Қарт кісі ертесі күні кешегі қасында отырып
әңгімелескен жас жігіттің
біреуге қыжалатын айтып көмек сұрап тұрғанын көріп:
– Балам-ау, өзіңнің де ақшаң жоқ екен. Кешегі қолыңа тиген алтыннан өзіңе
де алып қалсаң болмас па еді? – дегенде, жас жігіт жұлып алғандай:
– Мен таң атса болды кешке дейін өмірімнің жетер-жетпесіне ешқашан
сеніммен қарап көрген емеспін, – деген еді.
Тақуалық –
қашанда өлімге даяр жүру. «Күндік несібе Құдайдан» деген сөз
де осындай тақуа кісілердің айтқаны болса керек..
Шындықтың құдіреті
Бір қатігез әкім бар еді. Осы әкім бір күні қызметшілерін
жіберіп рухани
алып, әулие кісі Хасан Басриді ұстатпақ болды. Ол кезінде шәкірті болып,
дәрістерін тыңдаған Хабиб-и Ажемидің күркесіне барып жасырынды.
Әкімнің адамдары келіп қатуланып:
– Хасан Басриды көрдің бе? – деп сұрады.
Хабиб-и Ажеми болса:
– Иә, – деді жай ғана.
– Қайда ендеше?
– Міне, мына күркемнің ішінде отыр...
Қызметшілер күркеге кіріп Хасан Басриды іздегенмен
таба алмай сыртқа
шығып: – Әй, ақсақал, неге өтірік айтасың? – деп дүрсе қоя берді.
Хабиб-и Ажеми:
– Жоқ, мен өтірік айтқан жоқпын. Өздерің көре алмасаңдар, мен қайтейін? –
дейді.
Олар қайта ішке кіріп, алақандай күрке ішін қанша қарағанмен, бұл жолы да
таба алмады.
Әкімнің жандайшаптары кеткеннен кейін күркеден шыққан Хасан Басри:
– Ей, Хабиб! Сенің құрметіңе бола Аллаһ тағаланың мені әлгілерге
көрсетпегенін білем. Алайда менің орнымды неге айттың?
Ұстаздық ақымды
ескермегенің қалай? – дейді ренішпен.
Сонда Хабиб ұялған пішінде:
– Әй, ұстаз! Сізді таба алмаулары менің құрметіме бола емес,
қайта
шындықты тура айтқандығымыздан болса керек. Өйткені шыншылдардың
көмекшісі Аллаһ тағала емес пе?! Егер жалған айтқанымда дердектетіп сізді де,
мені де алып кетер еді, – деген екен.
Достарыңызбен бөлісу: