ТАҚЫРЫБЫ: САНДЫ 7-ГЕ КӨБЕЙТУ КЕСТЕСІ
Куптлеуова Р.И. бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Санды 7-ге көбейту кестесі
Мақсаты: Оқушыларды санды 7-ге көбейту және бөлумен таныстырып, көбейту кестесін құруды,көбейтудің
ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету.Көбейту, бөлу амалдарын шығаруға машықтандыру.
Білім, білік дағдыларын кеңейту, ой-өрісін, қиялын қабілетін дамыту
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өзін-өзі тексеру дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау
Көрнекіліктер: Астана қаласындағы «Жеті керемет» суреті, кеспе қағаздары
Пәнаралық байланыс: дүниетану,ана тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:а)оқушыларды сабаққа даярлау, сыныптың сабаққа даярлығын
тексеру, оқу құралдарын түгендеу.
Психологиялық дайындық.
22
Саған есеп үйреткен,
Пәнге қара құрметпен.
Сандарды тура табатын
Қиын, әрі қызықты
Математика болатын.
Үй тапсырмасын және өткен тақырыпты еске түсіру.
Тірек білімді белсендіру. Ауызша есептеу.
1.Көбейту амалының компоненттерін ата.
2. Бөлу амалының компоненттерін ата.
Ойын «Кім жылдам?»
2∙5 6∙4 12:3 28:4 15:5 27:3 2:2 9∙4 25:5 45:9
ІІ.Жаңа сабақ.
1. Көркем жазу.
2. 1-Астанадағы керемет «Бәйтерек» 7 қандай сан? (Тақ, қасиетті, жеті нан, жеті ата, жеті қарақшы, жеті күн)
Жеті саны туралы жақсы біледі екенсіңдер.Біздің тәуелсіз еліміздің ордасы Астанада да 7 керемет бар
екен.Берілген тапсырмаларды орындай отырып сол кереметтерді көрейік.
1.Жаңа сабақ тақырыбы:7-ге көбейту және бөлу жағдайларын қарастыра отырып, көбейту мен бөлуді үйренеміз.
7∙7=7+7+7+7+7+7+7 7*7꞊7∙6+7꞊49 49:7꞊7
7∙8=7+7+7+7+7+7+7+7
7∙9=7+7+7+7+7+7+7+7+7
Алдымен теңдіктің оң жағы мен сол жағын салыстырайық:Оң жағында көбейтінді,сол жағында қосынды.Әрбір
өрнектің мәні жетіге артып отыр, себебі 7 бірлікке артты.
Көбейту дегеніміз - бірдей қосылғыштардың қосындысы.
Ендеше «Бірдей қосылғыштарды көбейтумен алмастыруға болады деген ережені пайдаланамыз»
7 * 7= 49:7=
7.8= 8.7 = 56:7= :8= 7
7.9= 9.7= 63:7 :9 = 7
яғни 7*7 тең 49-ға, 49: 7 тең 7-ге
(Өйткені, көбейту және бөлу өзара кері амал)
Бұл 7-ге көбейту, бөлу кестесі.
Қорыта келе:көбейткіштердің орнын ауыстырғанымен көбейтіндінің мәні өзгермейді.Бұл көбейтудің
ауыстырымдылық қасиеті.
2- Астанадағы керемет «Думан» ойын-сауық кешені
2.Оқулықпен жұмыс. №2
а) Әр тонға – 7 тері ------- 63 тері ---------- ә) Әр тымаққа – 2 тері
Тігілді – 7 тон ------------------------------------------- Тігілді – 7 тымақ
Қалғаны -? ----------------------------------------------- Қалды – 12 тері
--------------------------------------------------------------- Барлығы қанша тері -?
Ш: 63 - 7*7=14 ------------------ Ш: 2*7+12=26
Ж: Қалғаны 14 тері ----------- Ж: Барлығы 26 тері болған
Ұқсастығы:------------------------------------ Айырмашылығы:
• Екі амалмен орындалады ------------ 1. Жұмсалған тері әр түрлі
• Екеуі де тері туралы -------------------- 2. Мәндері әр түрлі
• Екеуі де 7 киім ----------------------------3. Бірінде барлығы белгісіз, бірінде қалғаны белгісіз.
3- кереметі бұл «Бейбітшілік пен келісім»сарайы
Тақтамен жұмыс. 3 топ
№3. Өрнектер құру, мәндерін табу.
а) 8*7=56
9*7=63
7*7=49
7*1=7
56: 7=8
63: 7=9
49: 7=7
7: 7=1
56: 8=7
63: 9=7
49: 7=7
7: 1=7
7*8=56
23
7*9=63
7*7=49
1*7=7
4- керемет «Әуенді фонтандар»сарайы
Логикалық есептер:
1)Әжесі немересіне сегіз қолғап тоқиды.Немересі нешеу?
2) Бес бұтақта ағашта,бұтақ сайын бес алма.Болады барлығы неше алма?
3)Шөпте қояндар тығылып отыр.Тек он төрт құлақтары ғана көрініп тұр.Қанша қоян тығылып отыр.?
Сергіту сәті
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз
Көбелектей қонамыз.
5-керемет «Қаз Мұнай газ»ғимараты
№5. Өрнектерді пайдаланып тура теңдіктер құру.
20: 2+5=3*5
120: 10=2*6
4*3=6*2
9*2=3*6
4*6=6*4
90: 3 - 2=7*4
200: 10=4*5
5*4=4*5
7*4=9+19
5*3=5*3
6- керемет «Ханшатыр» ғимараты
6. 7+21: 7=10
210: 7+180=210
7*6+29=71
(7+21): 7=4 (22+8)*7 - 10=200
45+5*7=80
7+49: 7=14 63: 7+31=40
4*7 - 19=9
(7+49): 7=8 (75+15)*7+110=740
8*7 - 37=19
7-керемет «Ақ орда»
№7. Мәні 24 - ке тең көбейтінді жазу
3*8=24
4*6=24
8*3=24
6*4=24
Сәйкестендіру 7*2 21
63:7 28
4∙7 14
3∙7 9
Сабақты қорыту.Біз нені білдік?Киелі сандардың бірі 7 екенін білдік.
Ол 7 саны.Тақ сан. Біз нені үйрендік? 7-ге көбейту және бөлу кестесімен танысып есептер шығардық,логикалық
тапсырмалар орындай отырып Тәуелсіз Қазақстанымыздың Астанасындағы 7 кереметпен таныстық.
Бағалау.
Үйге тапсырма: №3(ә) №4(146-бет) , 7-ге көбейту кестесін жаттау.
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: ЖҰЛДЫЗДЫ БЕСТІК
Тлекенова А.Ж. бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Жұлдызды бестік
Мақсаты:
1. Балалардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын
жетілдіру. Шығармашылық ізденістерін ұштау.
2. Оқушылырдың логикалық ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушылардың білімін өмірде қолдана білуге үйрету. Пәннің керектігін сезінуге баулу.
24
Сабақтың көрнекілігі: топ тапсырмалары, керекті заттар, суреттер, нақыл сөздер, логикалық есептер, ұпай
көрсеткіштері.
Сабақтың түрі: Топтық сайыс Сабақ типі: Ойын түрінде
Жоспары:
1. Топтардың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. «Бәйге» (тапқырлық сайыс)
3. Білімпаздар еліне саяхат. (арнайы тапсырма)
4. «Ойлы болсаң озып көр» (логикалық тапсырмалар)
5. Мақалдың жалғасын табу
6. Жанкүйерлер сайысы
Қолданылатын нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы (К. Гаусс)
2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика (М. В. Ломоносов)
3. «Математиканың өз тілі бар - ол формула» Софья Ковалевская
Сабақ типі: Ойын түрінде
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Көңілді кеш жасайық.
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ есеп бәрі бар,
Ал, сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық
Кім білімді табайық - дей келе ортаға сайысқа қатысушы екі топты шақырайық.
Сайысқа қатысушы топтардың аты «Ұлан» және «Қыран» тобы. Әуелі сайысымызды бастамас бұрын әділ
қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Бүгінгі сайысымыз жеті кезеңнен тұрады.
1. Топтардың таныстыруы.
2. «Бәйге»
3. Білімпаздар еліне саяхат.
4. «Ойлы болсаң озып көр»
5. Мақалдың жалғасын табу
6. Кім жылдам?
1 - кезеңімізді бастаймыз. Таныстыру.
1 топ: Ұлан тобы
Сәлемдесу:
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді.
Ұраны:
Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз,
Бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
2 топ: Қыран тобы
Сәлемдесу:
Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш санасып көрейік,
Жеткенінше әліңіз.
Ұраны:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз.
2 кезең: «Бәйге»
25
Ұлан тобына:
1. 1 метрде неше сантиметр бар? /100см
2. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? /айырманың мәні
3. 1 сағатта неше минут бар? /60мин.
4. Қарама - қарсы қабырғалары өзара тең фигура қалай аталады? /төртбұрыш
5. Қосудың қасиеттерін ата. /ауыстырымдылық, терімділік
6. 1дм 4см нешеге тең? /14см
7. 1 тәулікте неше сағат бар? / 24сағ.
8. Екі нүктенің арасындағы түзу қалай аталады? /кесінді
9. 4 ондық 5 бірліктен құралған санды ата / 45
10. Қыс пен көктемде неше ай бар? /6 ай
«Қыран» тобына:
1. 1 дм неше см?/ 10 см
2. Қосудың нәтижесі қалай аталады? /қосындының мәні
3. Барлық қабырғалары тең фигура қалай аталады? /шаршы
4. Ұзындық өлшем бірліктерін ата/ см, дм, м, км
5. Бір ғасырда неше жыл бар?/ 100 жыл
6. 1 жылда қанша күн бар? /365 – 366 күн
7. 5 ондық 2 бірлік қандай сан? / 52
8. 120 минут неше сағат? / 2 сағат
9. 8 саны мен 7 санының қосындысы нешеге тең? / 15
10. 2 тәулікте неше сағат бар? /48сағ.
3 кезең. Білімпаздар еліне саяхат
Ұландар тобына:
1 тапсырма:
Қоймада 25 қап қант бар еді. Түске дейін дүкендерге 10 қап, түстен кейін 5 қант жөнелтілді. Қоймада неше қап
қант қалды? / 10қап қант
2. Салыстыру
(80+10) – 20 * (80+20) -10 / 70<90
28 сағ * 1 тәул. 2 сағ / 28>26
«Қыран» тобына:
1 тапсырма:
Етікшілер түске дейін 20 аяқ киім, ал түстен кейін одан 10 аяқ киім артық жөндеді.Барлығы неше аяқ киім
жөндеді? /
2.Салыстыру
(50+30) – 10 * (100 – 50) -10
28 сағ. * 1 тәул. 4 сағ.
4 кезең: «Ойлы болсаң озып көр» (логикалық тапсырмалар)
«Ұлан» тобына
1.4 жұмыртқа 4 минутта піседі. 1 жұмыртқа неше минут піседі. / 4 мин.
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма кем өсіп тұр. / Үйеңкіде алма өспейді/
3.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар
ағашта отырмайды және ұшпайды.)
4. Бес тырнаның неше аяғы бар?/10
«Қыран» тобына
1.Үй тышқанның неше құлағы бар?
2. Ит 2 аяғымен тұрғанда салмағы 3 кг , егер ол 4 аяғымен тұрса онда оның салмағы қанша кг болады? (3 кг)
3. Үстел үстінде 5 майшам жанып тұр еді. Еркін оның 4-ін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше майшам
қалды? (5)
4. Жазда 6 бала таудан сырғанақ тепті. Олардың 4 - еуі қайтып кетті. Нешеуі қалды?/ жазда сырғанақ
болмайды.
5. Мақалдың жалғасын табу
Ұландар тобына:
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына )
5. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)
6. Жүзден біреу шешен, (мыңнан біреу көсем)
«Қыран» тобына:
1. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарар)
26
2. Білгенің бір тоғыз, (білмейтінің тоқсан тоғыз)
3. Бір кісі қазған құдықтан, (отыз кісі су ішер)
4. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, (төртеу түгел болса төбедегі келеді)
5. Елу жылда ел жаңа, (жүз жылда қазан)
6. Жеті рет өлшеп, (бір рет кес)
6. кезең: Кім жылдам?
Ұландар тобына:
1. Мұз айдында жеті бала.
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала.
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң –жарадың!
2.Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді?
3.Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып.
4.Табақта бес алма,
Қолымда үш алма,
Інімде екі алма,
Қосқанда барлығын.
Болады неше алма?
Бір алма атама,
Бір алма әжеме,
Бір алма апама,
Бір алма әкеме,
Нешеуін алады?
Нешеуі қалады?
5.Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?
«Қырандар» тобына
6.Қанша қоян аулада
Сонша тауық аулада.
Аяқтары он екі,
Санап көрші, кәнекей?
7.Екі аяқпен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің....
Нешеу болды кәне, бол,
Санап шығар кім бұрын?
8.Тал басында,
Тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да,
Үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның
Жұлынып,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі?
9.Портфелімде әуелі,
Он үш жаңғақ бар еді,
Науат пенен Сағатқа,
Самат пенен Маратқа,
Апасына Қанаттың,
Екі-екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы, ал жаны?
10.Мына тәтті алты алма-
Нұрбибі мен Жанарға.
Үш сарысы-Анарға,
Қызыл алма-Манарға.
Сабақты қортындылау:
Осымен, балалар «Жұлдызды бестік» атты сайыс сағатын аяқтай отырып.
Жеңімпаз топты анықтап белсенді қатысқаны үшін « Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: АЛТЫН СӨЗ
Кунаева Б.А. бастауыш сынып мұғалімі.
Тақырыбы: Алтын сөз.
Мақсаты: а) білімділік:Оқушыларға ақын Н.Айтов туралы мағлұмат бере отырып,ақынның өмір жолын,
шығармаларымен таныстыру. Бата туралы әңгімелеп бере отырып ,батаның түрлерін, батаның қасиетін
ұғындыру.
ә) дамытушылық: ойлау,сөйлеу қабілетін шыңдау, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік: батаны өмірде қолдана білуге, бата беріп үйренуге баулу,имандылыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, ой қозғау, топтастыру,өзін-өзі бағалау т.б
Көрнекілігі: слайд,постер,суреттер, кестелер,бейнежазба
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,дүниетану,бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту. Топқа бөлу.(4 мезгіл.)
Психологиялық ахуал туғызу:
Күн көзіндей күлімдеп,
27
Көңілді болып жүрейік.
Қазіргі болар сабаққа
Жүректен ақ жол тілейік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Жыл мезгілдері.Мәнерлеп оқу,диалогтық әңгіме құрау.
І топ—Қыс тобы(өлеңді мәнерлеп оқу)
ІІ топ—күз тобы (өлеңнің мазмұнын айту)
ІІІтоп---көктем тобы(көктем мен жаз диалог)
V топ—жаз тобы.(күз бен қыс)Үш топ 1 топты бағалайды
Бармақпен бағалау.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: сұрақ-жауап, түйінді шеш әдісі бойынша жаңа тақырыпқа ену. Әрбір дұрыс
жауапқа ұяшықтың дұрыс бір әрпі ашылу керек.
1.көктем қайтеді? А
2.неліктен? л
3.Жаз қайтеді? т
4.неліктен? ы
5.күз қайтеді? н
6Неліктен? с
7.Қыс қайтеді? ө
8.Неліктен? з
ІҮ. Жаңа сабақ: Алтын сөз. Н.Айтов.
1.Оқушылардың автор туралы өзіндік ізденіс жұмысын тыңдау.
2. Дәптермен жұмыс:Н.Айтовтың өмірі туралы жазу.
Айтов Несіпбек Тұрысбекұлы 1950 жылы 22 қыркүйекте Қытай Халық Республикасы, Шынжаң өлкесі
Шәуешек ауданы, Теректі-Қақпатас елді мекенінде дүниеге келген. Қазақ Ұлттық Университетін бітір¬ген.
Семей облысы, Шұбартау ауданы, “Жаңа өмір” газетін¬де әдеби қызметкер, “Балдырған” журналында бөлім
меңгерушісі, “Жалын” баспасында редактор қызметтерін атқарған.
2001 жылдан бері Еуразия Ұлттық университетінде аға ғылыми қызметкер болған. Алғашқы “Балалық” деген
өлеңі 1965 жылы жарық көрді. Қазақстан Жазушылар одағының М.Мақатаев және Жамбыл атындағы
сыйлықтарының лауреаты.
3.Ой қозғау. «Алтын сөз»дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылардың пікірі.
Ақ тілек,бата,мақал,мәтел,шешендік сөздерт.б.
Несіпбек Айтовтың «Алтын сөз» атты өлеңінде нені алтынға теңеген?Мұны білу үшін тыңдайық
(бейнежазбадан тыңдату)
Ал,оқушылар,бұл өлеңде бата туралы айтылған екен.
Бата не үшін беріледі?
Батаны кімдер береді?
Бата туралы білетінімізді ортаға салып көрейік.
Тапсырма:
І топ ---Бата сөзіне ассосиация құру
ІІ топ---Қандай бата білеміз?
ІІІ топ---Өз ойынан бата құрау
ІVтоп----көрініс көрсету.(дастархан басындағы бата)
Әр топты қалған 3топ бағалайды.
Бағдаршам арқылы бағалау.
4. Мұғалім түсіндірмесі: Бата
«Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», – дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс
айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ал сөз – бүкіл адамзат тарихындағы
құдіретті күш. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да
қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен
арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.
Батаның негізі үш түрі бар:
Ақ бата;
Теріс бата;
Серттесу (Баталасу);
Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан
өсиетнама, Аллаһ Таға-ладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты –
ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке –
бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асырылатын мақсат, мүдделерді белгілеу.
28
Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа
қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық,
ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып бата берген.
Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда
жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын
ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» – қарғыспен тең. Қазақ баталасуды – елдіктің, тектіліктің, азаматтық
асиеттің белгісі деп таниды.
Бейнежазбадан «Қыз Жібек» филмінен үзінді, теріс батаны,ақ батаны, көрсету
Сергіту жаттығуын жасату.
5.Оқулықпен жұмыс.
Әр топ екі шумақтан оқу.
Ү. Сабақты бекіту.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Өлең мәтініне сүйеніп, мына сұрақтарға жауап берсең, өлеңде не туралы айтылғанын табасың.
1. Бата берген атасы көпке не тіледі? (бақыт)
2. Балаға кім бол деп тілейді? (адам)
3. Достарыңмен қандай бол дейді? (тату)
4. Ата сөзі қандай сөз? (алтын)
VI.Қорытындылау.
Бата тыңдау.(бейнежазба)
ҮІІ. Үйге тапсырма:
1. Мәнерлеп, түсініп оқу, әңгімелеу.
2. Өзіңе ұнаған бата жаттау.
ҮІІІ. Кері байланыс (рефлексия).
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: Үү ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ
Уйкасова Ж.А. бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы:Үү дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:1.Ү дыбысы бар сөздерді дұрыс оқып,сауатты жаза білуге үйрету.
2.Оқушылардың ой-өрісін,тіл байлығын,тапқырлық қабілетін арттыру.
3.Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Суреттер,оқулық тірек сызба. Әдісі:Сұрақ-жауап,көрнекілік,талдау-жинақтау.
Түрі:Жаңа білімді меңгерту.
І.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Айналаға алақанмен,
Жылылықты шашайық.
Сәттілік тілеп баршанызға,
Сабақты біз бастайық.
-Ал,Балалар,осы жаксы тілекпен,көтеріңкі көңілмен сабақты бастайық.
ІІ.Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту.Жұмбактар шешу.
А).Жарықта соқырмын,
Ұша алмай отырмын. Жауабы:Үкі
Ә).Баласын тізіп соңына,
Сүңгіп жүзіп жүретін.
Су жұкпайтын жонына,
Бұл қандай құс: Жауабы:Үйрек
-Құстардың аттары қай дыбыспен басталып тұр?
-Ү дыбысы туралы не білеміз?
Сөз ортасы,басы Дауысты
Қызыл Жіңішке
(Мысалдар келтіру.Оқушылардың жауабын тыңдау)
-Балалар,бұл құстар адасып кетіпті.
Біз оларға көмектесуіміз керек.Өйткені құстар біздің досымыз.
Бізге қонаққа Дара мен Боти келіпті.Сендер бұл мультфилімді көрдіңдер ме?Олар кімдер?
-Олар-ізкесушілер.
-Дара мен Ботидің тапсырмаларын орындасақ құстарға көмек береміз.
1-тапсырма.Бағандағы сөздерді оқып бер.(4 оқушыға оқыту)
29
2-тапсырма.Құстардың атын тақтаға жазып,дыбыстық талдау жасау.
Үкі-3дыбыс,3әріп,2буын
ү-ашық буын
кі-ашық буын
ү-дауысты,жіңішке
к-дауыссыз,қатаң
і-дауысты,жіңішке
Үйрек-5дыбыс,5әріп,2буын
үй-тұйық буын
рек-бітеу буын
ү-дауысты,жіңішке
й-дауыссыз,үнді
р-дауыссы,үнді
е-дауысты,жіңішке
к-дауыссыз,қатаң
-Балалар,біз жолдан адасып кетіппіз.Дара мен Ботиге не көмекке келеді?
-Карта.Орман,өзен,уй
-Ең алдымен қайда барамыз?
-Орманға.
-Орманға бара жатып мына тапсырманы орындайық.
ІІІ.Оқулықпен жұмыс
1.Суретпен жұмыс.
-Суретте кімді көріп тұрмыз?
-Олар қайда?
-Қандай жағдай болған
2. «Кім кінәлі»өлеңімен жұмыс.
Автор туралы түсінік.
3.Өлеңді оқу.
-Мұғалімнің оқуы.
-Балаларға оқыту.
-Кім кінәлі екен?
-Елеместің ісіне баға берейік.
-Өлеңнен ү дыбысы бар сөздерді оқып берейік.
-Балалар мектеп мүлкін таза,боямай,сындырмай ұстау керек.Мектеп-біздің екінші үйіміз.
-Міне,біз орманға да жеттік.Бізге мұнда алаяқ түлкі кездесіп қалды.Бізге тиіспес үшін мынадай тапсырманы
орындайық.
«Адасқан әріптер» ойыны
1.ж,з,ү,і,к.
2.к,ү,і.
3.к,ү,і,с,м.
4.ү,з,к.
-Біз орманнан өттік.Үкі өз үйінде қалды.Енді өзенге барамыз.Өзенге барар жолда тағы тапсырма орындайық.
1
2
3
4
5
6
7
8
Т.2+3 Й.3+0
А.6-2
Ы.7+1
Ү.4-2 К.6-5
С.4+3
А.3+3
-Күй атасы-Құрманғазы.
Құрманғазы атамыздың көптеген күйлері бар.Соның бірі «Адай»күйі
Сергіту сәті(үзінді тыңдау)
-Міне,өзенге де жеттік.Өзенге үйректі тастап,өзіміз үйімізге қайтамыз.Ол үшін бізге қайық керек.Қайықты табу
үшін дәптермен жұмыс жасаймыз.
Дәптермен жұмыс.
Сөз,сөйлемдерді көшіріп жазу.
-Үйге тез жету үшін «Жұбыл тап»ойынын ойнаймыз.
Кү- -рек
Түл- -жім
Жү- -кі
Үй- -рек
(Әр сөзбен сөйлем ойлап айту)
-Енді өз үйімізді құрып алайық.
30
Қ Қабырғасы
Шатыры
Есігі
Терезесі
IV. Қорытындылау
-Жарайсыңдар. Сендерге саяхат жасаған ұнады ма? Сонымен Үү дыбысы туралы не білеміз?
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ГРАММАТИКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Жаңабаева А.К. бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Грамматика әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты: Қазақ тілі пәні бойынша алған білімдерін байқау.
Ауызекі ж әне жазба жұмыстарын өткізу арқылы тіл байлығын, ой өрісін дамыту. Оқушылардың сөздік
қорларын молайту, өз халқын, елін, жерін сүюге қадірлеуге баулу. XXI ғасырдың заман талабына сай білімді,
білікті жеке тұлға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ- жауап баяндау , түсіндіру әңгімелеу
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, слайд.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық әзірлік
Ашық аспан болсын !
Әр күніміз біздің
Сәттілікке толсын
Қазақ тілі пәнінен
Білмегенді, білейік!
Үйренейік, күлейік!
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастаймыз. Балалар бүгінгі сабағымызды біз қазақ тілі пәнініен алған
білім, біліктерімізді көрсетеміз.
Мектебімізде «Егеменді ел тірегі – оқу мен білім» атты онкүндік өтіп жатыр сол онкүндіке қосқан үлесіміз
болсын.
Сынып 3 топқа бөлінеміз
I топ –Мейірім
IIтоп- Толқын
IIIтоп- Күншуақ
Балалар,бүгін біз Білім еліне Қазақ тілі мекеніне саяхатқа шығамыз.
Қазақ тілі елінде әріптер адасып қалған екен. Әріптерге өз орындарына баруға көмек берейік.
1.Әріп дегеніміз не?
2.Дыбыс дегеніміз не?
Әріпті айтамыз ,көреміз жазамыз . Дыбысты көреміз , жазамыз естиміз,
Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2-ге дауысты ,дауыссыз)
Дауысты дыбыстар:
жуан : А,О,Ы,Ұ
жіңішке: Е,Ә,І, Ү,Ө
Дауыссыз дыбыстар:
Қатаң: к,қ, п,с,т,ф,х,һ,ц,ч.ш,щ.
Ұяң : б,в,г,ғ,д,ж,з,
Үнді: л,м,н,ң,р,й,у
Буын дегеніміз не? (Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады,)
Қандай буын түрлерін білеміз? (ашық ,тұйық ,бітеу)
Ашық буын; Дауыстыдан басталады ,дауысты дыбысқа аяқталады.
Тұйық : Дауыссыз дыбыстан басталып ,дауыссыз дыбысқа аяқталады.
Бітеу: Дауыссыздан басталып ,дауыссыз дыбысқа аяқталады
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды соғайық
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып ,бір тұрып
Сәл тынығып алайық.
31
Ойын «Адасқан буындар»
ке,ме ,ре, же ,ң у , пат, шы, ша, мыр.
Кеме , Мереке, патша, шана, шымыр, жеңу.
Мәтін атты келесі бір елді мекенге тап болдық ,Онда Мәтін атты қария өмір сүреді. Оның үш баласы
болыпты.
Мәтін дегеніміз не?
Мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге де ат қоюға болады.
Мәтіннің үш баласы бар екен.
1.Әңгімелеу
2.Сипаттау
3.Пайымдау
Үлкен баласы- әңгімелеу.Қыс суретіне қарап әңгімелеу мәтінін
құрастырайық.(Мәтін құрастыру)
2 баласы –сипаттау . Ол зәулім биік шырша тұрады екен. Сол шыршаны сипаттайық. Сипаттау мәтінін
құрастыру.(Мәтін құрастыру)
3баласы –пайымдау.
Пайымдау мәтінін құрастырамыз.
Қыс суреті , Аяз ата ,байланысты пайымдау мәтінін құрастыру.(Мәтін құрастыру)
Келесі бір елге тап болдық. Ол ел сөйлем деп аталады.
Сөйлем дегеніміз не? (Сөйлем ааяқталған ойды білдіреді сөйлем соңынан нүкте , сұрақ , леп белгісі қойылады)
Сөйлем түрлерін атайықшы.
Хабарлы ,сұраулы ,лепті. Бұл елде аң патшасы арыстан кездеседі. Арыстанға байланысты сөйлем ойлаймыз.
(Арыстан -азулы аң)
Осы орман ішінде маймыл өмір сүреді екен . Қоянға байланысты сұраулы сөйлем ойлаймыз. (Қоянныңтүсі
қыста неге өзгереді?)Орманға байланысты лепті сөйлем ойлаймыз (Орманның іші қандай керемет!)
Ойын «Қалт етпе , қағып ал»
Ойынның шарты: Мұғалім бір сөз айтады, оқушы қандай сұраққа жауап береді, қай сөз табы екенін айтады.
Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Мәтін дегеніміз не?
Мәтін түрлерін ата.
Бүгін қазақ тілі пәнінен нені қайталадық?(Сөйлем ,мәтін , дауысты, дауыссыз дыбыстар ,дыбыс түрлерін )
қайталадық. Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем түрлерін ата?
Сабақты қорыту
Жеңген топты фишкалар бойынша анықтау.
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: «ТАПҚЫР ДОСТАР» САЙЫС
Коспанова А.К. бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: «Тапқыр достар» сайыс
Мақсаты: Бастауыш класс оқушыларында білім негізін қалыптастыру, пәндерге деген қызығушылығын ояту,
сөздік қорын дамыту, ауызша логикалық ойлауға баулу.
Сабақтын барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топқа бөлу. («Алғырлар», «Зеректер»)
Мұғалім:
Арманымыз көп біздің,
Атқарамын деп келдік.
Оқып білім, ғылымды,
Өнер табам деп келдік.
Үйренген соң білімді,
Сайысамыз деп келдік, - дей отырып, бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер.
ІІ. Сайыстың кезеңдерін таныстыру.
1.«Кел,танысайық»
2.«Кім жылдам?»
3.«Сандар сөйлейді»
4.«Ойлан,тап!»
5.«Сурет сыры»
1- кезең. «Кел, танысайық»(Топтардың атымен,ұранымен танысу)
І – топ «Алғырлар»
Топ басшы: таныстырады ұраны
«Биіктерге самға,біліміміз барда жүреміз тек алда»
32
2-топ«Зеректер»
Топ басшы: таныстырады ұраны«Сұңқардай қалықтаймыз,зерекпіз жалықпаймыз»
2.кезең.«Кім жылдам?»
1-топ: «Алғырлар»
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан).
2. Ы. Алтынсарин кім? (Қазақ мектебін ашқан).
3.Мақалды жалғастыр,Оқусыз білім жоқ.... (білімсіз күнің жоқ
4.Тұңғыш Әліппе оқулығын жазған кім? ( А Байтұрсынұлы
5.Бес асыл істі ата (талап, еңбек,терең ой,қанағат, рақым ойлап қой
6.Ертегі түрлерін ата (Қиял ғажайып ертегі,шыншыл,жан-жануарлар туралы
7.Өмірде болған адамның басынан кешкен әңгімесін қалай атаймыз?(аңыз
8.«Кім сүймесін өз жерін?»деген сөздер кімнің шығармасынан алынған? (Ж.Аймауытовтың Қартқожаның
туған жері
2-топ: «Зеректер»
1.Күз айларын ата. (қыркүйек,қазан,қараша
2.А.Құнанбаев кім? (ақын
3.Жұмбақтың шешуін тап: Аяғы біреу ,қолы жоқ,шиыр-шиыр жолы көп. Өзі сөйлей
білмейді,салған ізі сөйлейді. (кітап
4.«Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін...»деп бата берген кім? (Әйтеке би
5.Бес дұшпанды ата (өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек ,бекер мал шашпақ
6.Ұр ,тоқпақ, қандай ертегі түріне жатады (қиял ғажайып
7.Үй жануарларының пайдасы туралы әңгімеле.....(сүтін ішеміз,етін жейміз,т.б
8.Алтын ұяң Отан қымбат... деп басталатын ақыл сөзді кім айтты (Қазыбек би
3 кезең «Сандар сөйлейді»
І – топ «Алғырлар»
1.10 см.= (1 дм
2.35 санды разряд бөлшектерін жікте (3 онд.5бірл,
3.көрнекілікпен жұмыс (қоянның тапсырмасы 30-10, 25+10, 40+20, 80-50;
4.1 сағ қанша мин тең ? (60 мин
5.Екі қолда қанша саусақ бар,он қолда ше? (10,50
6.Сыңарын тап (көрнекілікпен жұмыс
7.Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең).
2-топ: «Зеректер»
1.5 дм = (50 см
2.Қосудың ауыстырымдылық қасиеті 5+(3+2) = ((5+3)+2= ,(5+2)+3=
3.Аюдың тапсырмасы теңдеу шешу ... (х-20 = 40, 50+х= 60
4. Теңдік құру 7,8,15 (7+8, 8+7, 15-8, 15-7
5.1 кг мақта және 1кг темір қайсысы ауыр? (бірдей
6.Қар жинау ( 1 сағ 20мин= мин , 70мин = сағ
7. Қарама- қарсы қабырғалары тең геометриялық пішінді қалай атаймыз? (тік төртбұрыш
4.«Ойлан,тап!»
І – топ «Алғырлар»
1.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? ( қатаң, ұяң,үнді
2.Мәтіннің түрлерін ата (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау
3.Ребусты шешу (
4.Сұраулы сөйлем дегеніміз не? (Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем
5Адам өміріне не қажет? (ауа ,су,жарық,жылу,тамақ
6.Тірі табиғатқа не жатады? (адам,жан-жануар т.б
7.Ауаның негізгі қасиеті? (түссіз,дәмсіз,иіссіз. көзге көрінбейді
8.Сұлба дегеніміз не? (бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі
2-топ: «Зеректер»
1.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (жуан,жіңішке
2.Сөйлем дегеніміз не? (Сөйлем аяқталған ойды білдіреді
3.Ребус шешу (
4.Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (Бірдеңені хабарлау мақсатында айтылатын сөйлемді атаймыз
5.Көкжиектің неше тұсы бар? (4 оңтүстік,солтүстік,шығыс,батыс
6.Өлі табиғатты ата (тау,тас
7.Судың негізгі қасиеті? (мөлдір, түссіз,дәмсіз,
8.Масштаб дегеніміз не? (белгілі бір заттың көлемін кішірейтілген саны
5.«Сурет сыры»
Геометриялық пішіндерден құрастыру
І – топ: «Алғырлар» (сурет арқылы қимыл жасау).
33
2-топ: «Зеректер» (сурет арқылы қимыл жасау).
Қорытынды:
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
«Тапқыр достар» сайысы аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
«Алғырлар» тобы ұпай.
«Зеректер» тобы ұпай
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Бастауыш сынып мұғалімі Есекенова Гуламза Достиковна
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 2 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Сөз белгілі бір заттың, құбылыстың,сын-сапаның т.б. атауы екенін ұғындыру,сөздің өзіне
тән мағынасы болатынын байқату.
Сабақтың міндеттері :
Білімділік: Оқушылардың сөз туралы білімдерін молайту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін дамыту,көркем жазуға баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдемі, сыпайы сөйлеуге,ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,оқулық, қуыршақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,көрнекілік, сұрақ-жауап,ойын.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Психологиялық сәт.
Әкел досым,қолыңды.
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек?
Көрсет қане соныңды.
Баққа бірге кірейік.
Қол ұстасып жүрейік.
Татулықтың белгісі.
Кел, қосылып күлейік:
Ха-ха-ха-ха-ха-ха!
3.Тірек білімді еске түсіру.
Әлемдегі бар дүние түрлі нәрселерден құралады.Мысалы: бұлттар- су тамшыларынан,орман ағаштардан
тұрады. Біздің сөйлеу тіліміз- сөйлемдер-
ден,ал сөйлем нелерден құралады? Бұл сұраққа жауап беру үшін Алдаркөсе
мына өлеңді оқығандарың дұрыс деп ойлайды.
Теңіз де тартылады,
Мұхит та сарқылады.
Құлайды орман-тоғай,
Қирайды орда-сарай.
Жер болып тау шөгеді,
Жайқалған бау семеді.
Көз жастан қақ қалады...
Сонда не сақталады?
Мәңгілік ( ........ ) қалады?
Ханмен кездесу
Ханның 3 сұрағы қойылады.
- Сөз нелерден құралады?
- Дыбысты не істейміз?
- Әріпті не істейміз?
Алдардың жауабы
Ханның сыйы
Хатты оқу
Қызығушылықты ояту. Қазір «Желтоқсан» сөзіндегі әріптерден сөз теріп
34
ойнаймыз.Үлгі: ал,жел,ел,тоқ,сан,оқ,тоқсан т.б.
Алдардың сыйлыққа шығуы
Көркем жазу сәті. Кк сөз сақина самаурын
жолда кездесетін тапсырма 1,2,3
Оқулықпен жұмыс. 232-жаттығу Әр бағанда не жазылғанын оқып, бір-
бірінен өзгешелегін тап.
ш р е
ша се
бақа шана
т а қ б
ра ба қа
себет қара
н с
бе на
(Алдардың сөзі) Сөз – заттың, сапаның, қимылдың,санның атауы. Мысалы: ай,күн,әдемі, жиырма,
ойнады,оқушы.
заттың
Сөз
сапаның
атауы
қимылдың
Сергіту сәті. «Мен Алдармын»
Алма сатып тұрған байдың тапсырмасы
233-жаттығу Көп Алманың орнына тиісті әріпті қойып,бірнеше сөз жасап
жаз.Сөз мағынасы неліктен өзгерді деп ойлайсың?
..... ...........
ж
..... л
жа
............
.....
...........
..... ............
Байдың екінші тапсырмасы
234-жаттығу.Сөздерді білдіретін мағынасына қарай топтап жаз және сұрақ
қой. Үлгі:
адам сұр жиырма жүзді
Сарайдың қақпасының тапсырмасы Сөзжұмбақты шешу.
1.Көл жағасында өсетін шөп ( құрақ)
2.Адамның дене мүшесі ( құлақ)
3.Сүттен жасалатын тағам ( қатық)
4.Ыдыс ( қасық)
1
2
4
3
235-жаттығу Жұмбақты шеш.
Адассаң ал қолыңа,
Бағыт сілтер жолыңа.
( …........... )
«Көп сөз тауып көрейік » тренингі.
Ыдыстар: кесе,қасық,қазан,ожау т.б.
Құстар:
Аңдар:
Үй жануарлары:
5.Ой толғаныс. Жаңа тақырыпты қорытындылау.
Сөйлем неден құралады?
Сөз неден құралады?
Сөз дегеніміз не?
Жақсы балалар, енді сабақ барысында жинаған жетондарымызды санап, сол бойынша білімдерімізді бағалайық.
Үй тапсырмасы
Күнделікті ашайық,
Қолға қалам алайық,
Қане,қане тез ғана,
Үй жұмысын жазайық.
Үйге: 236-жаттығу,ережені жаттау.
Алдардың сыйы Бүгінгі сабаққа арнап Бізбикеш сендерге сыйлықтар, яғни асықтар әкеліпті. Қане, сол
сыйлықтарды қабыл алыңдар.
Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
* * * * *
35
|