бір бауырымның көңліне
кірбің түсіріп
алам ба деп қорқамын, – деп, өзінің нағыз мұсылман екендігіне
жұртты тәнті ете мағыналы жауап қайырған екен
[2]
.
Сөз бен іс
Ардақты
пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір сапарда ат басын тежеп,
достарымен бірге көліктерінен түсер-түспес жүктерін жерге қойысты.
Жолсоқты боп қарын ашқандықтан бір қой сойып жеуге ақылдасты. Бар
жұмысты әркім өзара бөлісе бастады.
Біреуі: – Қойды мен сояйын, – деді.
Екіншісі: – Терісін мен сыпырайын, – деді.
Үшіншісі: – Ет пісіру менің мойнымда болсын, – деді.
Сол кезде Пайғамбарымыз да: – Шөлден отын жинап қайтуға мен барайын,
– деді. Бұны естігенде сахабалардың бәрі әбігерленіп: – Уа, Аллаһтың құрметті
елшісі! Еш әуре болмастан сіз көлеңкеде сәл тыныға тұрыңыз. Біз өзіміз-ақ
бәрін қуана-қуана істейміз, – десті.
Сонда Пайғамбарымыз: – Иә, бұл жұмыстарды
мен сендердің өздерің-ақ
істей алатындарыңды білем, алайда Аллаһ тағала қандай да бір құлдың өзін
өзгелерден артық сезініп дос-жарандарынан бөлек отырғанын ұнатпайды, – деп
жауап берген еді.
Сөйтті де, шөлге барып бір құшақ отын теріп әкелді...
Бұл Аллаһ елшісінің сөзі мен ісі тең, турашыл сипатының қарапайым ғана
бір көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: