Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет11/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Сабақтың түрі: 
кіріктірілген сабақ
Оқыту әдісі:
сөздік, талдау, салыстыру, ажырату, проблемалық ізденіс әдісі, өз бетінше жұмыс, ойын әдісі
Көрнекілік:
слайд,видео
Пәнаралық байланыс:
дүниетану, әдебиеттік оқу, ағылшын тілі
Сабақтың барысы
І.Психологиялық
сәт
Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Good afternoon!
Good afternoon!
Good afternoon to you!
Good afternoon, good afternoon !
We are glad to see you!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
148-жаттығу 
- Қыстап қалатын құстарды атаңдар.
- Сауысқан,қарға торғай,көк шымшық,көгершін
- Балалар бүгін бізде ерекше сабақ . 
- Қайда баратындарыңды білгілерің келе ме?
- Ол үшін мына құпия есіктің тапсырмасын орындасақ ғана білеміз. 
Ой қозғау
1. Мәтін дегеніміз не?
2. Мәтіннің қандай бөліктері болады?
3. Мәтіннің әр бөлігі қалай жазылады?
4.Мәтіннің қандай түрлері болады?
- Қайда келдік?
- «Хайуанаттар бағына саяхат» жасап көрелік.
- Кәне,қандай аңдар бар екен?
-Балалар бүгін баққа 2-3 аң шықпай қалыпты.Оларға көмек керек екен.
-Олар қандай аңдар екенін білгілерің келе ме? Ендеше оқулықтағы жаттығулар орындау барысында білетін боламыз.
ІІІ.Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс Көркем жазу Т т
149-жаттығу
Мәтінді оқы.Мәтін неше бөліктен тұр? 
Барыс-мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң.Денесінің ұзындығы -130 см.Түсі көксұр, сақина тәрізді дөңгелек қара 
дақтары болады.
Қысқаша дерек көздері. 
 Барыс– мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 – 135 см, биіктігі 60 см 
,құйрығы 90 – 100 см, салмағы отыз – қырық килограмдай. Түсі көксұр, теңбіл шұбар,сақинатәрізді дөңгелек қара дақтары 
бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан менОрталық Азияныңбиік тауларында кездеседі. Қазақ ежелден барыстың тектілігін, 
батылдығын, айлалылығын пір тұтқан. Дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы Барыс жылы. Барыс Алматы Астана 
қалаларының төлтаңбаларында бейнеленген.
ü Мәтін неше бөліктен тұрады?
ü Әр бөліктің қандай жолдан басталып жазылғанына назар аудар.
ü Мәтіннің басқы бөлігін көшіріп жаз. Ондағы сөздерге дыбыстық талдау жаса.
«Сақина», «дақтар» деген сөздерге дыбыстық талдау жасау.
-Берілген мәтін мәтіннің қандай түріне жатады? -Сипаттау
Ø Жазған мәтініміз мәтіннің қандай түріне жатады ?
Ø Тағы да қандай жабайы жануарларды білесіңдер?
Ø Жабайы жануарлардың ағылшынша атауларын білгілерің келе ме?
Піл-elephant , жолбарыс-tiger, қасқыр-wolf, аю-bear, түлкі-fox, қоян-hare


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет