2 қатар Есепті шығар. Жанат 6 қайшы алды, ал Серік одан 2 қайшы артық алды.Серік неше қайшы алды?
3 қатар Есепті шығар. Оймақ 9 теңге тұрады, ал ине одан 2 теңге арзан. Ине неше теңге тұрады?
-Есепті орындау тәртібі туралы сұрау. Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы.
«Шахтер» тапсырмасы.
Шахтер деген кім? Тақтада орындау.
Тура теңдік Тура емес теңдік Тура теңсіздік
Тура емес теңсіздік
Әр қатардан шығып жазу.
«Полиция» тапсырмасы.
Полиция деген кім? Дәптерге орындау.
Геометриялық фигурамен жұмыс. Қандай фигураларды білесіңдер?
Тіктөртбұрыш пен шаршыны салыстыру.
Әр топқа фигуралар беру. Өлшеу.
«Аспаз» тапсырмасы.
Аспазшы деген кім?
Салыстыру.
1 қатар 2қатар 3 қатар
5*2 2*10 7*2
6*8-2 8*7+2 6-2*2
Ү.Қорытындылау. ҮІ.Бағалау. ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
* * * * *
СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА
Аленова Арайлым Амангелдиевна
Ақтөбе қаласы, №19 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі
Сыныптан тыс шара
Мақсаты: Дарынды баланы айқындай отыра, оның өнерге деген қызығушылығын ояту.
1 жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, құрбы - құрдас,
Бармысыздар, ән сүйер әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық.
2 жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар, жадыраған жас достар.
Бүгінгі «Әнші балапан» ән байқауына қош келдіңіздер.
1 жүргізуші: Осы сайыста 6 - 10 жас аралығында өнерпаздар 2 кезеңде ән орындайды. 1. Мектеп және ұстаз әндері 2.
Патриоттық әндерін орындайды.
Бүгін өнерпаздар мектеп әндерін орындайды. Олай болса әділ қазылармен танысайық.
Оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Дәулетова Жансауле Дәулетқызы
«Бозторғай» обл байқауының лауриаты Кенжеғұл Үмбетқали Қайырғалиұлы
Домбра үйірме жетекшісі Мағзымбетова Гүлсана Қыдырбайқызы.
4.Бейнелеу пәнінің мұғалімі Туралина Жұлдыз Нағметуллақызы.
2 жүргізуші:
Ән де, күй де еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса,
арты қайғы – мұң. Әсем әуезді ән - адам өмірінің тамаша бейнесі.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан
1 жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,
2 жүргізуші:
Жақсы әнші өнеге,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Өнерді үйрен бір - бірлеп,
Әнде шырқап, би билеп.
Халық айтса біледі,
Талаптыға нұр жауар,
Өнерлі өрге жүзер,
Талаптылар құр қалма! - деп, жас әншіміздің өнеріне береміз. Ортамызда 2
а
сынып оқушысы Рсалиев Жасұланды «
Мектебім » әнімен шақырамыз.
Жасұлан
жарайсың, әніңді жақсы орындап шықтың, маған сондай ұнады.
1 жүргізуші:
Алдымызда ұзақ жол,
Ізденуден талмағай.
Қиындыққа мойымай,
Өнер жолын жалғағай - деп, 2
ә
сынып оқушысы Қызыметова Аңсарды « Мектебім » әнімен қарсы алыңыздар.
2 жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
141
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ
Ел намысын қорғамақ,
Бексұлтан шықсын ортаға,
Бүгін әнші атанбақ – деп ортаға 3
а
сынып оқушысы Өтегенов Бексұлтанды « Алғашқы ұстаз » әнімен шақырамыз. Қане,
қошеметтеп қояйық ағайын!
Әдептілікті сақтаймын,
Әнші Бексұлтанды мақтаймын.
Қамқор сыншы болайық,
Деген сөзін жақтаймын.
Бексұлтан, өнерде жолың ақ болсын! Тамаша орындадың.
1 жүргізуші:
Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы кешімізді одан әрі жалғастыралық.
Сән - салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойға,
Әнмен шашу шашайық - деп, ортаға 3
ә
сынып оқушысы Ошақпай Әлисұлтанның орындауындағы « Мектебім» әнін қабыл
алыңыздар!
Әлисұлтан, бәрекелді, әніңді жақсы орындадың, маған қатты ұнады.
2 жүргізуші:
Ал оқушы, ұстаздар,
Ортаға назар салыңдар.
Зарина қызымыз келеді,
Бар өнерін төгеді, - деп қошеметпен 4
а
сынып оқушысы Ананьева Заринаның орындауындағы «Ана ұстаз» әсем әнін
тамашалайық.
Бойыңда Зарина от бар екенін байқадым,
Жүрегіңде шоқ бар екенін байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтағын әрдайым.
Зарина, әнің тамаша болды.
1 жүргізуші:
Қуанып жасымыз да, кәріміз де,
Саламыз шаттық әнге бәрімізде.
Сұлужан әншілерің ортамызда,
Халқына ән арнайды шапалақта
Ендеше ортамызға «Аяулы әнім мектебім» әнімен 4
ә
сынып оқушысы Ізбаева Сұлужанды шақырамыз.
Сұлужан, біз сені өнердің биік шыңдарынан көрейік. Өнердің биік шыңдарынан көрін.
2 жүргізуші: Осымен «Әнші балапан» байқауының 1-кезеңі өз мәресіне жетті.
Күнде жиын бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өзгереміз, өркендейміз.
Ұл - қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз береміз. Сын - шын, бағалау әділетті болсын!
Жеңіске жеткен жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Ортаға барлық өнерпаздарды шақырамыз. Хор «Әнші балапан» Бірге: Көріскенше күн жақсы.
* * * * *
Достарыңызбен бөлісу: