Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет63/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79
Құлшылық пен құрмет 
Әбу-л- Хасани-л- Харқани әңгімелеуде: 
Ағалы-інілі екі жігіт бірге тұратын. Олардың күтімге зәру кәрі шешелері бар 
еді. Түннің бір уағына дейін жігіттердің біреуі анасына қызмет етіп, зыр 
жүгіретін де, екіншісі қол қусырып Құдай алдындағы құлшылығын орындап 
намаз оқитын. Күн сайын құлшылық жасап көңлі рухани шабытқа шалқыған 
ағасы бір күні кеш бата інісіне: 
– Шешемізге бүгін де өзің қарашы, – деді, – мен күндегідей таң атқанша 
ғибадат жасайын. 
Інісі келісті. 
Ағасы ғибадат жасап отырып ұйықтап кетті. Таңғажайып түс көрді. Түсінде 
бір дауыс оған: «Ініңе үлкен кешірім жасадық. Ініңді сыйлағандықтан, сені де 
кешірдік» деген еді. 
Ғибадат жасаған жігіт бұған таңғалды, сөйтті де: 
– Қалайша? – деп сұрады, – мен болсам күн демей түн демей Аллаһқа 
құлшылық жасаймын. Інім болса жай ғана шешемді күтумен болады. Ініме 
деген құрмет үшін мені кешіргендеріңіз қалай? 
Өктем үн қайта естілді: 
– Иә, – деді сосын, – Сен жасаған құлшылықтарға біз зәру емеспіз. Алайда 
қол күтімге анаңның қатты зәру болып отырған жайы бар… 
Шайтаннан қорғану 


Тақуалығымен танылған құлдардың бірі Сүфиян Сәури бұ дүниелік дәм-
тұзы таусылуға жақын өмірінің соңғы сәттерінде жастығының астынан бір кесе 
шығарды. Іші толған алтын. Жанындағы достарына: – Мынаны садақа ретінде 
таратыңдар, – деді. 
Бұл жайтқа достары таңғала: 
– О, тоба! Біз білетін Сүфиян Сәури бұ дүниелік еш нәрсеге пысқырып 
қарамаушы еді, осыншама байлықты сақтап келгендігінің себебі не болды екен? 
– деп бір-біріне қарасты. 
Олардың таңданысын байқаған Сүфиян Сәури өз ісінің астарын сонда былай 
деп түсіндірген екен: 
– Мен бұл ақшамен дінімді қорғаштадым. Шайтан мен нәпсімнің аузын 
аштырмадым. Қашан нәпсім мен шайтан маған: «Ей, сіңірі шыққан пақыр, 
қашанғы киер киім мен ішер асқа жарымай жүре бересің? Одан да ақша тап!» 
деп маған дүниелік желік берген сайын мен оларға алтын толы кесемді көрсете 
маңайыма жолатпаушы едім. Бұл алтындарды мен соларға қарсы қару ретінде 
қолданып келдім... 
Алтындар садақа ғып үлестірілгеннен кейін, Сүфиян Сәури де алаңсыз 
мәңгілікке көз жұмды.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет