Көрнекілігі: Плакатқа жазылған «Жастық шақ-даналықты меңгеруге арналған уақыт» атты бас тақырып
және М.Жұмабаевтың сөзі «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін»
Мақсаты: -Оқушыларға адам өмірінің ең бақытты,ең сәулелі кезеңі- жастық шағын өкінбестей өткізуге осы
шара арқылы ой салу;
-Жасөспірімдік шақтағы ішкі толғаныстары туралы пікірлесу;
Жат қылықтардан аулақ болып,салауатты өмір салтын ұстануға бағыт-бағдар беру; -Қоршаған ортада өзін ұстай
білуге,өзгелердің пікірімен санасуға үйрету; -Қолда бардың қадірін түсінуге баулу;
- Өзін-өзі тәрбиелеуге,өз-өзінің бағасын сезінуге үйрету, өмірден өз орнын таба білуге бағыттау.
Міндеттері:
1.Әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін-өзі тәрбиелеу туралы даналық пікірлермен
таныстыру
2. Рухани құндылықтардан ғибрат алуға үйрету
3.
Күнделікті өмірдегі мән бере бермейтін ұсақ-түйек нәрселер- адам өмірінің өткен шағы есебінде тарих
бетінде қалатындығына назар аударту
4.Оқушылармен бірге ереже жасау, жобалар құру т.б.
Барысы:
1.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық
2.Қонақтармен таныстыру
3.Тақырыптың мақсат-міндеттерімен таныстыру.
4.Топтарға бөлу
5.Слайд арқылы адам өміріне қатысты суреттерге байланысты ой-толғау
6.Жағдаяттарды шешу
7.
Қонақтарға сөз беру
8.
Жоба қорғау «Мәңгілік жастық мекені» 9.Ереже дайындау «Өмірің өз қолыңда» 10.Сарапшылар
пікірі 11.Қортынды сөз
Кіріспе сөз.Қадірлі қонақтар,ата-аналар,құрметті ұстаздар және біз үшін ең қымбат жандар-біздің болашағымыз
осы залда отырған жастар! Бүгінгі дәстүрден тыс ұйымдастырылған “Жастық шақ-даналықты меңгеруге
арналған уақыт”тақырыбындағы ой-пікір бөлісу ашық алаңына қош келдіңіздер. Алдымен мына түстерді
таңдап,сол таңдаған түстеріңіз бойынша үстел басына жайғасуларыңыз сұралады. Ортамызда ешқандай бөгет
болмас үшін осы залда отырған баршамыз Дәрібаевтар жанұясының шығарған «Өміріңе немқұрайлы қарама»
әнін бірге орындайық. (Рахмет) Жастық шақ- адам өмірінің ең қымбат та, ең бақытты, ештеңеге алаңдамайтын
ұмытылмас шағы. Адам өзін өзгелерден ерекше қылып көрсетуге тырысатын уақыты да осы кез.“Армансыз
адам-қанатсыз құспен тең” деген халқымыз. Кейбір жастардың келеңсіз немесе сәтсіздікке жиі ұшырап
қалатыны да осы кез. Қазіргі уақыт өте жылдам өтуде, көз ілеспес шапшаңдықпен техника да
дамуда.Қамшының сабындай осы қысқа ғұмырды өткізіп алмас үшін барды бағалау, уақытты дұрыс
пайдалану,заман көшінен қалмау бүгінгі күннің басты талабына айналды. Сонымен,
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты, Мен
жастарға сенемін»- деп ұлт мақтанышы Мағжан Жұмабаев жырлағандай,отырған жастардың ішінде
айбатты,қайратты болашақтың іргетасын қалайтын тұлғалардың отырғанды-ғына біз сенеміз.Бүгінгі тақырып-
барлығымыз үшін маңызды, әрі тақырып бойынша қонақтары-мыздың да лебіздерін өз кезегінде тыңдайтын
боламыз. (қонақтармен таныстыру)
Түстер бойынша топтар орналастырылады.
«Балалық шақ» (ақ түс), «Жасөспірімдік шақ»(жасыл), «Жастық шақ»(қызыл), «Орта жас кезеңі»(көк),
«Қарттық»(сары)
Адамның өмірі шартты түрде бірнеше жас шамасына бөлінеді. Туылған күннен 14 жасқа дейін — балалық
кезең; 15 жастан 18-ге дейін — балиғатқа толу кезеңі; 18 жастан 60-қа дейін ересек кезең болады. Одан кейін
қартаю кезеңі басталады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының жіктемесі бойынша: Адам 14 жасқа шейін балалық шақ; 15-17 жас
аралығы- жасөспірімдік кезең; 18-44 жасқа дейін жастық, 45-59 жас орта жас,
60-74 жас москал тартқан, 75-89 жас қарттық кезең.
Өздеріңіз куә болып отырғандай,адам өмірінің кезеңдеріне байланысты топтарға бөлдік. Енді осы топтардың
жұмыстарына сараптама жасайтын ұстаздар тобымен таныстырайын. Мектебіміздің жоғары
61
білімді психолог мамандары Жанар Нұрланқызы мен Әсел Шайзадақызы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру
ұлттық орталығында “Педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші
базалық деңгей бағдарламасы бойынша” курстан өтіп келген биолог маман Жанат Жұмабайқызы.
I. Топтарға тапсырмалар ( мәтіннен үзінді беріледі.)
1.«Балалық шақ» тобына Мұқият
оқып шығыңдар. Бір ғұлама
өзеннің қасында отырып күннің ыстығына шыдай алмай су ішкісі келген итті көреді. Бір қызығы: ит судың
қасына келіп, су ішейін деп жатқанда, ішпей судан қашады. Осылай 3-4 рет қайталанған соң, ғұлама, иттің
судағы өзінің бейнесінен қорқып су ішпей қашатынын түсінеді. Ақырында, шөліне қарсы тұра алмай ит өзенге
жүгіріп барып түседі де, судағы бейнесін көрмеген соң, шөлін қандырып су ішеді. Осы орайда ғұлама.....
Әңгімеден не ұқтыңдар,өз пікірлеріңді білдіріңдер! 2.
«Жасөспірімдік шақ» тобына
Мұқият оқып шығыңдар.
Бір жігіт данышпан қарияға келіп қанша талпынып талаптанса да, қаржыдан қысылып, дүниеге жарымай
жүргенін баяндапты. - Сірә, менің
маңдайыма осындай таршылығы мол тағдыр жазылған шығар.. - Талпынып талаптанған
адамның табысқа жетпеуі мүмкін емес, сенің қателігің соны түсінбеуде жатыр,- дейді қария.
Сонан соң данышпан жігітті өзен жағасына алып келіп, өзімен бірге суға алып түсіпті. Адам бойламайтын терең
жеріне алып келіп, басынан ұстап, төменге басыпты. Алғашқыда шыдап көруге тырысқан жігіт, болмай бара
жатқан соң, жоғары шығуға ұмтылыпты..... Әңгімеден не ұқтыңдар,өз пікірлеріңді
білдіріңдер. 3. «Жастық шақ» тобына
Мұқият оқып шығыңдар. Қарт пен қап
Бір жігіт әйелі құлағын жей бергеннен кейін әкесін қапқа салып, алыс тауға апарып тастайды. Әкесіне: “Кешір,
жағдай осындай болып қалды. Сені үйдегілер жақтырмай жатыр. Ал мен балаларымды қайтіп тастаймын” -
дейді. Әкесі оның халін түсініп: “Ешнәрсе етпейді, балам, бара ғой, тек мына қапты ала кет” - деп қапты
ұсынады. Әкесі не айтты деп ойлайсыздар, өз ойларыңызды
айтыңыздар.
4.
«Орта жас кезеңі» тобына Теңіз
жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді.
Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын
байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен. -Сен не
істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі. -Бұлар ертең су
қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап. -Бұл ақымақтық қой!,-
дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе
өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма? Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына
алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:
-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе …мына бір теңіз жұлдызы үшін,- депті.
Әңгімеден не ұқтыңдар,өз ойларыңды білдіріңдер.
II.Топтарға кезек_
Ж: Ойлағаныңыз тек оң болсын,
өйткені ойлағандарыңыз - сөздеріңіз болады.
Сөздеріңіз тек оң болсын, өйткені
сөздеріңіз - әрекетіңіз болады.... Кім дайын екен? Кезекпен тапсырмалар бойынша өз ойларымызды айтайық.(
Топтардың ішінен біреуі берілген тапсырмалар бойынша өз түйгендерін баяндайды. Сарапшылар қадағалап
отырады.) III. Слайдқа назар
аударалық.
Өздеріңіз көріп
отырғандарыңыздай,адам өмірінің балалық шақтан бастап кезеңдері суретті бейнеленген. Осы суреттерге қарап
өз ойларыңызды білдірулеріңізді өтінемін.
IV.Даналар өмірінен ғибрат алайық! (слайд арқылы)
V. 5.1.Ислам діні жастық шақ туралы ( имамға сөз беріледі.)
Жастық шақ өте маңызды болғандықтан Ислам діні әрқашан әртүрлі әдістер арқылы осы жылдардың жемісін
пайдалануды қуаттайды. Жастық шақтың құндылығының басқа кезеңдермен салыстырғанда жоғары болғаны
сондай, Имам Әли (ғ.с.): «Екі нәрсенің қадірі мен құнын олардан айрылған адамнан басқа ешкім
түсінбейді: біріншісі жастық шақ, екіншісі денсаулық»,- деп айтқан екен..
5.2. Жастық шақ және денсаулық ( дәрігерлерге сөз беріледі.)
«Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің,
Отыз тістің қадірін қақсағанда білерсің»- дегендей осы кезеңге тән адам бойындағы жақсы,жаман нәрселер
туралы мамандар пікірлер тыңдалады. 5.3.
Жастық шақ және еліктеушілік ( құқық қорғау органдарының мамандары, МАИ қызметкер-лерінің пікірлері)
5.4. Жастық шақ және БАҚ ( жергілікті газеттің редакторына сөз)
VI.Жоба қорғау
62
«Мәңгілік жастық мекені»
.-Ерте-ерте, ертеде адамдар құсқа ұқсап ұшуды, алысты жақын етуді, теңіз, көлдердің үстімен жүруді, отынсыз
тамақ пісіруді, су түбіне жүзіп,ондағы тіршілікті білуді қиялдапты. Сол қиялдар бүгінгі таңда адамның білімі,
даналығы, талабы, еңбегі арқылы шындыққа айналып отырғанына өздерің куәсіңдер. Ал енді топтарға
тапсырма ой- қиялдарыңызбен «Мәңгілік жастық мекені» атты жоба жасау тапсырылады. ( Уақыт шектеулі
мин. )
VII.Ереже қабылдау «Өмірің өз қолыңда» Әрекетіңіз
тек оң болсын, өйткені әрекетіңіз -
әдетіңіз болады. Әдеттеріңіз тек оң болсын,
өйткені әдетіңіз - құндылығыңыз болады.
Құндылығыңыз тек оң болсын, өйткені
құндылығыңыз - тағдырыңыз болады- дегендей, күнделікті өмірімізді жоспарлай білсек, жастық шақта көп
жетістіктерге жетуге болатындығына өмірдің өзі дәлел.
VIII. Сарапшылар пікірі
IX. Қорытынды. Сөз соңында,назарларыңызды мына сөздерге аударғым келіп тұр:
“Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол
адамдардан тұру керек”-деген екен ел президенті Н.Ә.Назарбаев.Ендеше,бойында жастық жалыны
маздаған,күш-қайраты тасыған,жаңалыққа құмар, ұлтымыздың ұлылығын асқақтатар жастарымыздың жігері
жасымасын.Ел келешегінің шырайын шығарар намысты ұлдарымыз бен қылықты қыздарымыз көп
болсын.Келесі жарқын күндерде жүздескенше!
* * * * *
«ҚЫЗЫЛ МИЯ-САҚТЫҢ, ЯҒНИ СКИФТІҢ АЛТЫН ТАМЫРЫ»
№201 орта мектеп. Мектепішілік «Зерде» ғылыми жобасы
Секциясы:Дүниетану Жоба қорғаушы: Шайділда Мақсат
Сыныбы: 1«б» Жетекшісі: Шалқымаева Ұлбосын
1.Кіріспе. Қызыл мия –шөптесін өсімдік.
Мен жоба қорғаушы Шайділда Мақсат1«б» сыныбында оқимын.Жобамның тақырыбы «Қызыл мия -сақтың,
яғни скифтің алтын тамыры» деп аталады.Бұл тақырыпты зерттеуге алған себебім ,ауылымызда қызыл мия
тамырын өңдейтін зауыт салынып ашылғалы жатқанын үлкендерден естідім.Менің әкем мал бағумен
айналысады.Малға мияны орып әкеліп береді,қысқа дайындаған шөптерінің ішінде де мия шөбі кездеседі.Оның
кепкен түрін осы кезде мал қорадан көп көріп жүрмін.Сондықтан,мені қызыл мия тамырын өңдеуге байланысты
әңгімелер қызықтырып , зерттей бастадым. Қызыл мия өсімдігінің адам денсаулығына
емдік шипасы мол дәрілік шөп екені баршаға мәлім. Біздің дәуірімізге дейінгі 426-484 жылдары бұл дәрілік
өсімдік жайлы ежелгі грек тарихшысы Геродоттың өзі қызыл мия тамырының мың сан дертке дауа екенін
айтқан екен. Тіпті бұл шөптесін өсімдікті “Сақтың, яғни скифтердің алтын тамыры” деп әспеттепті. Ал қазіргі
уақытта дамыған медицинада бұл көптеген дертке дауа екені дәлелденіп отыр екен.
2.Негізгі бөлім. а)Қызыл мия -сақтың, яғни скифтің алтын тамыры . Қызыл м ия – бұршақ тұқымдасына
жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өседі. Қазақстанда
қызылмияның 5 түрі кездеседі екен.Әсіресе,олар Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі.
Биіктігі 80 – 100 см-дей, тамыры жуан болады. Сабағы тік өседі, жапырақтары қандауыр тәрізді, қарама-қарсы
орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе
вегетативті жолмен көбейеді. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі –
қабықты бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2 – 3 жылға дейін
тіршілігін жоймайды. Қызылмия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы,
органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде
қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.
ә)Қызыл мия –дәрі. Айта берсек, бұл өсімдіктің адам ағзасына тигізер пайдасы орасан зор.Мияның тамыры
дәрі,оны көктем мен күзде қазып алып,ұсақ,шашақ тамырларын қиып алып тастап,жуып-тазалап
кептіреді.Шикідей немесе бал қосып жасалатын дәрілердің құрамына қосады.Қолқа демікпесін емдеуде бұл
тамырдың алатын орны өте үлкен. Дененің ыстығын басып, уытын қайтарады. Көкбауырды күшейтіп,
әлдендіреді. Өкпені дымқылдандырып, жөтелді басады. Кеудені босатып, қақырық түсіруге көмектеседі,
дәрілерді теңестіреді. Денедегі ыстықты басуға пайдаланады. 1. Қолқа
демікпесіне берілетін глициам дәрісі осы қызыл миядан жасалады. Түрлі тері ауруларына, аллергияға, асқазан
жараларына, ішектердің созылмалы сырқаттарына тиімді дәрі ретінде белгілі. Нақтылап айтқанда, қолқаны
тазалап, қақырық түсіруге, жөтелді бастыруға 30 г мия тамыры, 15 г қылша, 15 г өгейшөп гүлі, 15 г қарағай
бүршігі, барлығын қосып, жарты литр суға қайнатып, 40 минут бұқтырады. Астан бұрын күніне үш рет ішеді.
Бір қайнатқанды екі күннен асырмау керек. Бір емделу мерзімі 15-20 күн.
2. Асқазан және он екі ішек жарасына 31 г ақ жүрек, 30 г балмен өңделген қызыл мия, 16 г тырнақ гүлді
63
қосып араластырып, әр жолы 3,5 грамнан қайнаған сумен ішеді.
3. Жұтқыншақ қабынып, өкпенің ыстығы көтерілсе, жөтел қысса шикі қызылмия, қоңырау гүл, ошағанның
әрқайсынан 9 грамнан қосып, суға қайнатып ішеді.
4. Адам көтеріліп, есі ауысып ауырғанда 31 г тамырдан, солыңқы бидай (дәні толық піспей бүрісіп қалған) 9 г,
өңделген мия тамырынан 9 г, шылан ағашының 6 дана жемісі, сарана гүлінен 18 г, қарабас шөбінен 12 г, ерте
заманда өлген жануарлардың тасқа айналған сүйегінен 9 г қосып, суға қайнатып, ішеді.
5. Бұзылған тағамдардан уланған кезде: шикі қызыл мия мен бұршақтың әрқайсынан 31 грамды суға қайнатып,
ішу керек.
6. Қызыл мияны көз мөлшермен өлшеп, қалыптан асырып алуға болмайды. Ол шамадан асып кеткен жағдайда
дене ісінеді. Ет пен терінің арасында натрий қышқылы жиналады. Жоғарыда аталған өсімдіктерден басқамен
қосуға да болмайды. Демек, әр дәріні өз мөлшерімен ыңғайына қарап қабылдағанда ғана тиімді болатынын
ұмытпаған жөн.
б)Қызыл мияны ысырыпсыз пайдалану мен өңдеудің адам өміріндегі маңызы
Аталмыш өсімдік біздің елімізде, оның ішінде көп бөлігі Қызылорда облысы аумағында өседі деп ауыз
толтырып айтқанымызбен, оны әлі де өз пайдамызға жарата алмай, құрдымға жіберіп жатқанымыз
қынжылтады. Осыдан бірнеше жыл бұрын, яғни “Батыс Европа-Батыс Қытай” халықаралық дәлізінің құрылысы
басталған тұста Сыр жұртшылығы қызыл мияның құрдымға кетіп жатқанын айтып, бір шу көтерген болатын.
Себебі сол уақыттарда иесіз жатқан ен дала құрылыс алаңына айналғанда техникалар сыр бойындағы санаулы
ағаштарды аударып тастады. Оның арасында өзі аз әрі аса құнды саналатын қызыл мия өсімдігінің біраз бөлігі
де келмеске кетті. Осы жәйтке орай аймағымызға іс-сапармен келген халық қалаулыларына тұрғылықты халық
сауал тастап, табиғатты қорғауға қол ұшын созуды сұраған болатын. Бірақ аталмыш мәселеге орай қандай
шешім жасалғаны бәрімізге беймәлім күйде қалып келе жатыр.
Алайда биыл қызыл мияға қырғидай тиюшілер шетелдік компаниялар ғана емес, өз арамызда да бой көрсетіп
отыр. Өзен бойын жағалай қоныстанған халық жыл басынан бері қос-қос жүк көліктерімен келген соқталдай
жігіттердің өзі құрдымның аз-ақ алдында тұрған қызыл мия өсімдігін тамырымен қопарып әкетіп жатқанын
айтып дабыл қағуда. Өңір жұртшылығының сөзіне құлақ түрсек, бұл өсімдік медицина ғылымы жоғары
қарқында дамыған көршілес Қытай сынды шет мемлекеттерде зор сұранысқа ие екен. Бағасы да аспандап
тұрғанға ұқсайды. Сондықтан да оңай табысқа кенелуді көздеген кейбір бауырларымыз туған жеріміздің
табиғатын аяусыз тонап, бар байлығымызды сыртқа тасумен әлек.
Өкініштісі сол, мұндай бассыздықты көре тұра көз жұма қарап отыр ма, әлде бұл жәйттен бейхабар ма, әйтеуір
табиғат - ананың байлығын тонаушыларға «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа табылмай отыр. Жергілікті
атқарушы билік тарапынан қандай да бір шара көрілмей тұр. Ал контрабандалық жолмен қызыл миядан қып-
қызыл табысқа кенелуді көздеушілер дәрілік өсімдікті «Камаз-камазбен» тасуын тоқтатпақ емес. Бұлай жалғаса
берсе, табиғат-ана берген байлығымызды шет ел асырып, ертеңгі күні бармағымызды тістеп қалмасымызға кім
кепіл.
Ендеше ,алтынға бергісіз байлығымызды шет елге тасуға жол бермеу үшін, біздің ауданымызда қызыл мияны
игеретін арнайы өндіріс орны ашылмақшы . Қызылорда облысы Жалағаш ауданында өңір басшысы Қырымбек
Көшербаевтың қатысуымен қызыл мия өсімдігінің тамырын өңдейтін зауыттың іргетасы қаланды.
Зауытты «БИС-групп» ЖШС бірлескен кәсіпорны салып бастады.Қызыл мия тамырынан ерітінді дайындайтын
кәсіпорынның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, іске қосылады деп күтілуде. Аймақтағы iрi жобалардың
бiрi-бұл зауыттың жалпы көлемi 10 гектар жерге орналасқан. Зауыт үш бөлiктен тұрады. Жоба құны 1 887
миллион теңге тұрады.
Кәсіпорынның бас директоры Ділдахан Ахметовтің мәлімдеуінше, жоба еліміздің индустриялық-
инновациялық бағдарламасына енген және оның өнімдері 100 пайыз экспортқа бағытталатын болады.
Мамандар зауыттан шығарылатын қызыл мия тамырының ерітіндісінен бөлек, 1200 түрлі медициналық
препаратқа қажетті шикізат әзірлейтін болады. Әлемдік нарықта қызыл мия тамырына Германия, АҚШ, Түркия,
Жапония елдері ерекше сұраныс танытып отыр. Зауыт толық қуатына шыққанда 320 адамды жұмыспен қамту
жоспарлануда.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев инвесторларға жобаның жүзеге асуына жергілікті билік тарапынан барынша қолдау
жасалатынын мәлім етті. Ал Жалағаш ауданының әкімі СерікСермағанбетовке жоба толық іске асқанға дейін
оны жіті бақылап, қолғабыс етуді тапсырды.
Қазақта «қасқалдақтың қанындай тапшы» деген сөз бар. Дәл сол секiлдi қызыл мия тамырынан сығып
алынған шырын тамақ өнеркәсiбi, косметика, медицина саласында кеңiнен қолданылады. Ал өндiрiлген өнiмнiң
қалдығын ауылшаруашылығы саласына мал азығы ретiнде жаратуға аса пайдалы саналады. Демек, қалдықсыз
өнiм өндiрiп, Қытай, Ресей, Жапония секiлдi алпауыт елдермен әрiптестiк бағытта жұмыс жасайтын зауыттың
келешегi зор. Әрине, жылына миллиардтаған салық түсiрiп, үш жүзге жуық адамды жұмыспен қамтитын
зауытты өз аумағында салуға барлық аудан басшылары құмартып едi. Алайда, зауыттың басшысы айтқандай,
Жалағаш ауданының әкiмi бiрiншi кезекте барынша қолдау көрсетiп, әкiмгершiлiк кедергiлердi туындатпай,
мәселенi жедел шешiп берген. Бүгiнде зауытқа ауданның 47 азаматы жұмысқа орналасты. Жоба бойынша зауыт
2015 жылдың алғашқы тоқсанында пайдалануға берiледi.
64
|