Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


Тәрбиелік: Оқушыларды ұлы ғұлама ғалымдардың еңбектерін бағалауға, білімді болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі



Pdf көрінісі
бет177/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Тәрбиелік:
Оқушыларды ұлы ғұлама ғалымдардың еңбектерін бағалауға, білімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 
СКТ сызбасы, «Ұлы Жібек жолы»картасы,Әл-Фараби және Аристотель портреттері
Сабақтың түрі:
аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 
түсіндіру
Пәнаралық байланыс:
тарих,қазақ әдебиеті,география
І.Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару
IІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрау.
«Сұрақ бізден, жауап - сізден»
1.
Ұлы Жібек жолының шартты атауы
2.
Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты?
3.
Қай елден басталды?
4.
Ұлы Жібек жолы қай қалалар арқылы өткен?
5.
Ұлы Жібек жолы сауда жолы ғана ма?
6.
Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстан далаларына қандай тауарлар әкелініп, қандай тауарлар шетке 
шығарылды?
7.
Ұлы Жібек жолы қай ғасырда өмір сүруін тоқтатты?
8.
Неге ?
9.
Ұлы Жібек жолында «Әлемнің төрт патшалығын» ата.
10.
Ұлы меридианалды жол туралы не түсіндің? Оның маңызы қандай?
IIІ. Жаңа сабақ 
Әл – Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы
Жоспар: 
1.
Өмір сүрген кезеңі, толық аты, туған жері, шыққан тегі.
2.
Әл – Фарабиге мінездеме.
3.
Білімі.
4.
Еңбектері.
5.
Тарихтағы орны.
6.
Қорытынды ой- пікір.
СКТТ ( сатылай кешенді талдау технологиясы) бойынша сызба
Әбу Насыр әл – Фараби
Өмір кезеңі
- 870 ж – 950 ж
 Туған жері
– қазіргі Түркістан алқабының Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында дүниеге келді
Толық аты
- Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани
Шыққан тегі
-- қыпшақ тайпасынан шыққан, әскербасының отбасында туған
Мінездеме 
- орта бойлы, мығым денелі, бала күнінен атқа міну өнерін жақсы
меңгерген , садақ атудың шебері болған, жастайынан талапты, оқу- білімге құштар
болған
Білімі -
Отырар медресесінде, Бұхара, Шам, Самарқан, Мысыр, Халеб, Бағдад
қалаларында оқып, білім алған,. Көп тіл білген. Жас кезінде өзінің көп уақытын
Отырардың бай кітапханасында өткізеді. Ол бүкіл ғұмырын оқу - білімге, ғылымға
арнады. Атақты Аристотельдің ғылыми еңбектерін зейін қоя зерттеген. Мысалы,
«Жан туралы» деген еңбегін 100 рет, «Табиғат гармониясы» деген еңбегін 40 рет,
«Риторика» деген кітабын 200 рет оқыған.
Еңбектері
- түрлі ғылым салаларынан 150 - ге жуық еңбектер жазып қалдырды.
Философия, физика, математика, астрономия, логика, этика, тіл білімі, жаратылыстану,
медицина, музыка салаларынан ғылымға қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі.
«Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жол сілтеу», « Аристотельдің категориялары»,
« Даналық меруерті», « Жан туралы», « Өлең ырғағы туралы», « Азаматтық саясат» т. Б
Тарихтағы орны
- Ғаламат еңбектері үшін ол «Шығыс Аристотелі» немесе « Екінші
ұстаз» деген атақ алды. Энйиклопедиялық білімі бар ғалым, ойшыл, философ,
математик, әдебиет пен музыка зерттеушісі.
Қорытынды:
Тек Шығыстың ғана емес, Батыстың да ғылым мен мәдениетінің
дамуына зор үлес қосқан ғұлама ғалым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет