Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет62/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79
Кемшілік кімде? 
Ахмет Рафи бір күні шәкірттерінен: 
– Менің кемшілігімді байқаған адам болса айтсын, – деп өтініпті. 
Сонда шәкірттерінің бірі тайсалмастан: – Ұлы ұстаз, сізде мен байқаған 
үлкен бір кемшілік бар, – депті. 
Өз кемшілігін шәкірттерінен сұрауға арланбайтын өте кішіпейіл ұстаз 
шәкіртінің бұл сөзіне қабақ шытпастан сол кемшілігін түзетпек ниетпен: 
– Иә, айта ғой, – дейді жай ғана, – ол қандай кемшілігім? 
Көзі жасқа шыланған шәкірті сонда: 
– Біз секілді лайықсыз жандардың сізге шәкірт болуы, – дейді. 
Әлгі шәкірттің бұл сөзін естігендер тегіс жылапты. Ахмет Рафи да көз 
жасына ерік беріп еңкілдеп жылаған күйі: – Мен сендердің қызметшілерің 
ғанамын, мен бәріңнен де төменмін, – деген екен. 
Нағыз қажы 
Табииіндік парасатты ғалым, хадисші Абдуллаһ ибн Мүбәрак қажылығын 
тәмамдап, Қағбаның түбінде отырғанда көзі ілініп кетіпті. Сол сол-ақ екен 
Аллаһ тағаланың әмірімен көктен екі періште түсіпті. Біреуі екіншісіне: 
– Осы жылы 600 мың кісі қажылық жасады. Алайда бұлардың бәрінің 
жасаған қажылығы Шам қаласындағы Али ибн Муаффақ есімді етікшінің 
құрметі үшін ғана қабыл болды. Ал, ол кісі қанша жыл талаптанса да бәрібір 
қажылық міндетін өтей алмаған көрінеді. Бірақ, бір ісінің Жаратқанға ұнағаны 
соншалық, осыншама адамның құлшылығы соның құрметі үшін ғана қабыл 
болды, – дейді. 


Абдуллаһ ибн Мүбәрак ұйқылы-ояу тұра сала таңданып таңдай қаққан күйі 
бірден керуенге ілесіп Шамға тартады. Шамға келе сала жаңағы кісіні тауып 
алып шаужайына жабыса кетеді: – Айналайын, қажылыққа бара алмапсың
сонда қандай амал жасадың? – деп сұрайды. 
Али ибн Муаффақ өзін Абдуллаһ ибн Мүбәрак сынды жұртқа танымал 
кісінің іздеп келгенін көріп өз көзіне өзі сенбей есінен танарлық халге түседі. 
Есін жиғанда, тілі сөйлеуге келіп өз жайын былай деп баяндайды: 
– Отыз жыл қажылыққа барсам деп армандадым. Елдің аяқ киімін жамап 
300 дирхәм ақша жинадым. Қажылыққа жол тартпақшы болдым. Енді жүрмек 
болғанымда, етке жерік аяғы ауыр әйелім: «Көршінің үйінен ет иісі шығады. 
Маған сол еттен бір жапырақ кесіп әкеліп берші?», – деп өтінді. Көңілін 
қимадым. Көршіге бардым. Мән-жайды түсіндірдім. Көршім еңкілдеп жылаған 
күйі: «Бір апта болды. Балаларым аш. Тіске басар ештеңе жоқ. Жолдың шетінде 
өліп жатқан бір өлексе малды көрдім. Соның қоң етінен кесіп алдым. Сол етті 
қазанға салып қайнатып, балаларды жұбатып отырған жайым бар. Егер адал 
ештеңе таппасам, осы арам еттен бермеске басқа лажым жоқ. Қаласаңыз, сізге 
де берейін. Бірақ аштықтан өліп бара жатқандарға ғана болмаса, бұл тоқтықта 
отырған сіздерге харам ғой», – деген еді. 
Али ибн Муаффақ сөзін жалғастырды: – Бұны естігенде жүрегімді біреу 
тіліп жібергендей қатты жаным ашыды. Әрең жинаған 300 дирхәмымды қолма-
қол соған ұстаттым да «Я, Аллаһ тағала! Өтей алмасам да менің қажылық 
ниетімді қабыл ала гөр!» деп дұға еттім, – депті. 
Бұны естіген Абдуллаһ ибн Мүбәрак: 
– Ендеше, Аллаһ тағала түсімде маған рас білдіріпті, – деген екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет